Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:15, реферат
Нарыкты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықгық механизм қызметіне қалыпы жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда бодды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негіздеп шаруашылык жұйесінен бұрынғы Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі езгертеді.
Баспасөзде жұмыссыздар саны әр түрлі етіп көрсетіліп жүр. Кеңес елінде жұмыссыздық болмайды деп есептелініп, азаматтар өз еркімен немесе еріксіз түрде жүмыспен қамтылудын әр түрлі тәсілдері қолданылды. Қоғамдық пайдалы еңбек (қоғамдық өндірісте, үй және қосалқы шаруашылықта) ету еңбекпен толық қамтамасыз етудің нәтижесі ретінде көрсетілді. Алайда жұмыссыз миллиондаған адам қоғамдық өндірісте жұмыс істемесе де еңбекпен қамтамасыз етілгендер санатында болды. Қазір өз еңбегімен табыс табатын әрі салық төлейтіндер еңбекпен қамтамасыз етілген деп санала бастады. Соңғы жылдары кабылданған "Республикадағы еңбекпен қамтамасыз ету туралы" заңмен біздің қоғамымыз рынок жүйесін қалыптастыруға тағы да бір қадам жасады. Бұл заң жұмыс күші рыногын қалыптастырудың негізгі пршщиптерін айқындап заң жүзінде белгілеп берді.
Ең алдымен еңбек етудің еріктілік принципі енгізілді. Соңғы 70 жыл ішінде қазақстандық азаматтар нақты өмірде алғаш рет әр түрлі заңдастырылған еңбек ету салаларын таңдауға мүмкіндік алды. Едді Қазақстан Республикасының азаматтары бұрынғыдай арамтамақтық үшін қолданылатын жазалау мерзімі мен заң орындарының қудалау қаупінен құтылды. Екіншіден, жаңа Конституцияға сай барлық азаматтарға, сондай-ақ шетелдіктерге, кәсіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмысқа жалдану саласында тең құқық беріледі. Бұл, біздің жұмыс берушілерге, енді шетелдік мамаңданған жұмыс күшін пайдалануына мүмкіндік берсе, ал біздің жұмысшылар енді шет елдерде жұмыс істей алады. Сонымен, еліміз дүние-жүзілік жұмыс күші рыногына біртіндеп ене бастады. Үшіншіден, жұмыс орны жоқ және жүмыс орнын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер берілген, яғни түгелдей жұмыссыз жағдайда жәрдем ақы ала алады.
Сонымен бірге жаңа заңның қабылдаиуымен республика азаматтарына "кепілдік" жұмыспен қамтамасыз ету дәуірі де бітті. Ол кезде кәсіпорын жетекшісі еңбегі "өнімсіз" қызметкерлерді еңбек тәртібін бұзбаса жүмыстан босата алмайтын еді. Жоғары, орта, арнаулы оқу орындарының түлектері мен халықтьң басқа да топтарының жұмыс орындарының сақталынуына кепілдік берілген еді. Енді жұмыспен қамтамасыз етуді рациоиалдауға байланысты қызметкерлерді контракт жүйесімен жұмысқа алу енгізілуде. Өйткені тауарлар мен қызмет көрсету рыногындағы сияқты еңбек рыногында да ұсыныс пен сұраныстың сәйкессіздігі өте қиын жағдай қалыптастыруда. Жұмысын жоғалтқаннын бәрі еңбек биржасына бара бермейді. Өзіне сенгендер, көбінесе еңбек биржасы ұсынған жұмыстардан гөрі айлығы жоғары жұмыс орындарын тауып алады. Мемлекет көмегіне жұмысқа орналасу мәселесін өзі шеше алмайтын адамдар жүгінеді.
Сонымен, рыноктық экономика — әр түрлі талғам мен тандау экономикасы. Рыноктық экономикага апаратым жол бірдей емес. Рынокқа қай жол апарады? Бұл сұрақтың жауабы рынокқа апаратын саяси және экономикалық қадамдардың өзара әрекеттесуінен көрінеді.