Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 14:03, курсовая работа
Қазақстан салық және оны жинау жұмыстары республикалық және жергілікті орындарда жүргізіледі. Республикалық салық төлеу мөлшерін және оны жинауды Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оны өзгертіп те отырады. Салық, баж дегеніміз – салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Оның мөлшері мен тқленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталып отыралы. Салықтар мен баждарды жеке адамдар да, мекемелер де төлейді. Жеке адамдар дегенге Қазақстан Республикасының азаматы да, шетелден келген, бірақ азаматтығы жоқ адамдар да жатады. Демек, салықты тек өзіміздің республикасының заматтары ғана емес, шетелден келгендер де төлеуге міндетті. Бұл дұрыс та себебі, біздегі заң қабылдаған барлық қызметті шетел адамдары да пайдаланады. Мемлекет оларға тиімді жағдай жасайды, ьелгілі мөлшерде қаражат шығара отырып, олрадың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғайды. Сондықтан шетелдіктер мемлекетті материалдық жағынан қолдап, заң белгіленген мөлшерде ақша қаражатын төлеуі тиіс. Салық төлемеген жағдайда олар жауапқа тартылады.
Мемлекеттің, барлық адамдардың мемлекет қаржыландыратын ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруі қаражатқа байланысты болғандықтан, мемлекет салық төлеу, салық жинау жұмыстарының мағыздылығына үлкен мән береді.
Сондай-ақ мүліктік табыстан, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысынан, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысынан және басқа табыстардан, оның ішінде Қазақстаннан сырт жерде жүріп тапқан табыстан жеке табыс салығы төленеді. Бұл табыстардан төленетін салықты жеке тқлғалар өзі төлйді және бұлар төлем көзінен салық салынбайтын табыстар деп аталады.
Салықтан
жалтару қылмыстық іс болып саналады.
Қазақстан Республикасының
ҚР
Бас прокуратурасы жанындағы
Құқықтық статистика және ақпарат орталығының
статистикалық деректеріне сүйенмек,
2001 жылы республика бойынша азаматтардың
салық төлеуден жалтарғандығы жқнінде
136 іс тіркеліп, одан 24 іс сотқа жіберілді.
Сондай-ақ салықтан жалтарған ұйымдар
бойынша 352 іс тіркеліп, оның 3 – ісі сотқа
жіберілген.
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының
салық жүйесін жетілдіру
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маызды нірсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамыза белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратынреттеуші қызметіне тоқталсаө, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мқлшерінің белгілі бірдеңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалыын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болшақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикәзатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Осыған
сәйкес, салық жүйесінің алдында
тұрған маңызды мәселелерді бірі
шикізатты экспорттаушыларға
Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллар қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар екен?
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздеі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын бзаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.
Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңынан жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексініде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жібірілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкн. Әрине енгізілетін өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы өажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік ағаа тәуелді жағдайында бұл өте қиянға соғады. Жер қойнауында табиғиғ байлықтарды өндірушілердің табыстары әлемдік баға байланысты екенін ескере отырып, оларға табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың өалыптасқан бағасы орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптаса, онда осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызда қосымша табыс табады. Бұл артық табыс мөлшері қазіргі салық заңында кәсіпорындардың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бқл аталған салықтың кемшілігі мынада: біріншіден, ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оныңмөлшеріне әр түрлі себептер мен субъективті жағдайлар әсер етуі мүмікн, екіншіден, пайда нормасын қайта-қайта қарастырып, отыру қажет, өйткені шикізаттың әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Аталған кемшіліктерді эою үшін шикізатты өндеушілерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатынтабыс салығыны базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы алыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада неліктен шикізаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдік баға алынп отыр? Оғын себепғ кез келген шикізатты болсын, дайын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын салған келісім шартарында төмендетіп жазып, сөйтіп табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін, ал белгілі уақытта қалыптасқан шикәзат бағасын кемітіп көрсету онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымал шығынын анықтау көп жаңдайда болып қалды. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алу мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Шын мәнінде туындайтын қайшылықтар реттестіру қын емес.
Егер экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасы күрт төмендеп кетсе, ондамәселе қалай шешілмек деген сұрақтың қойылуы сөзсіз. Оған жауап беру үшін, мұндай экспорттың еліміз үшін маңыздылығы сарапқа салуымыз қажет. Егер әлемдік бағаның төмендеуіне қрамастан шикізатты экспорттау еліміз үшін болып қала берсе, онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек кқрсету аса қажет. Салық салу жағынан шикізатты экспорттаушылар үшін табыс салығы ставкасын тқмендеген сайын пропорционалды түрде табыс салығы ставкасын да ащайту қажет. Мұндай әрекетшикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді. Әрине, салықтай көмектің де белгілі бір шегі шикізаттың әлемдік бағасы белгілі бір деңгейден тқсендеп келетін олса, онда шикізатты өндіруді тоқтату қажет болады. Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қоданған дұрыс болар еді.
Осы аталған салық төлеушілер мен еліміздің экономикасында оырн алып отырған монополиялық кәсіпорындарды теңестңрңп қарауға болады. Өйткені монополиялық кәсіпорындар кезегнде үстеме пайда табу шін, өздерінің тауар немесе қызмет бағаларын қайта-өайта көбей туге құштар ьолып отыр. Мемлекет тарапынан монополиңа қарсы комитеттің бағаның өсуін тежеәтін белгілі бір ролі орын алғанымен, әр түрлі жолдармен монополиялық кәсіпорындар әлі де болса мұндай әрекеттерін тоқтата қойған жоқ. Осыған орай, бағаның өсуіне кедергі болатын әкімшілік жүйеден бөлек экономикалық жол да орын алуға тиіс сияқты. Әңгіме бағаның тұрақт жағдайда болуын ынталандыратын салықтың қажеттілігенде болып отыр. Кейбір экономикасы дамыған батыс елдерінде, тұрғындардың өміріне аса қажетті салалардағы кәсіпорындар үшін пайд нормасы мемлекет тарапынан 12% шамасында етеп қойылған. Яғни кәсіпорын осы нормадан артық тапқан табысын салық түрінде түгелдей мемлекет бюджетіне өткізуі тиіс.
Қазақстан жағдайында халыққа комуналды қызметтер көрсетіп отырған жеке жне мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекет тарапынан мұндай көрсету көптеген қиыншылықтарға алып келуі мүмікн. Мысалы, инвестиция жасаған компания аталған саладан өз қаржысын алып, пайда норамсы жоғары болатын салаға ауысып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан Қазақстандық кәчіпорындар үшін ішкі пайда нормасын инфлияциялық пайызды ескере отырып, 20-25 %-ға дейін көтеруге болады. Мемлекеттік кіріс министрлігі мен монополияға қарсы комитет монополиялық кәсіпорындардың осылайша белгіленген пайда мөлшерінің дұрыс сақталуын қадағалап отыратын болса, жеткілікті болар еді. Осындай шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсетн кіріс түсімнің ұлғаюымен бірге Қазақстандық тұтынушылар үшін монополиялық кәсіпорындардың қызметтері арзанырақ түсетін болады. Қорыта айтқанда, монополиялық кәсіпорындар бағаның көтерілуіне айтарлықтай қызықпайтын болады, себебі баға көтерілгенімен кәсіпорынның пайда мөлшері еш өзгермейді. Мемлекет тарапынан болатын мұндай әрекет нарықтық қатынастарға ешқандай кедергі болмайды, керісінше, бұл нарық кезіндегі мемлекеттің экономиканы реттеудегі әрекетінің бір жолы болып саналады.
Аса бір ойландырып жүрген мәселенің бірі – жеке тұлғалардың табысыа саналатын салықтардың мөлшері. Қазіргі таңда кәсіпорыедарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына екі түлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Сонымен қатар міндетті түрде жалақының он пайызы зейнетақы қорына аударылады. Мәселенің жайын жалаықны төлейтін заңда тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда үлестріру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шығындалуы байқамыз. Жайлақы қоры неғұрлым көбейген сайын кәсіпорындар әлеуметтік салықты соғұрлым көп төлейді. Бұл қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге мүдделі деген сөз Жалақы мөлшерін көбейткен күннің өзінде кәсіпорындар әр түрлі жолдармен нақты жалақы мөлшерін азайтып көрсетуде. Осыған байланысты Қазақстан салық жүйесінің алдында қалайша еліміздің азаматтарының орташа жалақы мөлшерін көтеруге болады және кәсіпорындарды қандай жолдармен жалаақы көтеруге ынталандыруға болады деген мәселелер тұр.
Қазақстан салық жүйесінде орын алып отырған әлеуметтік салық компания қожайындарының өз қызметкерлерінің жалақы мөлшерін көбейтуіне ынталандыру тұрмақ, керісінше бұл салықтан қалй құтылуды ойлап, бастарын қатыруға итеріп отыр. Мәселе тек әлеуметтік салық ставкасының жоғарлығында ғана болып отырған жоқ, сонымен қатар бұл салық салынатн базада да болып отыр. Демек мемлекеттердегі әлеуметтің салықтың ставкасы 4-12 пайыз аралығында болып, оны тек компаниялардың өздері емес, жалақы алушылармен бөлісіп төлейді. Қазақстанның жалақы алушы азаматтары әлеуметтік салықтың ауырпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеуші компанияларға үлкен ауыртпалық жүктеліп отыр. Себебі жылдың жалпы жалақы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасынын 40-70 пайызын құрайды, ал осы уақытқа дейін әлеуметтік салық ставкасы 25 пайызды құраған болса, кәсіпорындар өз пайдаларының 18 пайызына дейінгі мөлшерін мемлекетке әлеуметтік салық түрінде төлеуге мәжбүр болады екен. Бұған 30 пайыздық заңды тұлғаларға салынатын табыс салығын қосатын болсақ, компанияларға жүктелетін салық ауыртпалығының жоғары екенін көруге болады.
Тәжірибе көрсеткендей, компаниялардың басым көпшілігі әлеуметтік салықтан құтылудың белгілі жолдарын пайдаанып, салық көмитеттерінен шын жалақы қорының тек 30-40 % пайыздайын ғана көрсетуде. Әрине, салықтарды толық төлеп жүрген кәсіпорындар да жеткілікті ондайларға көп алғыс айту қажет.
Осы аталған мәселеге байланысты мынадай ұсыныс туындайды.
Әлеуметтік салықтың салынатын базасы жалақы қоры болғандықтан, осы салық салынатын жалақы қоры мөлшерін азайту қажет. Ол үшңн еғ жоғары ілеуметтік салық салынатын жалақы қорын анықтау қажет жне жалақы қорындағы тек сол мөлшерге дейінгі жалақыға әлеуметтік салық саынуы қажет, ал мөлшерден артық жалақыға компаниялар мүлдем әлеуметтік салық төлемеуі қажет. Мысалы, әлеуметтік салық салынбайтын бір адамға шыққандағы жалақы мөлшері 45000 тенге болатын болса, онда жалақы қоры 30000 тенгені құрайтын компания төмендегідей ретте өз жалақы өорынан әлеуметтік салықты төлейтін болады.
Таблицада көрсеьілгендей, компанияның тек үш қызметкері ғана 45000 тенгеден артық жалақы алады, ал жалақы қоры бойынша компания 75000 тенгеден әлеуметтік салық төлемейді. Яғни компания қожайындары өз қызметкерлерінің жалақыларын көтергенде айтарлықтай қоысмша шығындарғы ұшырамайтын болады. Сонымен мұндай өзгерістер компаниялар үшін өте тиімді болып табылады, ал мемлекетт қандай жағдайда болады екен?
Бұл сұраққа жауап беру үшн алдымен әлеуметтік салықты төлейтін және төлемейтін компаиялардың арақатынасын есептеу қажет. Шын мәнінде,ортадан жоғары болатын жалақылары бар компаниялардың көпшілігі әлеуметтік салықты төлемейтіндер болып табылады. Егер осы өзгерісті енгізе отырып, республикада өызмет атқарып отырған компаниялардың барлығына дұрыс түсініктеме жүргізілсе, бұл өзгерістен мемлекеттік бюджет үшін тиімділіктің жоғары болары анық.
Жоғарыда
көрсетілген әлеуметтік салық төленбейтін
деңгей 45000 тенге шамасында алынға, бұл
мөлшер біріншіден елімізде қалыптасқан
орташа жалақы мөлшері 15000 тенгеден үш
есе көп, ол деген сөз, әлеуметтік салық
қамтылған компанилардың жалақы қоры
республика бойынша айтарлықтай өзгерістерге
ұшырамайды.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қазіргі кезде экономика тұрақталды. Салық ео экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтірді. Салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Бірінші теориялық бөлігінде - әлеуметтік экономикалық мәні мен мазмұнын, оларлың атқарыоатын фукциялары салық жүйесі, салық түрлері, салық элементтеріне сипатама бердік.
Ал
екінші аналитикалық бөлігінде - ҚР
салық жүйесін қарасытра
«ҚР
салық жүйесі туралы» заңдар мен
салық кодексі ол экономикалық қана
емес, мәні бар құжат болып табылады.
Осы заңдар бойынша салық жинау республикалық
және жергілікті органдар үлкен жұмыстар
атқаруда. Мұның өзі мемлекетіміздің қуатты
болуына, және адамдардың әл-ауқатын, тұрмыс
дәрежесін жақсартуға үлкен септігін
тигізеді.