Ресурстардың шектеулік және тұтынудың шексіздік мәселелері. Өндіріс мүмкіндік қисығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
I Бөлім. Ресурстардың шектеулігі.
1.1. Экономикалық ресурстар және олардың классификациясы
1.2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы
II Бөлім. Ресурстардың шектеулігінің проблемалары
2.1. Қазіргі таңдағы ресурстардың бейрационлады қолданудың проблемалары
2.2. Өмірге аса қажетті су ресурстары проблемалары.
III Бөлім. Ресурстардың шектеулігін шешудің мүмкін жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ресурс.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

    Өндіріс мүмкіндіктерінің қисыз сызығында  көрсетілген барлық қатынастар қолданыстағы ресурстарды тиімді қолдану барысында  максималды өндіретін тауарды көрсетеді. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық  сызығынан тыс орналасқан нүктелер белгіленген шартқа қайшы келеді. Мысалы, S нүктесі қисық сызытың оң жағында орналасуы, қолда бар мүмкіншіліктермен жүзеге асырылу мүмкін еместігін білдіреді, ал егер S нүктесі қисық сызықтың сол жағында орналасса, онда ол қолда бар мүмкіншілікті толыққанды қолданбағандықты білдіреді. Бұда шығаратын қорытынды, майды көп мөлшерде шығару тек қана басқа өнімдерден бас тарту арқылы жүзеге асырылады. Біздің мысалымызда ол зеңбірек шығарудан бас тарту. Белгілі тауарда көп мөлшерде шығару мақсатында басқа тауарды өндіруден бас тарту өндірістің альтернативтік ұстанымдары болып табылады. Ресурстардың шектеулігінің әсерінен, адам өмір сүруіндегі қолайлы жағдайлар да шектеулі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    II Бөлім. Ресурстардың шектеулігінің проблемалары

    2.1. Қазіргі таңдағы  ресурстардың бейрационлады  қолданудың проблемалары 

    Бәрімізге белгілі, ресурстар шын мәнінде  шектеулі, сондықтан оларды үнемдеп  қолдану керек. Ресурстарды бейрационалды  түрде қолдану, ресурстардың жойылуына  алып келеді. Келешекте мұндай әдістің «арқасында» өндіріске қажетті ресурстар мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Ресурстардың шектеулігі проблемасына бәріне анық болғанмен, көптеген елдерде ресурстарды бостан-бос қолдану байқалады. Мысалы, Ресейде энергосақтау қоры қолданыстағы энергетиканы барынша тиімді пайдалану арқылы энергияны үнемдейді, және бұл саланы мемлекеттік бақылауға алған. Мемлекет заңды тұлғалардың өндіріс барысында қолданылатын энергия мөлшерін бақылауға алып, жеке тұлғалардың қолданылатын энергиясын есептеп отырады. Мемлекеттік стандарттарға сай, қондырғыларға, конструкциялар мен жол жүру көліктерінде олардың энергонәтижелілігі көрсетіледі. Соған байланысты елдегі энергоқолданылатын, энергосақтаушы және диагностикалық құралдар мен көлік, қондырғылар сертификациялауда өтеді. Елдегі тауарды тұтынушылар, ұсынушылар, шығарушылар, заңды және жеке тұлғалар энергетиканың тиімді, нәтижелі (эффективно) пайдалануына ынталы. Мысалы, Уралда жылына 25-30 млн тонна шартты отын (условное топливо) жұмсалады, ал бейрационалды жолмен 9 млн тонна. Сонда, елге сырттан әкелінетін отын-энергетикалық ресурстар бейрационалды түрде қолданылады. Тек 3 млн тонна шартты отынды ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы үнемдей болады. Энергетика сақтау саласындағы көптеген жоспарлар осы мақсатты көздейді. Алайда, әлі де айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жоқ.

    Ресейде мемлекеттік бағдарлама енгізіп, оның нәтижесінде жерді игеру біршама  тоқтатылды, алайда соның арқасында  мемлекеттік экономикасына 200 млн  АҚШ доллары көлемінде нұқсан келтірілді.

    Орман ресурстары. Ресейдегі орман ресурстары ғаламшардағы орман ресурстарының бестен-бір бөлігін алады. Ресейдегі орманның жалпы қоры 80 млрд текше метр. Тек экономиканың экологиялық тұрғыдан қауіпсіз дамуы ғана елдегі ресурстың бұл түрінің сақталуына әкелуі мүмкін. Алайда, елдегі ормандар өрт қаупінің дертінен көптеген зардаптар шегуде, сонымен қатар зиянды құрт-құмырсқалар ормандарға үлкен зардап әкелуде. Бұл елдің төменгі деңгейде техникалық қамтамасыздандырылуымен анықталады. Елде орманды қайта келтіру жұмыстары толық деңгейде атқарылмайды, соның нәтижесінде көптеген аймақтардағы жағдай экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

    Елдің нарықтық экомикаға көшуі орманды  пайда көру мақсатында қолданушылардың  санын арттыруда. Бұл орман және табиғат қорғау заңдарына қайшы  келеді.

    Биологиялық ресурстардың бір ерекшелігі – олардың өз бетінше көбейе білуі. Алайда қоршаған ортаның үнемі антропогенді түрде әсер етуі және биологиялық ресурстардың мөлшерден тыс артық қолданылуы көптеген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылуына әкеліп соғуда. Сондықтан да, биологиялық ресурстарды қолдануда көптеген іс-шараларды атқару тиіс. Бұл іс-шаралар негізінде биологиялық ресурстарды қолдану белгілі мөлшерде ғана атқарылып, өсімдіктер мен жануар дүниесінің өз бетінше көбеюіне зиянды ықпал жасамау. Мұнымен қатар, Ресейде орман ресурстары аз бағаланады, сондықтан орманды жою ондай үлкен зардап ретінде қарастырылмайды. Алайда, елдегі барлық орманды жойып, Ресей басқа елдерден отын сатып алуға мәжбүр болып экономикаға зиян келтірсе, екіншіден ауаны тазартқыш құралдан айырылуы мүмкін. 

    2.2. Өмірге аса қажетті  су ресурстары  проблемалары. 

    Су  табиғат ресурстары арасында ерекше орынға ие. Бұл адамның өмір сүруіне  қажетті ресурс, сырт көзбен қарағанда  бұл ресурс сарқылмайтын секілді.

    Ресейдегі су ресурстарының негізі ағынды сулар болып табылады. Ағынды судың бір жылдың мөлшері шамамен 4262 м3 құрайды, соның 90 пайызы Солтүстік Мұзды мұхит пен Тынық мұхиттың үлесіне тиесілі. Азов және Каспий теңіздері маңында тұратын халықтың үлесіне бүкіл ағынды судың тек 8 пайызы ғана тиесілі.

    Қазіргі таңда түрлі елдердегі адамды бір күндік сумен қамтамасыз ету  есебі әр-түрлі. Экономикасы дамыған  көптеген елдерде су тапшылығы мәселе үлкен проблемаға айналды. Дүние  жүзіндегі су тапшылығы мәселесі геометриялық прогрессияға түрінде артуда. Алайда су тапшылығын шешудің бір тармағы – Антарктида мен Гренландиядағы мұздықтар, яғни айсбергтер.

    Адам  сусыз өмір сүре алмайды. Су - өндірістік күштер мен өндіріс мүмкіндіктерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Өндірісте суды көп мөлшерде құрту экономиканың қарқынды дамуымен және де өндірістік бірлікке құртылатын судың мөлшеріне байланысты. Мысалы, 1 тонна мақта-мата өнімдерін шығару үшін фабрика 250 м3 су құртады. Химия өнеркәсібі де көп мөлшерде суды қажет етеді. Мәселен, 1 тонна аммиак өндіру үшін 1000 м3 су жұмсалады.

    Заман талабына сай шығарылған соңғы жылу электр станциялары көп мөлшерде су жұмсайды. Қуаты 300 мың кВт-ты 1 станция 120м3/с су құртады, немесе жылына 300 млн м3.

    Бұл мәліметтердің өзі сусыз адам қажеттіліктерінің аз бөлігінің өндірілуі мүмкін еместігін көрсетеді.

    Суды  көп мөлшерде қолданатын өнеркәсіптің бір тармағы – ауыл шаруашылығы. Ол су өнеркәсібі жүйесінде суды ең көп мөлшерде қолданатын шаруашылық. Мәселен, 1 тонна бидай өсіру үшін 1500 м3 су жұмсалады, 1 тонна күріш өсіру үшін 7000 м3-тан астам.

    Су  ресурстарын қолдануда ерекше орын алатын бір сала – халықтың тұтынысы. Ресейде халықты толығымен ауыз суымен қамтамасыз етуге жылына барлық ағынды судың 10 пайызы жұмсалады. Суды қамтамасыздандыру кезінде суды тоқтатпау, және санитарлық-гигиеналық нормалар қатаң сақталуы шарт.

    Суды  шаруашылық мақсатта қолдану – табиғи су айналымының бір тармағы. Алайда антропогендік айналым мен табиғи айналымның бір айырмашылығы бар. Табиғи айналым барысында, су ұшу (испарение) арқылы табиғатқа қайта оралып отырса, антропогендік айналым барысында өнеркәсіпте қолданылған су шалшық суға айналып, қоршаған ортаны ластандырады.

    Жер бетіндегі көптеген су ресурстары халықты  сумен қамтамасыздандыруға жарамайды. Волга, Дон, Солтүстік Двина, Уфа, Тобол, Томь және Сібір мен Таяу Шығыстың көптеген өзендері қоршаған ортаның антропогендік зиянды әсерінің кесірінен ластануда. Жер бетіндегі судың 70 пайызы, жер асты суларының 30 пайызы халықты ауыз-сумен қамтамасыздандыруға жарамайды. Соның нәтижесінде олар «шартты таза» және «ластанған» болып бөлінеді. Ресей халқының 70 пайызы ластанған суды өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда ауыз суы ретінде пайдалануда.

    Соңғы 10 жылда елді сумен қамтамасыздандыру  мәселесін қаржыландыру 11 есе азайды. Нәтижесінде, халықты сумен қамтамасыздандыру мәселесі проблемаға айналуда.

    Жер бетіндегі сулардың ластануына әкелетін факторлар: тұрғын үйлер, мұнай-химия  саласы, мұнай, газ, көмір, орман, ағаш өңдеу  кәсіпорындарының ластанған суды табиғатқа  төгуі және де зиянды қалдықтарды өзен-көлдерге құюы арқылы жүзеге асырылады.

    Өз  кезегінде Қазақстанды қозғай кетсек, еліміз де су ресурстарын бейрационалды  түрде қолдануда. Мәселен, еліміз көлік  жууға да , халық тұрмысына қажетті  суды да, кәсіпорындарға қажетті суларды  ауыз суы есебінен алады. Нәтижесінде 16 млн ғана халқы бар Қазақстан 2005 жылғы мәлімет бойынша Статистика комитетінің көрсеткіші бойынша 1 млрд 300 млн халқы бар Қытайдан 1,5 есе артық су қолданды. Бұл елімізде судың бей-берекет қолданылуын көрсетеді.

    Біз өмірімізге аса қажетті ресурсты бей-берекет қолданамыз, ластаймыз. Егер өмір сүруге аса қажетті суды осылай жұмсасақ, басқа ресурстарды қалай құртамыз. Су жер-шарында көп, алайда ол оның бітпейдігін білдірмейді. Мұндай темптермен судың бәрі ластанып, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға келмейді. Су – табиғаттың адамның өмір сүруіне табиғатпен жасалынған тиімді жағдай. Бұл проблеманы шешу үшін ластанған өзен-көлдерді қазірден бастап тазартып, басқа су алаптарының ластануына жол бермеу болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    III Бөлім. Ресурстардың шектеулігін шешудің мүмкін жолдары

    Халықтың  қажеттіліктері әрдайым оны атқаратын  жағдайлардан гөрі тез артады. Яғни, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін  шешу – мүмкін емес. Экономикалық қызмет осындай теорияға негізделген: «Басты экономикалық проблема, халықтың шексіз қажеттіліктері мен ресурстардың шектеулігі арасындағы проблемаға негізделеді».

    Шын мәнінде, ресурстардың шектеулігі деген  нені білдіреді? Мүмкін, бұл ұғым ресурстардың бей-берекет қолданылуын білдіреді. Мысалы, әр жылдары алтын өндіру өнеркәсібі халық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Бұл орайда алтын ресурстарын шексіз деп қарастыру болады. Алайда, егер де біз алтыннан темір жолдың рельстерін жасайтын болсақ, онда алтын қоры баяғыда бітетін еді. Мұндай жағдайда алтынды сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатқызуға болатын ба еді? Әрине, жоқ. Мұндай жағдайда біз адамды кіналап, бұл шаруашылыққа керек материалды басқа, көп мөлшерде кездесетін ресурстардан алмағандығын баса айтатын едік. Біз мұнайды жағамыз, сондықтан да бізге мұнай таусылатын ресурстар жататын көрінеді. Бұл таңда Д.И.Менделевтің сөзі есіме түседі: «мұнаймен жағу – қымбат ассигнациялармен жағуға пара-пар. Біз мұнайды отын-энергетика саласында қолдануымыз – оған альтернативті түрде басқа қолданғышты таппауынан» деп жазған. Ал бұл мұнай ресурстарының шектеулігін емес, адам ақыл-есінің шектеулігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, ресурстар адамның бейрационалды түрде қолданылуы арқасында шектеулілер қатарына айналады. Мүмкін, адам ресурстарды толыққанды игермеген, соның нәтижесінде ресурстардың шектеулігі жайында сөз қозғалады.

    Бір жағынан қарастырсақ, адам қажеттіліктері мүлдем шексіз емес. Адам өзін көптеген қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге  ұмтылуы мүмкін, алайда ол оның тек  қорытындысын ғана қолданады. Алайда, адамның көзінің тоймаушылығы, қажеттіліктердің үнемі артып отыруына алып келеді. Алайда, бұл адамның көптеген жылдар бойы қажеттілікте болуымен сипатталады. Мәселен, ауа жетіспеген жағдайда адам тереңірек, көбірек дем алады. Ал ауа жетіспеушілігі проблемасы болмаған кезде ол дем алудың қажеттілігін аңғармайды. Қолайлы жағдайлардың көп мөлшерде болуы адамның көптеген мақсаттарының жойылуына алып келеді. Сонымен қатар кез-келген қолданыс уақыт пен атқарылатын жұмысты қажет етеді. Ал көп мөлшерде қолдану – көп жұмысты қажет етеді. Ал адам, жер бетіндегі кез-келген тірі жан секілді, өзінің табиғи күштерін шектен тыс құртқысы жоқ.

    Өндіріс мүмкіндіктер мен өндірістік қажеттіліктер  арасындағы тепе-теңдік, термодинамикалық тепе-теңдік секілді. Ол тек минималды  қолдану мен минималды күш  жұмсау арқылы жүзеге асады. Қазіргі  таңдағы адамдардың барлық нәрсені  үнемдеуі экономикалық қолданыстың ең дұрыс шешіміне әкеледі, «экономикалық бумды» басынан кешіріп өткен халық біртіндеп «экономикалық тыныштық» күйіне келеді.

    Адам  – барлық өзінің қажеттіліктерімен (кейбірі тіпті фантастикалық) шексіз жаратылған дүниенің тек бір кішкентай  бөлігі. Адам қазір ресурстарды қолданудың тиімді шешімін таба алмай келуде. Мүмкін, заман, экономика дами келе, біз адамзат баласы ресурстарды рационалды түрде жұмсауда үйренеміз. Соның нәтижесінде, табиғаттан жаратылған ресурстар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда жетеді деген ойдамын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Бұл жұмыста ресурстардың шектеулігінің  абсолюттік және қатынастық проблемалары қарастырылды. Ресурстар халық жағдайына  керек қолайлы жағдай жасау үшін керек, сондықтан да қолайлы жағдай қолданыстағы ресурстар мүмкіншілігімен шектеледі.

    Ресурстар сарқылады, сондықтан да біз қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдалануды  ойластыруымыз керек. Бұл дегеніміз, бар ресурстардан қандай және қанша  мөлшерде халық тұрмысына қолайлы  тауар өндіру керектігін білдіреді. Бұл үшін қазіргі таңдағы жоғары дамыған ресурстарды бейрационалды қолданумен күрес жүргізу керек. Бе йрационалды қолданылатын ресурстар қатарына мұнай, отын, су жатады.

Информация о работе Ресурстардың шектеулік және тұтынудың шексіздік мәселелері. Өндіріс мүмкіндік қисығы