Шағын және орта бизнес курсовая

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................5
1 Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың
объективті қажеттілігін
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.................................................................6-9
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............9-11
2 ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы................................12-18
2.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы
елдердің тәжірибесі ........................................................................................17-23
3 ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
мен оларды шешу жолдары..........................................................................24-34

Қорытынды.......................................................................................................36-37
Пайдаланғылған әдебиеттер тізімі.................................................................38

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес курсовая.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

     Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

     Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі  кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен  және көтерме сатыпалушылармен жұмыс  істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.

     Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке  ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген  жұмыстың нәтижесінің максималды болуына  мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар  кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.              

       Соңғы жылдары шағын және орта  бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар  шаралар әзірлеген болатын. Ол  өзінің нәтижесін берді, статистиктердің  айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің  санының артуы, жұмыспен қамтылған  халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 

1. Макроэкономика Мамыров Алматы 2003ж

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет қалыптасуы мен даму 2009 жыл

3. «Дала мен қала» газеті 29.04.2006 ж

4. Кәсіпорын экономикасы Алматы 2002

5. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.

6. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы Алматы, 1999 г.

7. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва,  1999 г.

8. Гражданский кодекс Республики Казакстан.

9. Аль – пари. Август – октябрь, 1997 г.

10. Статистический сборник Казакстана за 1998 и1999 г.\

11. Аль – пари № 2, 1998 г.

12. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.

13. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана,

1996 г. 

14.Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000.

  15. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» Analytic 3/2003. Материалы конференции. 
 

          

       
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шағын және орта бизнес курсовая