ҚР агроөнеркәсіп кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….2
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
1.1 Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері……………………......3
1.2 Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы……………………………..…5
1.3 Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру…………………..…8
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы…………………..12
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат…………………….14
2.3. Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі……………………………………17
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мәселелер және оның шешу жолдары
3.1 Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі мәселелер және оның шешу жолдары..21
3.3 ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары ……………………..25
3.2 Ауыл шаруашылығындағы өндірісті реттеудің механизмдері мен оларды ұйымдастырудың өркендеуі………………………………………………………28
Қорытынды……………………………………………………………………….31
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………..3

Работа содержит 1 файл

агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық саясаты.doc

— 262.50 Кб (Скачать)

       Өткен жылдарда аграрлық секторды реформалау тереңдей түскен жүйелiк дағдарыс кезеңiнде өттi. 

       Осындай жағдайда еркiн нарық тұжырымдамасы  елдiң аграрлық секторын дамытуда бiрқатар проблемаларды шеше алмады     

       Басты мақсатқа - тиiмдiлiкке және тиiсiнше, дiттей отырып реформалар жүргiзiлген ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң түсiмдiлiгiн арттыруға объективтi түрде қол жетпедi. 

       Шаруашылықтарды бөлшектеу нәтижесiнде қалыптасқан  жер үлесi мен мүлiктiк құқықтар мөлшерi, көп жағдайда, жоғары тауарлы  өндiрiс жүргiзуге, техниканы тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бермедi. 

       Ауыл  шаруашылығы өнiмдерiне және материалдық-техникалық ресурстарға (салааралық), азық-түлiктi сатып алу және түпкiлiктi бағаларына (iшкi салалық) бағаның қалыптасқан  теңсiздiгi рентабельдiлiктi төмендетiп, аграрлық өндiрiстiң шығындылығына  алып келдi. 

       Өтiмдi капиталдың болмауы және өндiрiстiң  тиiмсiздiгi банк кредиттерiн қол жетiмдi етпедi және сектордың ауыр қаржылық жағдайын одан сайын ушықтырып жiбердi. 

       Аграрлық  секторда өндiрiлген қосымша өнiмнен орасан үлес алатын делдалдық құрылымдар, жергiлiктi монополистер (өңдеушi және көтерме сауда кәсiпорындары) өткiзу мен жабдықтау жүйесiнде барған сайын көбiрек орын ала бастады. 

       Осы жылдары объективтi тұрғыда шектеулi болған аграрлық секторды мемлекеттiк  қолдаудың қолданылған жүйесi өндiрiске  ынталандырушылық әсер ете алмады - бөлiнген қаражат тиiмсiз пайдаланылды. 

       Шаруашылық  байланыстардың үзiлуi, нарықтық инфрақұрылымның, көлiк коммуникацияларының мешеулiгi өнiмдi өткiзу, соның iшiнде экспортқа  өткiзу мүмкiндiгiн шектедi.

       Соңғы кезге дейiн iшкi нарықты қорғаудың айқын жүйесiнiң болмауы отандық өнiмдi неғұрлым арзандау импорттық өнiмнiң ығыстыруына алып келдi, мұның өзi өндiрiстi тұншықтырудың қосымша факторына айналды

       Аграрлық  өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттiлiгi еңбекақы төлеудiң төмен деңгейiмен ғана ұсталуда. Едәуiр дәрежеде мұның өзi отандық және шетелдiк ұқсас өнiмдердiң арасында орын алып отырған еңбектi және материалды көп қажетсiнетiн айырмашылықты өтейдi.

         Сұраныстың қысқаруына байланысты, аграрлық сектордың өндiрiс қуаттары  артық болып қалды.

       Әлемдегi (Қазақстан үшiн) ықтимал азық-түлiк  нарықтарына тиiмдi көлiк жолдарының болмауы. Республиканың оңтүстiк  аймақтарының шектес мемлекеттердiң  су ресурстарына тәуелдiлiгi. Iшкi нарық ауқымының шектеулiлiгi және шашыраңқы орналасуы, ТМД елдерiнiң дәстүрлi өткiзу нарықтарының сатып алу қабiлетiнiң төмендiгi.  Аграрлық сектордың өткен жылдардағы дамуының iшкi және сыртқы факторларын жинақтап, қорыта келiп, мынадай тұжырымдар жасауға болады: 

       - аграрлық сектордағы жағдайдың  нашарлап кетуiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi

       - аграрлық секторды және тұтас  алғанда ауылдық жерлердi, жаңа  нарықтық жағдайларда басқару  мен реттеуде мемлекет рөлiнiң  ақырына дейiн iске асырылмауы;  

       - басқару мен реттеу объектiсi  технологиялық байланысты тiзбектердi - өндiрiстi, дайындауды, қайта өңдеудi және өткiзудi қамтитын қалыптасып отырған өнiм нарықтары емес, тiкелей ауыл шаруашылығы қызметi болды; 

       - азық-түлiктiң әлемдiк нарығы аграрлық  протекционизммен қатты бұрмаланған  жағдайда, ырықтандырылған сыртқы  сауда режимi жағдайында мемлекеттiк қолдау шараларының қысқаруы және тұтас алғанда саланы мемлекеттiк реттеу деңгейiнiң төмендеуi жалпыәлемдiк практикаға қайшы келедi; 

       - аграрлық саясатты ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк саясат  шараларын қамтитын, неғұрлым кең  тұрғыдағы ауыл саясатын қалыптастыру проблемасы туындап отыр; 

       - аграрлық жұмыспен қамтудың қысқаруының  тежеусiз үрдiсi жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету мiндетiн алға  қояды, мұның өзi ауыл тұрғындарының  басым көпшiлiгiне өз шаруашылығын  жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың неғұрлым кең тараған барабар нысаны тамақ өнеркәсiбi және қызметтiң басқа да индустриалдық салалары болып отыр. 

       Қазiргi жағдайдағы аграрлық және онымен өзара  байланысты экономиканың тамақ өнiмдерi секторының бөлшектерi осы тiзбекте қалыптасатын нарықтық институттар жиынтығында мемлекеттiң аграрлық-индустриялық саясатының бiртұтас объектiсi ретiнде қарастырылуға тиiс. 

       Алдағы  жылдарда мемлекеттiң күш-жiгерi мынадай  мiндеттердi шешуге шоғырландырылады: 

       - аграрлық-индустриялық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттi және интеграцияланған нарығын қалыптастыру, олардың жұмыс iстеуiнiң құқықтық және институционалдық инфрақұрылымын құру, жосықсыз бәсекелестiктен және әлемдiк нарықтың қолайсыз конъюнктурасынан қорғау; 

       - ауыл жоғары өнiмдi техниканы және осы заманғы технологияларды тиiмдi қолдануға мүмкiндiк беретiн шаруашылық жүргiзудiң ұтымды нысандарын қалыптастыру, нарықтық жүйеге сәттi интеграциялану атап айтқанда, шаруашылықтардың көлбеу кооперациялануымен тiгiнен интеграциялануын (шаруашылықтарды шоғырландыру) дамыту арқылы интеграциялану; 

       - мемлекеттiң аграрлық секторға  көмегiн ұтымды ету және оның  ынталандырушы бағыттылығын күшейту.  Саланың қаржы секторын дамыту; 

       - ұтымды мамандандыруды қалыптастыру  және аграрлық сектордың өндiрiстiк күштерiн неғұрлым қолайлы табиғи аймақтарда шоғырландыру негiзiнде аграрлық өндiрiстiң мөлшерiн кезең-кезеңiмен оңтайландыру және терең қайта құрылымдау; 

       - аграрлық сектормен өзара байланысты  қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң сегменттерiн,  жұмыспен қамтудың басқа да барабар түрлерiн оза дамыту арқылы ауыл халқын жұмыспен қамтудың барлық нысандарын дамыту; 

       - аграрлық өндiрiстiң технологиялық  деңгейiн көтеру және ресурстар  үнемдейтiн әрi экологиялық таза  технологияларды енгiзу, ғылыми зерттеулердi  қолдау көрсету және ауыл шаруашылығында консультация беру жүйесiн енгiзу; 

       - ауылдық өндiрiстiк және әлеуметтiк  инфрақұрылымды дамыту. 

       Аграрлық-индустриялық нарықтарды реттеу:

       Негiзгi мiндеттер: 

       - халықтың және кәсiпкерлердiң  едәуiр топтары табысының елеулi  азаюына жол бермеу; 

       - аграрлық бизнестi дамыту және  трансакциялық шығынды азайту; 

       - нарыққа қатысушылардың барлығы  үшiн тең бәсекелестiк жағдайды  қамтамасыз ету, нарықтың жекелеген  бөлшектерiнiң монополиялануын шектеу. 

       Нарықты мемлекеттiк реттеудiң негiзгi шаралары: 

       - кеңейтiлген үдемелi өндiрiс үшiн  арналған қажеттi рентабельдiлiк  деңгейiн (сатып алу интервенциясы)  қамтамасыз ету ең төменгi кепiлдi сатып алу бағаларын, кепiлдi бағаларды  белгiлеу үшiн қайсыбiр өнiм  бағасының мақсатты деңгейiн қолдау  тетiктерiн енгiзу арқылы нарықты бағамен реттеу; 

       - тиiстi өнiм нарығында, кәсiби операторды  қалыптастыруға бағытталған нарықты  регламенттеу, нарықтардың жұмыс  iстеуiнiң және тұтас алғанда,  аграрлық өндiрiстi коммерцияландырудың  жалпы ережелерiн белгiлеу; 

       - аграрлық-индустриялық тауарлар саласында протекционистiк сыртқы сауда саясатын жүргiзу; 

       - аграрлық бизнес субъектiлерiнiң  қалыптасуын ұйымдық және құқықтық  тұрғыда қолдауды көздейтiн: дербес ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiнiң жергiлiктi өткiзушi, қайта өңдеушi, жабдықтаушы, қызмет көрсетушi және кредиттiк кооперативтердi қалыптастыруы; саланың инвестициялық жағынан неғұрлым тартымды субъектiлерi ретiнде тiгiнен интеграцияланған түзiлiмдердi (интеграцияландырушылар - қайта өңдеушi және сауда кәсiпорындары) құру. Қазiргi заман жағдайында өздерiнiң шикiзат аймақтарының дамуына мүдделi қайта өңдеу кәсiпорындары аграрлық сектордың негiзгi жекеше инвесторы болуға тиiс; 

        - нарықты қалыптастыру мен реттеудегi  мемлекеттiң негiзгi серiктесi ретiнде  аймақтық және республикалық  салалық одақтар мен қауымдастықтар құру; 

       - аграрлық өнiмдi экспортқа икемдеу  жөнiндегi күш-жiгердi шоғырландыру үшiн  салалық одақтар мен қауымдастықтарды  коммерциялық ұйымдарға кезең-кезеңiмен  өзгерту. 

       Бiрiншi кезектi шаралар: 

       - аграрлық секторды мемлекеттiк басқару мен реттеудiң жүйесi мен құрылымын жетiлдiру, оны нарықтық реттеу тетiгiне интеграциялау;  
- аграрлық секторды мемлекеттiк реттеудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;  
- аграрлық-индустриялық өнiмдердiң (астық, сүт және басқалары) негiзгi нарықтарын дамытудың ұлттық бағдарламаларын әзiрлеу;  
- аграрлық-индустриялық өнiмдердiң негiзгi нарықтарын мемлекеттiк реттеу мен басқару бағдарламаларын әзiрлеу;  
- аграрлық-индустриялық нарықты реттеуге жекелеген қатысушылардың қызметiне лицензиялау енгiзу;  
- әрбiр нарық үшiн белгiленген көлемнен бастап, мәмiлелердi тiркеу жүйесiн енгiзу;  
- өнiмдi жеткiзуге арналған келiсiм-шарттардың кепiлдi орындалу жүйесiн құру;  
- әрбiр нарықта мемлекеттiң және салалық одақтардың үлестiк қатысуымен елеулi өнiмдер шығару, нарыққа қатысушыларды бiрiктiретiн және перспективада жедел режимде электронды сауданы (электронды тауар биржасы) енгiзуге мүмкiндiк беретiн компьютерлiк желiлiк ақпараттық-қаржы жүйелерiн жасау;  
- ұсақ тауар өндiрушiлердiң нарыққа шығуының оңтайлы нысандары ретiнде көтерме сауда нарығын және өткiзу кооперациясын дамыту. Iрi көтерме сауда нарықтарын бiрыңғай ақпараттық жүйеге бiрiктiру;  
- аукциондық сатуды енгiзу. 

       Ауыл  аумағын дамыту:

  • Ауыл халқын әлеуметтiк қамсыздандыру стандарттарын әзiрлеу және iске асыру.
  • Ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру.
  • Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiн қайта даярлау бағдарламасын әзiрлеу. Ауылда шағын кредит беру бағдарламаларын кеңейту.
  • Ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымының базалық салалары - бiлiм беру мен денсаулық сақтау iсiн қаржыландыру көлемiн ұлғайту.
  • Ауылдың көлiкке қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
  • Ауылдық жерлердегi бюджеттiк ұйымдарда жұмыспен қамтылу деңгейiнiң төмендеуiне жол бермеу.
  • Жұмысты iздестiрудiң неғұрлым оңтайлылығын қамтамасыз ету үшiн жастардың бiлiм алу деңгейiн (кәсiптiк орта бiлiм беру жүйесi) қолдау.
 

     3.2 Ауыл шаруашылығындағы  өндірісті реттеудің  механизмдері мен  оларды ұйымдастырудың  өркендеуі 

       Ауыл  шаруашылығы мекемелері үшін ауыртпалық туғызушы қосылған құн салығы (ҚҚС) болып табылады, олар бойынша төлем барлық салық жарнасының 30-53% құрайды. Бюджетке мекеменің өнім берушілігіне  қарамастан, өнімді іске асырудан түскен түсімнің 10% енгізіледі. Қосылған құн салығын төлеу тәртібі ауыл шаруашылығы мекемелерін өте тиімсіз жағдайға қалдырды.

       Ауыл  шаруашылық азық-түлікті артып жіберіп, ол үшін төлем алмай тұрып шаруашылықтар  бюджетке ҚҚС аударуға мәжбүр және мұның салдарынан  шығынға ұшырайды.

       Бюджетке  салық төлеушілер ауыл шаруашылық индустриалды типтегі мекемелер болып табылады (жылыжайлы комбинаттар, мал шаруашылығы кешендері, құс фабрикалары). Ал, қалған  ауыл шаруашылығы мекемелері салықты ауылшаруашылық емес қызметтен алынған өнімнен түскен қаржыдан төлейді.

       Кіріске енгізілген салықтың аванстық төлемі және аванстық есеп кезінде  жіберілген қателіктер салдарынан жеткізбей төленген төлемдер үшін салынған  үлкен айыппұл санкциялары ауылшаруашылық өнім өндірушілердің қаржылық жағдайына теріс әсер етті.

       Ауыл  шаруашылық мекемелердің несие қабілеттілігін бағалау үшін экономика-математикалық модельдерді пайдаланған дұрыс, олардың көмегімен  нақты жағдайлар үшін тиімді өндірістік бағдарламалар құрып, қажетті несие сапасын анықтауға болады.

       Қазіргі ауылшаруашылық мекемелерінің қаржылық жағдайы мемлекет тарапынан көмекті қажет етеді. Осыған байланысты ауылшаруашылық  мекемелерін несиелеу және салық салу мәселелері қарастырылып, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама көрсетілген.

Информация о работе ҚР агроөнеркәсіп кешені