ҚР агроөнеркәсіп кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….2
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері……………………......3
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы……………………………..…5
1.3 Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру…………………..…8
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы…………………..12
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат…………………….14
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі……………………………………17
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары
3.1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары..21
3.3 ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ……………………..25
3.2 Ауыл шаруашылығындағы өндірісті реттеудің механизмдері мен оларды ұйымдастырудың өркендеуі………………………………………………………28
Қорытынды……………………………………………………………………….31
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………..3

Работа содержит 1 файл

агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық саясаты.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

       Қазақстандағы тауар өндірушілер салық салудың  жеңілдетілген түрі бщйынша жұмыс жасайды, өсімдіктің жұқпалы ауруларымен күрес бойынша шаралар жүргізіледі, асыл тұқымды малдардың, минералды тыңайтқыштардың, өнімдердің бағасы арзандатылды, ауылшаруашылық техника лизингі бағдарламасы жұмыс жасайды, мал шаруашылығы өнімі мен мемелекеттік астық сатып алу, серіктестік несие жүйесі арқылы несиелеу жүйесі бойынша пилотты жоба енгізілуде, сонымен қатар, «ҚР мемлекеттік агроөндірістік бағдарламасы» және «2004-2010 ж.ж. ҚР ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

       Бірінші бағдарлама агроөнеркәсіптік кешен  жүйесін тиімді қалыптастыру және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде  республикадағы өнім өндіру қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін келесі мәселелерді шешу қарастырылуда: өнім өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнес жүйесін тиімді қалыптастыру, сыртқы және ішкі рынокта ауылшаруашылық өнімін сатуды өсіру, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын мөлшерлеу.

       Екінші  бағдарлама төмендегі мәселелерді  шешуді қарастырады: экономикалық қызметті дамыту бойынша алғашқы дайындамалар жасау, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін қайта қарастыру және жөндеу, құрылысты инвестициялау, әлеуметтік-экономикалық даму  мониторингін ұйымдастыру және ауылдық аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі, жер қорын бағалау, ауыл тұрғындарын әлеуметтік және  инженерлік инфрақұрылым қызметімен қамтамасыз етудің стандарты мен нормативін дайындау, ауыл тұрғындарының көшіп-қонуын ынталандыру бағдарламасын іске асыру; ауылдық орналастырудың тиімді моделін анықтау және оны іске асыру.

       Ауыл  шаруашылығы басқа елдерге қарағанда  тауар өндірушілерді нарықта  нашар жағдайларға ұшыратып, бәсекеге қабілеттілігін төмендететін нысанды  және субъективті ерекшеліктерге ие. Олардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: жердің қанағаттандырарлықсыз жағдайы; егістік өнімділігінің биологиялық және табиғи төмендігі; өндірістің практикалық қайта дамуы, қол еңбегіне өту байқалады.

       Ауыл  шаруашылығы, зерттеулер көрсеткендей, нарықтық экономикада мемлекеттік реттеудің негізгі объектісі болып табылады, бірінші қажеттіліктегі тұтынатын өнімнің 70%-ын ауыл шаруашылығы шикізатынан алады, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы қоғамдық еңбектің бағасына тікелей әсер етеді. Сондықтан мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары: тұрғындарды азық-түлікпен және басқа тауарлармен жоғары дәрежеде қамтамасыз ету, экспорттық әлуетті қалыптастыру; ауылды әлеуметтік дамыту және ауыл тұрғындарын еңбекпен қамту.

       Аграрлық өндірістегі экономикалық механизм тұрақтылығы мен дамуының негізгі құрастырушылары бойынша тиімділік бағасын жүргіземіз. Бұлар бағалар, салықтар, қаржылар, несиелер және баға жиынтығы. Баға жиынтығын құрастыру – қиын (сұрақтардың) мәселелердің бірі: оны шешу үшін меншікті көрсеткіштер санының ішіндегі ең негізгісін аламыз – ауыл шаруашылығын қолдаудың жалпы көлемі.

       Қазақстан ұсынып, талқылауға салынған тарифтердің  байланыстыратын мөлшерлемесі қазіргі  уақыттағы тариф мөлшерін асып түседі. Бұл Дүниежүзілік Сауда Ұйымының басқа мүшелерімен салыстырғанда  Қазақстандағы кеден бажының төмен мөлшерін басқа елдердегідей жоғары деңгейге көтеруге байланысты. Сондықтан Қазақстан осы елдермен сәйкес келетін кеден қорғанысының деңгейіне қол жеткізгісі келеді. Бірақ  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше елдер әрекет етіп отырған мөлшерлемені (14%) сақтап қалуды және болашақта имплементационды кезең барысында мөлшерлеменің 36%-ға дейін қысқартылуын талап етеді.

