Шағын және орта бизнес курсовая

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................5
1 Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың
объективті қажеттілігін
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.................................................................6-9
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ............9-11
2 ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы................................12-18
2.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы
елдердің тәжірибесі ........................................................................................17-23
3 ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
мен оларды шешу жолдары..........................................................................24-34

Қорытынды.......................................................................................................36-37
Пайдаланғылған әдебиеттер тізімі.................................................................38

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес курсовая.doc

— 369.50 Кб (Скачать)

    2008 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген.  Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте  жұмысбастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 1998 ж. Алматы қаласы бойынша шағын  бизнесте 80 мың адам жұмыс басты болса, 2007ж. осы сектордағы  жұмыс бастылар саны 175 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны  95 мыңды  құрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2003 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ғы  көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады. 

    Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің  көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар  облыстарында бақыланады.

    Ал  өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік  – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорндар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз (3- кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны.

 

    

    3- кесте – Шағын бизнес кәсіпорындарының саны 

  Барлық  тіркелген

қожалықтар

Олардан әрекет етушілердің саны
           барлығы  
бірлік Бар/на % бірлік үлесі бірлік  үлесі
1 Республика  бойынша 132308 100,0 94696 100,00 46745 100,00
2 Ақмола облысы 4365 3,3 3523 3,7 2174 4,7
3 Ақтөбе облысы 4921 3,7 3787 4,0 1520 3,3
4 Алматы облысы 5844 4,4 4673 4,9 3181 6,8
5  Атырау облысы  3385 2,6 2911 3,1 1044 2,2
6 Шығыс Қазақстан 8971 6,8 6282 6,6 3674 7,9
7 Жамбыл облысы 4027 3,0 2817 3,0 1131 2,4
8 Батыс Қазақстан облысы 2848 2,2 2389 2,5 1296 2,8
9 Қарағанды облысы 8590 6,5 6585 7,0 2849 6,1
10 Қостанай облысы 5336 4,0 4038 4,3 1981 4,2
11 Қызылорда облысы 2593 2,0 2157 2,3 1269 2,7
12 Маңғыстау облысы 3639 2,8 2922 3,1 1270 2,7
13 Павлодар облысы 6549 4,9 5009 5,3 2832 6,1
14 Сол.т Қазақстан  облысы 3055 2,3 2470 2,6 1238 2,6
15 Оңт.т Қазақстан  облысы 11971 9,0 7737 8,2 3180 6,8
16 Астана қаласы 10082 7,6 8646 9,1 4582 9,8
17 Алматы қаласы 46132 34,9 28750 30,3 13524 28,9
 

 

     

    Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2007 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өтен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның  71,6% –ға жақыны жұмыс ісьтейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі (42%)  саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және  жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін көрсететін  сапаларға (13,2%) тиесілі.

    Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.

    Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2004ж. 1 ақпанға  есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2007 ж. қаңтар айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .

    Ауылшаруашылық  саласында шағын бизнес жағдайы  шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика юойынша 2007 ж. ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожағылы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндй қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.

    Жалпы тіркелген шаруа қожалықтары  мен оларда жұмыс істемейтін адамдардың саны келесі аймақтық кескін бойынша  құрылған кестеден құруға болады (4- кесте):

 

4- кесте – Шаруа қожалықтары мен олардағы жұмыс бастылар

  Барлық  тіркелген

қожалықтар

Олардан әрекет етушілердің саны Әрекет  ететін

қожалықтарда  жұмбастылар

бірлік Барлығына % - да бірлік үлесі Адам  үлесі
1 Республика  бойынша 149830 100,00 121730 100,00 371890 100,00
2 Ақмола облысы 4455 2,97 2805 2,30 10540 2,83
3 Ақтөбе облысы 4587 3,06 3273 2,69 9179 2,47
4 Алматы облысы 39195 26,16 31744 20,08 96800 26,03
5  Атырау облысы  1466 0,98 1039 0,85 2261 0,61
6 Шығыс Қазақстан 13029 8,70 12218 10,04 35338 9,50
7 Жамбыл облысы 10641 7,10 8009 6,58 26700 7,18
8 Батыс Қазақстан облысы 3748 2,50 2799 2,30 9557 2,57
9 Қарағанды облысы 5540 3,70 4690 3,85 18350 4,93
10 Қостанай облысы 7887 5,26 4170 3,43 10250 2,76
11 Қызылорда облысы 1792 1,20 728 0,60 3334 0,90
12 Маңғыстау облысы 727 0,48 345 0,28 660 0,18
13 Павлодар облысы 3526 2,35 2294 1,88 7850 2,11
14 Сол.т Қазақстан  облысы 6050 4,04 4630 3,80 13000 3,50
15 Оңт.т Қазақстан  облысы 47115 31,45 42974 35,30 128025 34,43
16 Астана қаласы 25 0,02 3 0,00 4 0,00
17 Алматы қаласы 52 0,03 9 0,01 42 0,01
 

 

    Қазақстандағы қазіргі таңда  кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен./4/

    Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға  елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары  көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі  қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары  көп болғандықтан.

    Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік  секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын  венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ  болашақта мемлекеттің  жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау юойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы  орталық  түрлі өзгерістеріне  тез бейімделеді.

    Жоғарыда  жасалған талдау келесі  тендецияларды  көрсетеді:

    1. Белсене жұмыс істейтін кәсәпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;
    2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;
    3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;
    4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
    5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі.
 
 
 

             2.2  Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы     елдердің тәжірибесі 

    Көптеген  шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1) 

    Кесте-5 

Дамыған мемлекеттер  тәжірибесі ҚР деңгейін бағалау
1 Мемлекттік  саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік  қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін  әлеуметтік құқықтық актілер болуы.  Даму үстінде
2 Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру Даму үстінде
3 Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың тікелей және жанама шараларының  байланысы  Жоқ
4 Әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау Даму үстінде
5 Шағын бизнес саласындағы  барлық міндеттерді міндеттерді  реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы Жоқ
6 Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу Даму үстінде
7 Мемлекеттік билік  органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым  – қатынасы Жоқ
8 Шағын бизнес саласындағы  мемлекеттік саясатты өзара қарым  – қатынасты қолдауға бағытталған Даму үстінде
 

    Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

    Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан  екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке  барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде  макроэкономикалық және салалық  деп бөлуге болады.  
 
 
 
 
 
 

    1-сурет - Ортаның бизнеске макроықпалы  
 

Экономикалық

факторлар

      Бизнесті мемлекеттік  реттеу
  Ортаның бизнеске макро ықпалы
 
Әлеуметтік  факторлар
Технологиялық

факторлар

    Ресурстық факторлар    
 

    Ішкі  немесе бақыланатын факторларға  кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі  тәжірибесіне келейік.  

    АҚШ – ғы шағын бизнес .

    Әдетте  америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың  санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.  

2-сурет – АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны 

Фирма көлемі Фирма саны
Ірі 1000
Орташа 134000
Шағын 2000000
Шағын кеңселер 3000000
 

    АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

    Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын  және орта бизнес саласында жұмыс  істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Информация о работе Шағын және орта бизнес курсовая