Ресурстардың шектеулік және тұтынудың шексіздік мәселелері. Өндіріс мүмкіндік қисығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе
I Бөлім. Ресурстардың шектеулігі.
1.1. Экономикалық ресурстар және олардың классификациясы
1.2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы
II Бөлім. Ресурстардың шектеулігінің проблемалары
2.1. Қазіргі таңдағы ресурстардың бейрационлады қолданудың проблемалары
2.2. Өмірге аса қажетті су ресурстары проблемалары.
III Бөлім. Ресурстардың шектеулігін шешудің мүмкін жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ресурс.doc

— 105.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті 

  
 
 
 

«Мемлекеттік реттеу» кафедрасы 
 

«Экономикалық теория» бойынша 

Курстық жұмыс 

Тақырыбы: « Ресурстардың шектеулік және тұтынудың шексіздік мәселелері. Өндіріс мүмкіндік қисығы» 
 
 

Орындаған: БМД-11 студенті

Аяуова  Гүлдана

                                                                 Тексерген: Оқытушы

       Жангалиева Эльназ Саткановна 
 
 
 
 

Орал-2010

Мазмұны: 

Кіріспе 

I Бөлім. Ресурстардың шектеулігі.

1.1. Экономикалық  ресурстар және олардың классификациясы

1.2 Ресурстардың  абсолюттік және қатынастық шектеулігі  Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық  сызығы  

II Бөлім. Ресурстардың шектеулігінің проблемалары

2.1. Қазіргі  таңдағы ресурстардың бейрационлады қолданудың проблемалары

2.2. Өмірге  аса қажетті су ресурстары  проблемалары. 

III Бөлім. Ресурстардың шектеулігін шешудің мүмкін жолдары 

Қорытынды 

Әдебиеттер  тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

    Ресурстардың  шектеулігі проблемасы қазіргі таңда ең актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстар олардың таусылмайтындығын білдірмейді. Адам қажеттіліктерінің орындалуы тиісті жағдайлардың жасалуына тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы ресурстардың шектеулігіне әкеліп соғады, ол халықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Байқағаныңыздай, қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай тудыру үшін көп мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстарды қолдануды осы кезден бастап шектеу керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

    Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа ресурстармен ауыстыру мүмкін емес, және олар ерте ме, кеш пе жойылады. Осы таңда ғалымдардың бірінші тобының пікірі дұрыс көрінеді, себебі қоғам бір орында тұрған жоқ, технологиялар жылдан-жылға даму үстінде, тіпті, қазірдің өзінде қалдықсыз өндіріс саласы дамуда, бұл ресурстардың сақталуына қолайлы жағдай туғызады.

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы – ресурстардың шектеулігі, объектісі – ресурстар.

    Жұмысымның  мақсаты – ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігінің проблемасын  түрлі тұстарынан зерттеп, оларды шешудің  жолдарын қарастыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I Бөлім. Ресурстардың шектеулігі.

    1.1. Экономикалық ресурстар  және олардың классификациясы. 

    Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе – ресурс. Өндірісте қолданылатын ресурстар  өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей  қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс факторы  қызметін атқарады.

    Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді:

    - экономикалық (функционалды);

    - потенциалды

    Экономикалық  ресурстардың қатарына:

    - табиғи ресурстар;

    - еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)

    - материалдық (өндіріс нәтижесі болп саналатын адам қолынан шығарылған барлық өнімдер);

    - қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты);

    - ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, т.б. интеллектуалды игіліктер);

    Табиғи  ресурстар –  адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғи жағдайлар адамның өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы, жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз.

    Табиғи  ресурстар қолданылуына байланысты төмендегідей бөлінеді:

    - шынайы (өндірістік процеске тікелей қатысты);

    - потенциалды (қазіргі таңда қолданылмайтын);

    Табиғи  ресурстар өз кезегінде:

    - сарқылатын (таусылатын);

    - сарқылмайтын (таусылмайтын);

    - ауыстырылатын (заменимые)

    - ауыстырылмайтын  (незаменимые) болып бөлінеді.

    Сарқылатын  ресурстар - өндірістік қызметтің белгілі кезеңінде толық жойылуы мүмкін ресурстар.

    Сарқылатын  ресурстар:

    - қайта қалпына келмейтін (жер  қойнауында кездесетін, ауа, пайдалы  қазбалар), мөлшері жағынан шектелген.

    - қатынастық түрде қайта қалпына  келтірілетін.