       Қазақстанның  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуі елдегі ішкі сауда саясаты шарттарының өзгеруіне және оның осы ұйым талаптарына сәйкес қалыптасуына әсер етеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енетін елдерге қойылатын талаптардың бірі сол елдің сауда нарығына оңай қол жеткізу үшін ашық экономика жағдайын арттыру.

     

     Қазақстанның  агроөндірістік кешенін  ДСҰ ережелері  мен талаптарына  сәйкес мемлекеттік  қолдау көрсетудің болжамы (млрд.теңге)

Кесте 1

Көрсеткіштер 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж.
Ауыл  шаруашылығын мемлекеттік қолдау, барлығы: 61,3 79,9 82,9 72,5 75,8
Сонымен бірге: «жасыл кәрзеңке» 42,7 48,8 53,6 46,8 50,4
«жасыл кәрзеңке» 18,6 31,1 29,3 25,7 25,4
Ауыл  шаруашылығы тауарын 

өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету

(тікелей қолдау), барлығы:

 
22,7
 
27,6
 
30,0
 
33,0
 
36,5
«жасыл кәрзеңке» 21,4 24,6 27,2 30,5 34,0
«жасыл кәрзеңке» (сақтандыру) 1,3 3,0 2,8 2,5 2,5
АӨК басқа салаларын мемлекеттік қолдау, барлығы: 31,8 46,4 47,9 43,3 35,1
Сонымен бірге: «жасыл кәрзеңке» 11,2 12,1 12,2 11,9 11,6
«жасыл кәрзеңке» 20,6 34,3 35,7 31,4 23,5
Ескертпе – Автор құрастырған.
 

       Шеттен  әкелетін кеден бажының мөлшерлемесін төмендетудің максималды шегін анықтауда Қазақстан саралы жолды таңдауы тиіс. Импорт көлемі аса  маңызды емес сезімталдығы төмен топтар жоғары дәрежеде қысқаруға ұшырайды. Сезімталдығы төмен тауарларға тірі жануарларды, жануартекті азық-түліктерді, өсімдік шырыны мен сығындыларын, өсімдіктекті өнімдерді жатқызуға болады. Кеден тарифтерінің аз дәрежеде төмендеуіне тауарлардың әлдеқайда сезімтал тобы ұшырайды. Мысалы: ет және ет өнімдері, қант, өсімдік майы, шарап, спирт.

       Дүниежүзілік  Сауда Ұйымы келісім-шартында тарифтік эскалацияға қарасты ережелер қарастырылмаған. Қазақстанда кең етек алған бұл құбылыс қайта өңделген өнімдерді шикізаттың вариациялық тарифі көмегімен тарифтік қолдампаздықты реттеу үшін қолданылуы мүмкін. Келісім-шарт талаптарын орындау үшін екі мөлшерлемелі үлестірмелі тариф жүйесі қолданылады. Негізгі азық-түлік түрлерінің ішінде Қазақстанның картоп, жұмыртқа, жұмыртқа өнімдері импортының үлесі ішкі тұтынудың 5%-нан аспайды. Аталған талаптарға сәйкес Қазақстан бұл өнімдермен саудаласудың ырықтандыру дәрежесін көтеруге мұқтаж болады.

       Қазақстан кезеңдік жұмыстарды жүргізудегі өз міндеттерін анықтау керек. Қазақстандағы  негізгі өндіріс қорларының үнемі  қысқаруы толық жабдықталу деңгейіне  жетуіне кедергі келтіреді. Қордың жаңару коэффициентінен қордың әкету коэффициентінің үнемі басым болуына байланысты негізгі капитал азайып отырады. 

       Дүниежүзілік  Сауда Ұйымына енудегі басты  шарттардың бірі – мүше-елдер ақпаратқа  қол жеткізу, пікірталасу т.б. жағдайлар  туындағанда белгілі бір қорғану  процедураларына ие болу құқығына қол жеткізетін міндеттерді қабылдайды.  

                      3.3 ҚР-дағы   ауыл  шаруашылығын дамыту жолдары  

   Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.

   Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.

    «Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды.

