Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 19:09, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты талдауға кіріскенде, алдымен нарық деген ұғымды түсініп алуымыз қажет. Өйткені, бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық мәнін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады.

Работа содержит 1 файл

сұраныс пен ұсыныс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

      Ұсыныс  функциясын толығырақ талдау үшін уақыт  факторын да есепке алған жөн. Әдетте, өте қысқа мерзімді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бөліп көрсетіледі. Өте қысқа мерзімді уақытта өндірістің барлық факторлары тұрақты болып табылады, қысқа мерзімді уақытта бірқатар факторлар өзгермелі (шикізат, жұмыс күші және т.б.), ал ұзақ мерзімді уақытта барлық факторлар өзгермелі (өндірістік қуаттар, саладағы фирмалардың саны және т.б.) болып табылады.

                             

      Сурет 2.6 Өте қысқа мерзімде (а), қысқа мерзімде (б) және ұзақ мерзімде (в) баға мен ұсыныс көлемінің өзгеруі

      Нарықтың  өте қысқа мерзімді кезеңі жағдайында сұраныстың өсуі (төмендеуі) бағаның өсуіне (төмендеуіне) алып келеді, ал ұсыныс көлемі өзгеріссіз қалады (сурет 2.6 a). Қысқа мерзімді кезең жағдайында сұраныстың артуы кезінде бағалар да және өндіріс көлемі де өседі, өйткені фирмалар өзгерген сұранысқа байланысты бірқатар факторларды өзгертіп үлгереді (сурет 2.6 б). Ал ұзақ мерзімді кезең кезінде сұраныстың өсуінен ұсыныс көлемі оған қарағанда едәуір ұлғаяды, ал бағалар бұл жерде өзгере қоймайды немесе мүлдем өзгермейді (сурет 2.6 в).

      Біз енді сұраныс пен ұсыныс мәселесін  жеке жеке талдап алғаннан кейін, олардың  өзара әсерлесуін қарастыруға көшеміз. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының  бір жазықтықтың бойында қиылысуы кезінде сұраныс пен ұсыныс теңеседі де нарықтық тепе – теңдік пайда болады. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуын кейде «Маршалл кресі» деп те атайды. Өйткені, кезінде неоклассикалық теорияның негізгі өкілі Альфред Маршалл (1842 – 1924 жж.) өзінің 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» деген еңбегінде алғаш рет микроэкономикалық тұрғыдан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану және пайдалылықты арттыру мәселесін қарастыра отырып сұраныс, ұсыныс, баға және нарықтық тепе – теңдік деген ұғымдарды қолданған деп айтылады. Сондықтанда, бұл жерде А. Маршаллды микроэкономиканың атасы деп айтуға толық негіз бар.

      Бірақ нарықта сатып алушылар мен сатушылардың келісімді жүзеге асыруға дайындықтары әртүрлі болып табылады. Нақты  келісім-шарт (сату-сатып алу) берілген ағымдағы бағамен белгілі бір  игілікті сатып алу көлемі мен сату көлемі теңескен жағдайда ғана орындалады және де сол сияқты, сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы теңескен жағдайда да орын алады. Егер, сұраныс қисықтары мен ұсыныс қисықтары  нарықтың қатысушылары бір бірімен өзара айырбас операциясына түсу шартын көрсетсе, онда бұл қисықтардың өзара әрекеттері тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемі түрінде айырбасты жүзеге асырудың нақты кәдімгі нәтижесін де сипаттайды. Оның графикалық көрінісі төменде көрсетілген (сурет 2.7). Графикке байланысты, Тепе-теңдік нүктесі Е әрпімен беріледі (латынның Equilibrium сөзінен). Сол тепе-теңдік нүктеде тепе-теңдік баға:

      PE = PS = PD, (мұндағы, PE — тепе-теңдік баға; PS — ұсыныс бағасы; РD — сұраныс бағасы) және тепе-теңдік көлем:

      QE = Qs = QD, (мұндағы, QE — тепе-теңдік көлем; QS — ұсыныс көлемі; QD — сұраныс көлемі) қалыптасады. Нарықта қалыптасқан мұндай жағдайды нарықтық тепе – теңдік деп атайды.

        Р  

                  D  S

        

        PE                       Е (Equilibrium) 
 
 

        0 

                                                           QE Q

                                Сурет 2.7 Нарықтық тепе – теңдік

      Сонымен, нарықтық тепе  – теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік баға және тепе – теңдік көлем табылады.

          Тепе–теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе – теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады.

1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын PmaxEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (PE) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (Pmax) төмен екендігін көрсетіп тұр.

2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын PminEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Сәйкесінше, 0PEEQE ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0PminEQE тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады. 

 Р

                                        Рmax Тұтынушының ұтымы

      S 
 
 
 
 
 

 PE Е Өндіріс шығындары 

                                        Pmin 

            D 

      0                QQ

      Өндірушінің ұтымы

          Сурет 2.8 Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы және өндіріс шығындары.

      Нарықтың  даму шеңберінде сатушылар мен сатып  алушылар өзара бейімделу үстінде  болады. Бұл жерде бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар қажетті ақпараттармен тез алмасуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, нарықтағы бағалар нарықтық тепе-теңдікті үнемі ауытқытып отырады. Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады (сурет 2.9). Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P1 > PE және QS > QD болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалытасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P2 > PE және QD > QS болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады. Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.

                                     Р D S

                                                   артықшылық 

             P1 A  B 

        PE                               Е 

                                            P2  

                                                              C                          F

            0 тапшылық 

                                                                     QE Q

    Сурет 2.9 Нарықтық тепе – теңдік және одан ауытқу (артықшылық пен тапшылық)

      Біз енді білеміз, кез келген тауар нарығында  икемді бағалардың көмегімен өзгеріп  отыратын сұранысқа ұсыныстың тұрақты  түрде бейімделіп отыруы жүріп отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ, бара бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Классикалық мектептің өкілдері, жоғарыда атап өткендей, сұраныстың пен ұсыныстың өзара бағалық және көлемдік жағынан бейімделуі арқылы нарықтық тепе-теңдіктің үнемі қалпына келіп отыруын бақылай отырып мынадай тұжырымға келген: нарық – бұл жоғалған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіріп отыруға қабілеті бар өзін өзі реттейтін жүйе. Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.

      Вальрас бойынша тепе –  теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі (сурет 2.10a). Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады. Егер P1 бағасы кезінде Q2 – Q1 аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанша дейін баға РЕ бағасына қарай көтеріле береді. Ал егер P2 бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде артықшылықтың жойылуына алып келеді. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:

QD (P) = QS (P)

      Маршалл бойынша тепе –  теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады (сурет 2.10ә). Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын алады. Егер  Q1 көлемі кезінде P2 сұраныс бағасы P1 ұсыныс бағасынан артық болса, онда сатушылар артық пайда алуға ие бола отырып ұсыныс көлемін арттыруға ынталы болады. Нәтижесінде Q1 ұсыныс көлемі QE ұсыныс көлеміне дейін ұлғайып баға PE бағасына дейін төмендейді де нарықтық тепе-теңдік орнайды. Және керісінше, егер Q2 көлемі кезінде P3 сұраныс бағасы P2 ұсыныс бағасынан төмен болса, онда сатушылар ұсыныс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Сөйтіп сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңесуі арқылы Маршалл бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:                          PD (Q) = PS (Q) 

 P      ұсыныс артықшылығы P D                    S

      PS          P2

      A L E

PE

          PE  P3 

 K B    P1

      P1                                         D

                  сұраныс артықшылығы

            0      Q1                 QE          Q2   Q        0           Q1     QE  Q2 Q

         а) Вальрас бойынша                                   ә) Маршалл бойынша

                    Сурет 2.10 Нарықтық тепе – теңдіктің  қалыптасу тұжырымдары

      Нарықтық экономиканың дамымаған жағдайында ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болады (сурет 2.11a), ал сәйкесінше, ұсыныс көлемі де сұраныс көлемінен артық болуы мүмкін (сурет 2.11ә). Бірінші жағдайда, сатып алушылардың белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алу үшін төлей алатын максималды сұраныс бағасы сатушылардың ұсына алатын минималды бағасынан төмен болып тұрғанын байқаймыз, олай болса бұл берілген тауар немесе қызмет үшін әлі нарық қалыптаспаған: сатып алушылар осы тауарға сұраныс білдіруге әлі де болса сондай қабілетті немесе ауқатты емес. Ал екінші жағдайда, сұраныстың максималды көлемі ұсыныстың минималды көлемінен төмен болып тұр. Сұраныс көлемінің сондай төмен болуынан өндірушілерге берілген тауардың көлемін сату тиімсіз болып табылады. Яғни, графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдіктің дәстүрлі моделінен тыс нөлдік бағалар немесе нөлдік көлемдер кезінде туындайтын ең шеткі (сирек кездесетін) тепе-теңдіктің моделі де болатынын айтуға болады. Бұл модель нарықтық емес жағдайларды сипаттайды. Сурет 2.11 Нарықтың ең шеткі (сирек) тепе-теңдіктері

  Р                                                     P     

       S D S 
 

              PS

              PD

         D 
 

      0                                              Q 0                 QD           QS                Q

                                        a) РS > PD                                                          ә) QS > QD

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс