Олигаполия

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:33, реферат

Описание работы

Микроэкономикалық теорияда олигополия нарығында қабылданатын шешімдер туралы бір ғана модель жоқ. Нақты жағдайларға және әр түрлі жорамалдарға суйене отырып олигополия нарығының бірнеше моделі қарастырылады.

Работа содержит 1 файл

ОЛИГОПОЛИЯ дурыс.docx

— 30.43 Кб (Скачать)

                                    Әдебиеттер тізімі  

  1. Гальперин В.М., Моргунов В.И., Игнатьев С.М.

    Микроэкономика. Изд. 2-е, С-Пб., 1996.

  1. Гребников П.И, Леусский А.И., Тарасевич Л.С.

    Микроэконмика. Изд.2-е, С-Пб., 1996.

  1. Долан Э., Линдсей Д.

    Рынок: микроэкономическая модель. Пер.с англ. В.Лукашевича и  др; Под общ.ред. Б.Лисовика и В.Лукашевича. – М., 1996.

  1. Емцов Р.Г., Лукин М.Ю.

    Микроэкономика. М., 1996.

  1. Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К.

    Микроэкономика: Учебное  пособие для ВУЗов, 2-е издание.-Алматы

    РГП «Казтатинформ»  2001  

  1. Максимова Б.Ф.

         Микроэномика  – М.: СОМИНТЭ, 1996.

  1. Мамыров Н.Қ. Есенғалиев Қ.С, Тілеужанова М.Ә.

        Микроэкономика. Оқу құралы.– Алматы: Экономика. 2000. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

  • ОЛИГОПОЛИЯ

     Олигополия  нарығында жұмыс істейтін фирмалардың саны аз және нарықтағы үлестері жоғары болады. Нарыққа жаңа фирмалардың кіруі қиын немесе мүмкін емес. Олигополист фирмалар нарықта стандартты және әр түрлі тауарлар ұсынады.Олигополист фирмалардың өнім көлемі мен баға туралы  қабылдайтын шешімдеріне әсер ететін негізгі фактор – бәсекелестердің шешімі. Сондықтан олигополист фирмлардың тек қана сұраныстың ерекшелігімен ғана емес, бәсекелес фирмалардың қабылдаған шешімдерімен де санасуларына тура келеді. Олиполист фирмалар пайданы мелінше өсіретін өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанада, бәсекелес фирмалардың оған жауап ретінде қандай шешімдер қабылдайтынын ескереді. Сонымен, огиполсит фирмалар бір-бірімен тығыз байланысты және бағынышты болады.

     Микроэкономикалық теорияда олиголия нарығында қабылданатын шешімдер туралы бір ғана модель жоқ. Нақты жағдайларға және әр түрлі жорамалдарға суйене отырып олигополия нарығының бірнеше моделі қарастырылады.

  • Олигополиялық фирманың шешім қабылдау стратегиясы және ойын теориясы

      Олигполия нарығындағы фирмалардың біреуінің қабылдаған шешімі екіншісінің қабылдайтын шешіміне әсер етеді. Сондықтан олар шешім қабылдағанда, өздерінің бәсекелестерінің қарсы қабылдайтын жауаптарын болжап білуге және оларды жан-жақты талдай отырып, озінің пайдасына айналдыруға тырысады. Ойын теориясы– мүдделері бір-біріне қарсы олигополиялық фирмалардың бет алыстарын, қабылдайтын шешімдерін талдаудың әдісі. Оның көмегімен әрбәр ойынға қатысушының стратегиясының нәтижесі бағаланады. Ол ушін ұтыс матрицасы құрастырылады. Ұтыс матрицасы бәсекелестін қабылдайтын шешіміне байланысты әрбір стратегиядан алатын ұтыс пен зиянды көрсетеді.

      1.кестеде  екі фирманың стратегиялық шешімдерінің нәтижелерінің матрицасы көрсетілген. Егер фирма В бағасын өзгертпесе, фирма А бағаны төмендету арқылы айдасын 15000$ көтере алады. Ал егер фирма А бағаны төмендеткенде, фирма В оған жауап ретінде бағаны түсірсе, екеуінің пайдалары 5000$ қысқарады.

      А фирмасы  үшін альтернативті стратегия –  бағаны түсірмей ұстап тұру. Бұл  стратегияның нәтижесі В фирмасының шешіміне байланысты болады.

    ФИРМА В
      Бағаны төмендету  Бағаны тұрақты  ұстау  
     ФИРМА 

      А

    Бағаны  төмендету А фирмасы

    Пайдасының өзгерісі

    -5 000 $

    В фирмасының өзгерісі

    – 5 000$

     
    A фирмасы пайдасының өзгерісі 15 000$

    В фирмасының өзгерісі -10 000 $

    A фирмасының ең жоғары зияны -5 000$ 
     
     
     
     
     
     
     

     -10 000 $

      Бағаны тұрақты  ұстау  
    А фирмасы

    Пайдасының өзгерісі

    -10 000 $

    В фирмасының өзгерісі

    1 5 000$

    A фирмасы пайдасының өзгерісі

    0$

    В фирмасының өзгерісі

    0 $

    В фирмасының ең жоғары зияны -5 000$ -10 000$  

    1.кесте. «Баға соғысындағы» фирмалар шешімдерінің нәтижелері матрицасы.

          Егер  В фирмасы бағасын түсірсе, онда А фирмасы 10 000$ зиян шегеді. Ал, егер В фирмасы бағасын өзгертпесе, А фирмасының пайдасы өзгермейді.

          1.кестесінен  В фирмасының қабылдайтының шешімдерінің нәтижелерін де көруге болады. В фирмасының пайдасының өзгеруі А фирмасының жауабына байланысты болады. А фирмасы үшін ең жағымды мүмкіншілік – пайданы  15000$ көбейту, ал ең нашар стратегия– бағаны тұрақты ұстағанда бәсекелестің бағасын түсіруі 10 000$ зиян әкеледі. Матрицасының көмегімен В фирмасы үшін де ең жағымды және ең жағымсыз стратегияны болжауға болады.

          Пайданы барыншы аз төмендететін (ең аз зиян әкелетін) стратегияны  максимина стртегиясы дейді.Максимина стратегиясы пайданың нақты бір деңгейден төмен түспеуіне мүмкіншілік береді. Кез-енлген фирма максимина стратегиясын таңдағанада, оның бәсекелестері де осындай таңдау жасайды деп жорамалдайды. Бәсекелес фирмалардың бір-біріне сенімсіздікпен қарауы және бәсекелес фирма бағасын өзгерпейді деген сенім бағаны төмендету туралы шешім қабылдауға әкеледі.

          Нарықта қабылданатын шешімдер нәтижелерінің  матрицасында көрсетілгендей екі фирма  да максимина стратегиясын таңдайды, яғни екеуі де бағаны төмендетуге  шеім қабылдайды. Сол себептен олигополия нарығында екі фирмаға да пайда  әкелмейтін «баға соғысы» басталып кетуі мүмкін. Екі фирма үшін ең тиімді стратегия – бағаны тұрақты  ұстап тұру.  Ол олардың пайдаларын төмен де, жоғары да өзгерпейді. «Баға  соғысының» пайдасыздығы фирмаларды бір-бірімен  келісімге келуге немесе картель  құруға итермелейді.

          Сонымен, олигополия нарығында бір-бірімен  байланысты қабылданатын шешімдердің  ұтымды болуы немес нарықта жалғыз тепе-тенңдік орнауы міндетті емес. Әрбір фирманың қабылдайтын шешіміне көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан  өзара байланыстылылық шеңберінде нарықта әртүрлі тепе-теңдіктер  қалыптасуы мүмкін.

          Егер  А фирмасының баға белгілеу туралы қабылдаған шешімі В фирмасының қарсы қабылдаған шешіміне байланыссыз пайданы көтерсе, онда басымды (доминирующий) стратегия теңдігі қалыптасады.  Жоғарыда қарастырылған ойын теориясында басымды стартегия теңдігі жоқ.

          А фирмасы В фирмасының қарсы қабылдайтын  стратегиясын ескере отырып, өзінің барлық мүмкіншілігін жүзеге асырады. В  фирмасы да А фирмасының шешімін  ескере отырып, ұтымды шешім қабылдайды. Осындай жағдайда фирмалардың шешімдерін  өзгертуге ынталары болмайды. Осындай  теңдікті Нэштеңдігі дейді. Нэш теңдігі фирмалардың біржақты пайданы көтере алмайтындықтарын көрсетеді. Біздің мысалымыздағы Нэш теңдігі А мен В фирмалары бағаларын тұрақты ұстау туралы шешім қабылдағана қалыптасады (пайданың өзгерістері 0; 0).

          Егер  В фирмасының жағдайын нашарлатпай, А фирмасының жағдайын жақсарту мүмкін болмағанда пайда болатын теңдікті Парето теңдігі дейді. Біздің мысалдағы Парето теңдігі пайданың өзгерістері – 5 000;  – 5 000 және 0; 0 болғанда қалыптасады. Себебі, осы жағдайда бір фирманың пайдасын көтеру екіншісінің пайдасын төмендетпей жүзеге аспайды.

          В фирмасы А фирмасының болашақтағы  жауабын ескере отырып, өнім көлемі туралы шешім қабылдайды. Ал, А фирмасы  пайдасын көтеру үшін В фрмасының  өнім көлемін мойындайды. Оны Стэкельберг теңдігі дейді. Стэкельберг теңдігі пайданың +15 000; -10 000, -10 000 +15 000 өзгерістерінде қалыптасады.

  • Олигополиялық бәсеке және «баға соғысы»

         Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбәр  фирманыңнарықтағы үлесін өсіру  үшін жүргізіледі. Осы мақстапен  олигополистфирмалар «баға соғысына»  әкелетін саналы түрдегі бәсекегк түседі. «Баға соғысы» дегеніміз –  олигополист фирмалардың бірінен  кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 2. суретінен көруге болады.

         Салада  екі фирма жұмыс істейді. Олардың  орташа шығындары тең. Фирмалар Р* бағасымен Q* өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны  Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсірсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылыа падйасын көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықты Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады. Пайдасынан айрылған бірінші фирма бағаны орташа шығынға тең Р3 баға деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға орташа шығынға теңескенде екі фирманың біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.

           
     
     
     

         2.сурет  «Баға соғысының» салдары 

         Баға  соғысының нәтижесінде жетілген бәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды: Р3=АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға соғысын» баға орташа шығынғы теңескенге дейін жүргізеді. «Баға соғысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ, «баға соғысы» ұзаққа созылмайды. Олигополист фиралар «баға соғысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан осы модельді  «жасырын келісімге келу» моделі деп те атайды.

         Егер  фирмалар бір-бірімен жоғары баға белгілеу арқылы пайданы көтеру туралы келісімге  келсе, нарыққа картель пайда  болады. Картель – баға мен өнім көлемін бірге анықтай отырып, пайдыны көтеру туралы келісімге келетін өндірушілердің тобы.Картель пайданы ең жоғарғы деңгейге көтеретін өнім көлемін өзінің мүшелерінің арасында бөліп, әрқайсысының үлесін анықтайды. Оны квота деп атайды. Картельдің негізгі проблемасы – әрбір фирманың үлесін (квотасын) анықтау және оның орындалуыны бақылау қою. Себебі картельдің бағасымен пайданы көтеру үшін жеке фирмалар өздерінің үлестерінен артық өнім өндіруге тырысады. Егер көптеген фирмалар өздерінің үлестерін көбейтіп жіберсе, ол картель бағасының төмендеуіне және пайданын жойылуына әкеледі.

  • Баға белгілеудегі жетекшілік моделі

         Олигополия  нарығындағы өзара келісе отырып,баға белгілеу немесе нарықты бөлісу оңай жұмыс емес және оған заң жүзінде тыйым салынған. Сондықтан олигополистік фирмалар өзара келісімнің жасырын түрлерін кең қолданады. Соның бірі – баға белгілеудегі «жетектеушілік».

         Салада  нарықтағы үлесі жоғары, техникалық және технологиялық жағынан қарастырақ, басымды орын алатын фирмалар болуы  мүмкін. Оларды «жетекшілер» десек, саладағы басқа фирмалар оның «жетегінде»  жүреді. Фирмалардың осындай жағдайларын  олардың баға белгілеу саясатынан көреміз. Баға белгілеудегі жетекшілікті жартылай монополия дейді. Жетекші фирма  монополиялық  баға белгілейді. Баға белгілеудегі жетекшілік моделі 3.суретінде  көрсетілген.

Жетекші фирма-олигополист  нарықтағы жалпы сұраныстың мөлшерін және оның бағаға икемділігін ескере отырып, өзінің өніміне сұрансыты (Dжқисығы) анықтайды. Таза сұранысты анықтау үшін жетекші фирма саладағы басқа фирмалардың кез-келген бағамен сата алатын өнім көлемін нарықтағы сұраныс (D қисығы ) мөлшерінен алып тастайды. Жетекші фирма өзінің MRж=MC теңдігіне суйене отырып, нарықтағы сұраныстың икемділігіне байланысты Pж деңгейіндегі бағамен qжөнім көлемін ұсынады.  
 

         3.сурет.  Баға белгілеудегі жетекшілік

           
     
     

 

    Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qFөнім көлемін өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс  qD=qж+qFболады.

         Неге  жетектегі фирмалар жетекшінің бағасын  қабылдайды? Оның екі себебін атауға болады. Біріншіден, жетектегі фирмаларға салада жеткетейтін фирманың болғаны  пайдалы. Нарықта басымды орын алатын ірі фирмалар ғана нарықты жан-жақты  зерттей отырып, нарықтың сұраныс  туралы нақты ақпарат жинайды. Сондықтан  жетектейтін фирманың белгілеген бағасын  жетектегілер оптимальды баға ретінде  қабылдайды. Егер жетекші фирма бағасы өзгертсе, оны жетектегілеп болашақтағы  сұраныс өзгерісінің белгісі  деп түсінеді. Екіншіден, жетектегі  фирмалар уақытша пайдаларын көтеру үшін өздерінің бағаларын төмендете алады. Бірақ жетекші фирма тарапынан «баға соғысының» ашылуынан қорқады. Егер жетекші фирма «баға соғысын» бастаса, жетектегі фирмалар одан жеңіліп қалады. Себебі, жетекші фирманың шығыны жетектегілердің шығындарына қарағанда төмен.

Информация о работе Олигаполия