  «Денсаулық өнімдері» фабрикасы құрылысының жобасы Цесна компаниясының тобы «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС арқылы жоспарланған. Жобаны іске асыру орны – Ақмола облысы. Балалар тағамын (астық тұқымдастары негізіндегі құрғақ қоспалар, көкөніс езбелері), спорттық тағамдар, диабетпен ауыратындарға арналған, әскери қызметкерлерге және тұрғындардың арнаулы топтарына арналған тағамдар, жалпы алғанда емдеу-профилактикалық қасиеті бар негізгі азық-түлік тағамдарының өндірісін ұйымдастыру жоспарланған. Зауыттардың қуаттылығы – 27 мың тонна дайын өнімдер шығару. Жоба алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру арқылы талқыланды.

   «Қазақстанның астық өңдеушілер және наубайшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері серпінді жоба ретінде «Ұн және макарон өнімдері» атты ұлттық брендін құруды мәлімдеді. Жобаның мақсаты: ұн және макарон өнімдерінің ең ірі өндірушілерін осы өнімдерді әлемдік нарықтарға жылжыту мақсатымен, «Ұн және макарон өнімдері» брендінің астында біріктіру. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге және астық өңдеушілер мен тауарөндірушілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірігіп Тұжырымдаманы және брендін қалыптастыру шараларының жоспарын жетілдіру үшін жұмысшы тобын құрды, брендін қалыптастырудың және жылжытудың аналитикалық зерттеулері сатып алынды. Тұжырымдама жобасы жетілдіру кезеңінде.

  «Raimbek» компаниясының тобы жеміс-жидек, сүт пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары). Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда 3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында 2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын құру, олардың екеуі - Алматы облысында, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы, құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен болжанады. Қазіргі уақытта қаржыландырудың мүмкін болатын параметрлері қарастырылуда.  
«Отес-Атил» компаниясының тобы биологиялық/экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына 2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру. Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы тобының арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған айналым қаржыларын толықтыруға несие желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3 зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік негіздемесі қосымша жұмыс орындарының құрылуы, нарық жағдаятының кеңеюі, экспорттың ұлғаюы, қосымша құны жоғары дайын өнімдермен көрінеді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық өндірістердің және соған сәйкес жалпы АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

    Қорытындылай келе, қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы шынында да мәз емес. Бірінші бөлімде, мен агроөнеркәсіп экономикасына жалпы шолу жасап өттім. Сонымен қатар агроөнеркәсіп өнімдер нарығын талдадым. Ол жерде ауыл  шаруашылығы  өнімдерінің  нарығын  құру үшін   мемлекеттік  тапсырыстың  міндеттілігін  жою , оның орнына  экономикалық  жағынан  дербес  тауар  өндірушілер  құрамын  жасақтау ,  нарықтық  инфроқұрылымын  қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және  басқа  ұйымдармен  еріктілік  пен  өзара  тиімді  негіздегі  шарттық  қатынастарына көшу мәселелерін қозғадым.

  Екінші  бөлімде, мен өзекті мәселелердің басын қайырдым. Онда несие беру механизмін жаңартуды, жетілдіруді, тіпті түбегейлі өзгертуді қажет екенін айтып кеттім. Ауыл шаруашылығы банкінің керек екендігін және басқа несие беру қызметтеріне («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ) қарағанда, банктің мүмкіндіктері мен артықшылықтары әлдеқайда басым. Бұл бөлімдегі тағы да бір мәселе ол лизингтік қаржыландыру болып табылады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығының шағын субъектілеріне техниканы иемдену басты проблема, ал лизинг болса осы тығырықтан шығудың бірден-бір мүмкіндігі. Сондықтан қазірдің өзінде мемлекет тарапынан лизингтік қаржыландыруға үлкен мән берілуде. Мемлекет тарапынан лизинг берушілерге көптеген жағдайлардың жасалып отырғандығын айта кеткен едім. Мысалы, пайыздық мөлшерлемені төмендету, Қазақстанға әкелінген техниканы баж салығынан босату және сол сияқты.

    Ал үшінші бөлімде қарастырылған мәселелердің бірі – бұл мемлекетіміздің ДСҰ-ға кіру карсаңында ауыл шаруашылығын барынша әлемдік стандарттаға сәйкестендіру. Сонымен қатар , ол ұйымға кірудегі оң және теріс жақтарын айтып кеттім.

   Бұл бөлімде курстық жұмыстың басты мәселесі – ауыл шаруашылығы проблемаларының шешу жолдарын айта кеттім.   

  Биологиялық ресурстарымыз ауылда, минералды ресурстарымыз ауылда, моральдық ресурстарымыз ауылда. Бәрi ауылда. Тек капитал ауылда емес, билiк ауылда емес, элита ауылда емес. Соңғы үшеуінің ауылға келген жағдайда ғана – ауыл   гүлденеді, көркейеді, өркендейді..........

    
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешені