Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:33, реферат
Микроэкономикалық теорияда олигополия нарығында қабылданатын шешімдер туралы бір ғана модель жоқ. Нақты жағдайларға және әр түрлі жорамалдарға суйене отырып олигополия нарығының бірнеше моделі қарастырылады.
Баға белгілеудегі жетекшілік саясатын жүргізу және экономикалық пайда алу нарыққа кіруге қойылған кедергілерге байланысты. Ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмалар кіруі мүмкін. Сондықтан олигопоистер өздерінің экономикалық жағдайларын сақтап қалу үшін нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне баға тарапынан кедергі қояды. Ол үшін олигополистер салаға кіруге ынталы фирмалардың орташа шығындарын бағалай отырып, ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде баға белгілейді. Егер жаңа фирмалардың орташа шығындары салалық орташа шығыннан жоғары болса, салаға кіруге мүмкіндік болмайды. Себебі, олигополист фирмалар белгілеген бағамен өнімдерді сату оларды банкроттыққа әкеледі.
Жетекші фирмалар нарықтан өзінің бәсеклестерін ығыстырып шығару үшін бағаны қысқа мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде белгілеулері де мүмкін. Бағаны түсіруден шеккен зиянды жетекші фирмалар ұзақ мерзімде қайтарып алуға үміттенеді.
Баға арқылы жаңа фирмалардың нарыққа кіруіне кедергі қою немесе бәсекелестерді нарықтан шығару мақсатымен, олигополистер уақытша монополиялық биліктен бас тартады.
Сынған
сұраныс қисығының моделінің
көмегімен олигополия нарығындағы
бағаның тұрақтылығын түсіндіріледі.
Сынған сұраныс қисығының моделі
4.суретіндегі графикте көрсетілген.
Бұл модельде баға (Р) алдын ала
белгіленген деп жорамал
4сурет. Олигополистің сынған сұраныс қисығы
Жеке
олигополис фирмалар бағаны белгіленген
бағадан жоғары көтермейді, себебі
бәсекелестер оған ілеспейді. Ал егер
фирма бағаны белгіленген бағадан
төмен түсірсе, бағаға икемді сұраныс
икемсіз сұранысқа айналады. Себебі
фирма бағаны төмендетсе, оның бәсекелестері
де бағаларын төмендетеді. Бағаға икемді
сұраныстың дереу икемсіз сұранысқа
айналуы салалық сұраныс
Олигополист
фирма өнімінің бағасы белгіленген
бағадан төмен түссе, ол фирманың
шекті табысын шұғыл
Егер
фирманың шығынының өсімі шекті
шығынның қисығын αнүктесінен жоғары
қозғалыста, жаңа баға қалыптасады. Жаңа
баға жағдайында нарықта жаңа сынған сұраныс
қисығы пайда болады.