Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 21:09, курсовая работа
«Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен» экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек» деген елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауында. Міне бұл дегеніміз елбасының мемлекет алдына бәсекеге қабілеттілік жөнінен қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі.
Кіріспе................................................................................................................
1 Нарық түсінігі, шарттары және қызметтері.............................................
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері........
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері...................................
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы................
2 Нарықтық тепе-теңдік модельдері және оны талдау...............................
2.1 Нарықтық тепе-теңдік орнауының механизмі.............................................
2.2 Нарықтық тепе-теңдіктің статикалық және динамикалық модельі...........
2.3 Нарықтық тепе-теңдіктің қасиеттері............................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................
Нарықтық тепе-теңдіктің бірлігі нарықтың әрбір уақыт айналымындағы «баға – көлем» тұрғысында бір рет орнауын қамтамасыз етеді. Нарықтың мұндай жағдайы тек нарықтық сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының стандартты қиылысу нәтижесінде ғана байқалады. Бірақ бұл іс жүзінде көріне бермейді, сондықтан кейбір жағдайларда нарықтық тепе-теңдік мүлдем мүмкін болмайды.
Біріншіден, сұраныс пен ұсыныс қисықтары бірдей оң иілуге(2.3.а және б) немесе теріс иілуге ие болуы мүмкін.(2.3.в) Егер 2.3.а суретте көрсетілген нарық аяқ астынан келісімшарттар орнығып қойса, 2.3.б және 2.3.в ол мүлдем орнамайды, себебі нарық қатысушыларның мақсаты қарама-қайшы бағытталған.
Р а Р б Р в
D
S
D
Q
2.3-сурет. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей иілуі кезінде нарықтың тепе-теңдікке жетпеуі
Екіншіден,
сұраныс пен ұсыныс қисықтары
стандартты иілуге ие болып, 2.4. а және
б-суреттегідей қиылыспауы мүмкін. 2.4.а
суретінде игілікке ие болуы мүмкіндігі
жоғары болады, яғни ол тек таратылатын
игілік те болуы мүмкін. Ал екінші суретте
көрсетілген жағдай, керісінше игілікті
өндіру соншалықты қымбат және мақсатқа
сай емес болғандықтан қандайма жағдай
болмасын, оған деген сұраныс ұсыныс бағасынан
да кем болады да, тепе-теңдік көлем Q*=QD=QS=0.
Р а Р б S
D
S
2.4-сурет. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының ортақ нүктелері болмаған кездегі нарықтық тепе-теңдік.
Кей
жағдайда сұраныс немесе ұсыныс бір
жерде иілуін өзгертетін болса тепе-теңдіктің
бірнеше немесе көп қиылысу нүктелері
болуы мүмкін.(2.5 а және б). Бірінші жағдайда
тепе-теңдіктің бірлікте болмауы нарықтық
ұсыныстың оң иілуі теріс иілуге ауысуы
нәтижесінде болып отыр. Мұндай жағдай
еңбек нарығында болуы мүмкін, еңбектің
белгілі бір анықталған бағасы еңбек ету
мүмкіншілігінің төмендеуіне себеп болады,
яғни, еңбек ұсыныс қысқара бастайды. Нәтижесінде
екі теңдік аламыз: P1; Q1
және P2;Q2 .
а
P
P2
P2
P1
S D S D S D
Q2
Q1 Q
Q*
Q
Q1 Q2
Q
5.-сурет - Нарықтық тепе-теңдікңтің бірліксіздік (а) және көп (б және в) нүктелері.
Суреттен көріп отырғанымыздай кей жағдайда сұраныс пен ұсыныс қисықтары бір-бірімен баға немесе көлем жағдайында беттесуі мүмкін. Бұл жағдайда нарықтық тепе-теңдіктің көп нүктелері пайда болады. Бұл тепе-теңдік көлем бағаның өзгерісі кезінде өзгеріссіз қалатынын немесе бағаның көлем өзгерісі кезінде тұрақты болуын түсіндіреді.
Нарықтық тепе-теңдіктің
Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде, еліміздегі нарықтық қатынасты дамытуда алға қойған мақсат-мүдделеріміз бар. Олар:
Бірінші мақсат – тауарлар
мен қызмет көрсету нарығын
дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар,
қызмет көрсету мен қатар,
Екінші мақсат – финанс-қаржы нарығын қалыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар нарығы(акция, облигация т.б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған осындай бағалы қағаз нарығының мәніне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс нарығы – бұл нарық құрылымының биік деңгейі, оны реттеп қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезең осындай нарықты қалыптастыру және сынақтан өткізу үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздардың шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып, олардың табысқа құқығын көрсету – зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясын жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай, қоғамдағы әр түрлі топтарының жақындастырылуына себеп болады. сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшінші мақсат – жұмыс күші
еңбек нарығын қалыптастыру
Қолданылған әдебиеттер
//Алматы, «Экономика», 2000