Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2011 в 21:09, курсовая работа
«Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен» экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек» деген елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауында. Міне бұл дегеніміз елбасының мемлекет алдына бәсекеге қабілеттілік жөнінен қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі.
Кіріспе................................................................................................................
1 Нарық түсінігі, шарттары және қызметтері.............................................
1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері........
1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері...................................
1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы................
2 Нарықтық тепе-теңдік модельдері және оны талдау...............................
2.1 Нарықтық тепе-теңдік орнауының механизмі.............................................
2.2 Нарықтық тепе-теңдіктің статикалық және динамикалық модельі...........
2.3 Нарықтық тепе-теңдіктің қасиеттері............................................................
Қорытынды.....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер..............................................................................
Бағаны реттеудің әсері
Өмір сүру деңгейі төмен тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында бағаның жоғары шектеуін (әлеуметтік төмен – Рм) белгілеудің салдарын қарастырайық. Егер «жоғары деңгейдегі баға – Рм» тепе-теңдік бағадан төмен орналасса, онда (А-В) тапшылық пайда болады. ол «ескі ауруға» айналып кетеді, себебі оны жеңу механизімі қамаулы болады. ұсыныс қисығы жасанды түрде (ОА) кесіндісінне дейін «шауып тасталады». Тапшылық «ескі ауруға» айналып кетсе, онда Q тауарын мөлшерлеп бөлу қажеттілігі туындайды, бұдан шарасыз көлеңкелі экономика, көлеңкелі базар және т.б. дамиды.
Графикте бұл S0 қисығының А нүктесін айналып, солға S1-ге ығысумен көрсетілген. Нәтижесінде:
Бағаны төменгі деңгейде белгілегенде де осындай салдар болады. Бағаны тұрақты белгілеп, ұстап тұру нарық механизмін алып тастауды білдіреді.
Нарықтық
ұсынысты реттеу экспорттық-импорттық
операцияларға лицензиялар мен
квоталар тағайындау көмегімен жүргізіледі.
Q1(Q1<Q0)
деңгейінде квота тағайындалды дейік.
P
Ұсыныс қисығы сынық қисық (S1) түрінде болады. Баға Р1-ге дейін жоғарылайды.
Нәтижесінде
тұтынушылар Q тауарын бұрынғыдан аз
мөлшерде және жоғары бағамен алатын болады.
2
Нарықтық тепе-теңдік
модельдері және оны
талдау
2.1
Нарықтық тепе-теңдік
орнауының механизмі
Нарықта болатын сатып
Нарықтық тепе-теңдік –
Нарықтық тепе-теңдік шартының параметрлері тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлем болып табылады. Тепе-теңдік баға тауардың сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңескен жағдайда, ал, тепе-теңдік көлем тауардың ұсыныс пен сұраныс бағасының арасында теңдік орнаған кезде болады. Бұл кезде келісімге келген екі жақ үшін де орнаған жағдайды өзгертетін ішкі ұмтылыс болмайды. Бұл орайда нарықтық тепе-теңдік жағдайы әрқашан бақыланып отырылатын сатып алу мен сатудың сандық қана теңдігіне байланысты емес екенін ескеру керек. Іске асқан келісімдер тек сату мен сатып алудың арасындағы теңдікте ғана көрсетеді. Бұл сатып алушының қалаған бағасы болмауы мүмкін, немесе сатушының ұсынар көлемі болмауы мүмкін. Бұның барлығы нарыққа қатысушылардың жағдайды өзгертуге ұмтылыстары бар екенін көрсетеді. Нарықтық тепе-теңдік сатып алу мен сатудың өзара теңесуге дайындығы нарықтық жағдайды тұрақтылығын көрсететін нағыз дәлел болып табылады. Ал нарықтық тепе-теңдік механизмінің орнығуы туралы сұрақққа оралар болсақ, оны түсіндірудің екі түрі бар. Біріншісін Л.Вальрас бергендіктен Вальрас тепе-теңдгінің орнығуы, ал екіншісі – А.Маршалл тепе-теңдігінің орнығуы деп аталады.
Нарықтық тепе-теңдіктің Вальрас бойынша орнығуы сұраныс пен ұсыныстың сандық көлемінің теңесуі арқылы болады. Теңдіктің орнығуы сұраныс пен ұсыныстың жетіспеушілігі қысымының нәтижесі ретінде қаралады. Бұл әдістің графикалық интерпретациясы 2.1.сурете көрсетілген. Ұсыныс мөлшері сұраныс мөлшерінен артық болған жағдайда кейбір тауарлар пайдаланылмай қалады. Бұл кезде сатушылар арасында сатып алушы үшін бәсеке басталады да, ол бағаға әсер етеді. Бәсеке нәтижесінде сатушылардың шығындары төмендеген бағадан асып кеткен бөлігі нарықтан шыға бастайды да, бұл ұсыныстың төмендеуіне әкеледі. Керісінше, сұраныс ұсыныстан асып кететін болса, тауар дефицит болады да, сатып алушылыар арасында бәсеке басталады. Бұдан баға көтеріле бастайды да сұраныс азайып кетеді. Себебі кейбір тұтынушылар үшін бұл баға тауарды пайдаланғанға қарағанда тиімсіз болады. Екі жағдайда да сұраныс пен ұсыныс көлемінің тепе-теңдікке ұмтылуы ортақ және бұл сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан кезінде болады. Мұның қорытындысы сатып алушының да сатушының да жағдайды өзгертуге ұмтылысы болмайтындай белгілі бір Р* тепе-теңдік бағасының орнауы болып табылады.
Нарықтық тепе-теңдіктің
P
S P
P2
P*
P1
Q1 Q2 Q* Q3 Q4 Q Q1 Q* Q2 Q
2.1.-сурет. Вальрас бойынша 2.2.-сурет. Маршалл бойынша
нарықтық тепе-теңдік орнауы
Шындығына келгенде біз нарықта сұраныс пен ұсыныс көлемі теңесетіндей бағаның бар жоқтығын білмейміз ғой. Микроэкономикалық анализ өзінің маңызды құралдарының бірі ретінде тепе-теңдік модельдерін алатынын ескерсек бұл мәселе ерекше маңыздылыққа ие болады. Көріп отырғанымыздай, екі жақты талқылау да дұрыс, мағыналары бірдей. Оларға тән айырмашылық біреу ғана – ол біреуінде көлемді, екіншісінде бағаны теңестіру және бұлар кей жағдайда әртүрлі қорытынды беруі мүмкін. Бұларға қарағанда нарықтық тепе-теңдікке жету сұрағы маңыздырақ болып келеді.
Бұл
мәселені зерттеу нарықтық тепе- теңдікке
жетудің шешуші шарты - сұраныс пен
ұсыныстың үзіліссіз функциясы екенін
көрсетті. Аналитикалық ұсақ- түйекке
мән бермей- ақ, функцияның үзіліссіздігінен
бағаның кішкентай өзгерісі сұраныс пен
ұсынысқа да сонда мөлшерде әсер ететінін
айтуымызға болады. Ал сол кішкене өзгеріс
керек және өндіретін тауарларға үлкен
мөлшерде әсер етсе, онда функцияның үзіліссіздігі
бұзылады да тепе- теңдік қол жетпес жағдай
болып қалады. Бірақ айта кететін бір жайт,
әңгіме сұраныстың үзіліссіздігі туралы
болып отыр. Нарықтың жеке субъектілерінің
функциясы үзілген болуы мүмкін. Егер
нарықтағы мұндай субъектілердің үлесі
азғантай болса, нарық функциясының үзіліссіздігіне
себеп бола алмайды.[7,61-63б]
2.2
Нарықтық тепе- теңдіктің
статикалық және динамикалық
моделі
Статикалық модель – бұл уақыт факторының әсерінсіз функционалдық байланысты көрсететін теориялық құрылым. Осы модель көбінесе нарықтық тепе-теңдікті зерттегенде қолданылады. Нарықтық тепе-теңдік өзгеруі мүмкін, бұл сұраныс пен ұсыныс сызықтарының тепе-теңдікке әсер ететін сыртқы факторлардың өзгерісінен болады. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеру заңдылығын және оның зардаптарын анықтау үшін салыстырмалы статика әдісі қолданылады. Және бұл екі немесе одан да көп тепе-теңдік жағдайларын салыстыруға мүмкіндік береді, бірақ бір нүктеден екінші нүктеге қалай өтетінін зерттей алмаймыз. Бұл модель график арқылы салыстыру кезінде өте тиімді. Әртүрлі тепе- теңдік түрлерін салыстыру:
Салыстырмалы статикалық модельді қолдану әдісі сұраныс пен ұсыныс қисығына бағалық емес параметрлердің әсерін зерттеуге негізделген. Жаңа нарықтық тепе-теңдікке өту, нарыққа қатысушылардың өзгерген жағдайға үйрену процессі болып табылады. Сондықтан да нарыққа қатысушылардың өзгерістерге байланысты мінез-құлықтары олардың бейімделген мүмкіндіктерінен және уақыт факторларынан білінеді. Бұл уақыт факторын тіпті статикалық модельде қолдануға алып келеді. Нарыққа қатысушылардың мінез- құлқы өзгерістерге әсер ету шапшаңдығынан білінетіндіктен, уақыт айналымдарын қысқауақыттық, бір мезеттік, ұзақуақыттық және өте ұзақ уақыттық деп бөлуге болады.
Нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық модельі – бір күйден екінші күйге өту кезіндегі уақыт факторын қосқандағы сызықтық жағдайын білуге мүмкіндік береді. Бұл анализге «өрмекшітәрізді» модель мысал бола алады. Нарықтық тепе-теңдіктің орнатылу модельіне уақыт факторын енгізген кезде t(t=0,1,2,3,….,T) нарықтық сұраныс ағымдық баға әсерінен қалыптасады, яғни ағымдық t айналымынан, ал, нарықтық ұсыныс алдыңғы баға айналымынан (t-1). Бұл жағдайда біздің қолданатын нарықтық сұраныс пен ұсыныстың сызықтық теңдеу мына күйге ауысады:
QDt =a-bPt; QSt=c+dPt-1 (1)
Бұл теңдіктен тепе-теңдік баға P*=(a-c)/(d+b) ұсыныс көлемі мен сұраныс көлемі берілген уақыт айналымында тең екндігі, яғни QtD=QtS шығады. Егер бастапқы айналым бағасын P0 деп алсақ, онда нарықтық баға кез келген берілген айналымда төмендегі берілген айналыммен анықталатын болады.
(2)
теңдеуден көрініп тұрғандай
нарықтық тепе-теңдікте баға өзгерісі
(-d/b)t – көбейткішінің қандай болатынына
байланысты болады. Ол оң немесе теріс
болуы мүмкін. Бұл егер d=b коэффиценттері
тең болған жағдайда Pt–бағасының
тепе-теңдік бағасынан P* ауытқуы болады.
d<b -болғанда, d\b<1 яғни (-d/b)t, 0-ге
ұмтылады. Бұған ауытқу азая түседі де
Pt бағасы P*–қарай жақындайды. Ал
d>b болса, Pt -ның P*–бағадан ауытқуы
арта түседі. d-және b нүктелері сұраныс
пен ұсыныс қисығының иілу нүктелері болып
табылатындықтан, оларға қарап болашақ
өзгерістерге болжам жасауға болады. Егер
сызықтардың иілу нүктесі бірдей болса,
тепе-теңдік бағасының айналасында нарықтық
баға да болады. Егер ұсыныс қисығының
иілу нүктесі сұраныс қисығынан асып кететін
болса, нарық тепе-теңдік жағдайға жақындай
бастайды. Ал сұраныс қисығы ұсыныс қисығынан
асып кетсе, тепе-теңдіктен ауытқу үлкейе
бастайды және нарық құлдырауға ұшырауы
мүмкін.
2.3.
Нарықтық тепе-теңдіктің
қасиеттері
Нарықтық тепе-теңдіктің орнауы нарық жағдайының маңызды көрсеткіші болып табылады. Біріншіден, ол тұтынушылардың сұранысты анықтайтын пайдасы мен өндірушілердің ұсынысты көрсететін шығындарының теңесуін көрсетеді. Бұл берілген параметрлер, яғни, тұтынушылар талғамы мен өндірушілер қолданатын технологиялар ресурстар таратудың ең тиімді жолы болып табылады.
Екіншіден, тепе-теңдік бағасының бір жағынан сатушылар мен сатып алушылардың шығындары мен пайдаларының теңесуінің көрінісі болса, екінші жағынан аталған топтардың әрқайсысының алатын пайдаларының теңесуі нарықтық тепе-теңдіктің нарыққа қатысушылар үшін ең жақсы жағдай екенін айқындайды. Басқаша айтатын болсақ, біреудің жағдайын келесі біреуге шығын келтірмей жақсарту мүмкін емес.
Үшіншіден, тепе-теңдік жағдайдан кез келген ауытқу нарық қатысушыларының бір тобының жағдайын келесі біреуінің жағдайын нашарлатпай жақсартуға болатынына кепіл болады.
Сонымен нарықтық тепе-теңдік нарық қатысушыларының әрекеттері нәтижесінде өздігінен орнайтын қасиетке де ие. Қоғам ресурстардың ешқандай басқаруды, сонымен қоса оған кететін шығындарды қажет етпей өздігінен тиімді таралуына мүмкіндік алады. Мұндағы мәселе бұл қасиеттердің нарықтық тепе-теңдіктің бірлік және тұрақтылық жағдайында ғана көрінетіндігінде болып отыр.