    Сарқылмайтын  ресурстар үш топтан тұрады:

    - ғаламдық (космические) -  (күн радиациясы, теңіздік толқын тасуы мен тартылуы);

    - климаттық (атмосфералық ауа, жел, су энергиясы);

    - су ресурстары.

    Ауыстырылатын ресурстар деп басқа ресурстармен ауыстыруға келетін, экономикалық жағынан тиімдірек ресурстарды айтамыз.

    Ауыстырылмайтынға – атмосфералық ауа, су жатады. Экономикалық тұрғыда табиғи ресурстар еңбек  құралы, адам өмір сүруінің жағдайы ретінде қарастырылады. 

    1.2 Ресурстардың абсолюттік  және қатынастық  шектеулігі. Өндіріс  мүмкіндіктерінің  қисық сызығы 

    Барлық  экономикалық ресурстардың, өндіріс  факторларының ұқсас қасиеті  – олар шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.

    Адам  қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы халық  қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына  әкеліп соғады. Бұған байланысты, өндірісте  тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті тауарларды шығарып, қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың шектеулігі проблемасы: автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен қатар көлікті сатып алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп. Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін көбірек металл, резина, двигатель, т.б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі. Адам қолындағы экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан шектеулі. Олар о бастан-ақ адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді. Ресурстардың шектеулігі, сиректігі осы принципке негізделеді.

    Адам  өндірістің бір саласын таңдай отырып, екінші саласынан бас тартуға  мәжбүр болады. Мысалы, видеомагнитофон  сатып алуға жинаған ақшасына, адам аяқ-асты өзіне шуба сатып алады. Соның нәтижесінде ол бастапқыда сатып алғысы келетін видеомагнитофоннан бас тартуға мәжбүр болады. Қолда бар ресурсты дұрыс қолдану әрбір адамның, кәсіпорынның, мемлекеттің басты мақсаттарының бірі.

    Экономикалық  теорияда ресурстардың шектеулігі –  олардың альтернативті түрде  қолдануын анықтайды деп баяндалады.

    Бұл мәселені толыққанды суреттеу үшін американ экономисті П.Самуэльсонның сандық мысалына назар аударайық.

    Мысалы, екі тауарды өндіру қажет –  қару (мәселен зеңбірек) мен май. Дүние жүзіндегі барлық ресурстар  майды өндіруге бағытталған деп  есептейік. Қазіргі таңдағы ресурстық-технологиялық деңгейде майды шығарудың максималды деңгейі 5 млн кг деп алайық. Май өндірісіне альтернатива ретінде – зеңбірек шығару өндірісін қарастырайық. Сол ресурсты-технологиялық деңгейде зеңбіректі шығарудың масималды деңгейі 15 мың дана.

    Алайда, егер қоғам май өндірісін азайтса, онда өндірісте зеңбіректі де шығару болатын еді. Ресурстардың шектеулігінің  таңында май мен зеңбіректі өндіру өзара альтернативті ғана емес, бірін-бірі толықтыруда. Альтернативтік мүмкіндіктердің сызба нұсқасы 1 кестеде көрсетілген.

    Бұл мысал экономиканың альтернативтілігін көрсетеді, кез-келген жағдайда әскери және азаматтық өндірісті ресурстарды  қайта қарастыру арқылы шешу болады.

    Қоғамның  алдында таңдау тұрады – зеңбіректі немесе майды өндіру, немесе зеңбірек пен майды белгілі пропорцияда өндіру. Мұндай таңдау проблемасы әрқашанда болған және бола береді. 
 

Май мен  зеңбіректі өндірудің альтернативтік мүмкіншіліктері

Мүмкіндіктер Зеңбіректер, мың  дана Май, млн. кг
А 15 0
В 14 1
С 12 2
D 9 3
Е 5 4
F 0 5
 

    Қоғам қолданыстағы ресурстарды тиімді қолданғысы келеді, яғни ол қолданыстағы шектеулі ресурстардан максималды пайдалы тауарлар өндіріп алғысы келеді.

    Өндірістік  мүмкіндік ұғымын толыққанды түсіндіру  үшін, жоғарыда көрсетілген мысалды графикалық түрде, зеңбірек өндіруді вертикалді түрде, ал май өндіруді горизонтал сызығы бойынша орналастырып, қарастырайық. Біз өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығын аламыз. Мұндағы әрбір нүкте – екі тауарды өндірудегі максималдық мөлшер. 
 
 

Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы

 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
 

Информация о работе Ресурстардың шектеулік және тұтынудың шексіздік мәселелері. Өндіріс мүмкіндік қисығы