Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:15, реферат
Нарыкты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықгық механизм қызметіне қалыпы жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда бодды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негіздеп шаруашылык жұйесінен бұрынғы Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі езгертеді.
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Нарыкты реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықгық механизм қызметіне қалыпы жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда бодды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негіздеп шаруашылык жұйесінен бұрынғы Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасын түбегейлі езгертеді. Себебі нарықгың құрылуы жаңа өндірістік қатынастарға көшуді байқатады: халык шаурашылығын басқарудьщ вертикальды қүрылымынан бас тарту, оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын (фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі әбден мүмкін.
Демек, реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық тепе-тендікке әсер ету әдісіне қара - тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады.
Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің калыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығьш қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатыын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің қызметі жайлы емес, мемлекеттің дұрыс әлеуметгік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау шараларына қатысты болса, екінші жағынан -төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалык қызметгің жағдайы мен нөтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсіддер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласьш кеткен жөне меншік тіпті мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекетгік реттеудің шаралар жүйесі мен түрлері әрбір елде өте көп турлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінін ерекшелігі бар. Мемлекеттік реттеудің - ең манызды инструментіне мыналар жатады:
Фискалдық саясат;
Несие-ақша саясаты;
Баға мен табысы реттеу саясаты;
Әлеуметтік саясат;
Сыртқы экономнкалык саясат;
Әкімшілік реттеу;
Қысқа мерзімді реттеу;
Ұзак мерзімді реттеу;
Аймақтық реттеу.
1. Фискалдык саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржьны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен кысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорьш (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.
Фискалдык саясаттың ең манызды белігі салықты реттеу болып табылады. Ежелден салықка катысты белгілі нәрсе, ол экономикада екі жакты роль атқарады. Бір жағынан - мемлекеттің табысын қалыптастырса, екінші жағынан тұтынушы мен өндірушіге ынталандырушылық әсер етеді. Салықтың жоғары болуы жалпы ұлттық өнім келемін азайтады. Сондай-ақ салықтың төмен болуы мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып, салық ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі колденең тартылады. Салықты. реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:
а) кейбір экономикалык процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салык ставкасын өзгерту. Мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыру үшін кейбір жекелеген сала мен территорияға (Арал өңірі), табиғаты келеңсіз ауданға, еркін экономикалық аймаққа арнайы салық салудың женілдеген режимін белгілейді.
Кәсігюрынның қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса, жергілікті деңгейдегі мемлекетгік органдар өз шама-шаркына қарай оны ынталандыра алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салык пен табыс салығы ставкасын көтеру жеке тұтыыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады. Пайдаға салық ставкасының
өзгеруі қорлану процесіне әсер ету үшін жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі каржы өседі, ал ең жоғарғы инвестициялау аса пайдасыз;
ө) ставканы өзгертпеуді сактай отырыл, салық төлемі ережесін өзгерту. Мысалы, бұған негізгі қор амортизадиясының мүмкін болатын мерзімін өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық төлемдерді ұлағайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында ресурстардың қорлануын ұлғайтады;
б) салық жеңілдіктерін алып тастау немссе өндіру. Сала жеңлдктерін белгілеу капиталдың, сала аралық құйылуын реттейді.
Салықты реттеудің тиімділігі қайшылықты тенденция мен шектеледі. Егер конъюктура күрделі қаржы үшін ьщғайсыз болса, онда салық ставкасыньщ төмендеуі ынталандыруға аса каукарсыз болуы мүмкін.
2. Несие-ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекетгік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын қүруы мумкін. Несиені реттеудің темендегідей түрлері жиі қодданылады;
а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі. Есептеу (дисконттық) ставка - банктың вексельді сатып алғандағы (есептегендегі) банк алымын қарыз процентінің (пайызының) мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мекемелерінің қысқа мерзімді міндетгемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банкдың векселін ғана ескереді. Есептеу (учетный) ставкасының төмеңдеуі мен көтерілу жске коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар ставкасын қайта карау үшін сигнал больш табылады. Несиенің кымбаттауы (есептеу ставкасының көтерілуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектеу үшін колданылады, ал несиенің арзандауы - іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қажет.
ә) эмиссиондық банктегі міндетгі минимальды салымның көтерілуі. Коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері (салымы) коддануға рұксат етілмейтін ерікті салымдардан (еркін резерв пен міндетгі салымдар) тұрады, Міндетті салымдарды ұлғайта отырып, ұлтгық банк жеке банктердің несие ресурстарын шсктейді. Ал, олардың мөлшерін кеміте отырып, несие экспансиясына мүмкіндік жасайды;
б) «ашық нарықтағы операцпя». Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатьш алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесінен қарыз капнталының ресурстары аяыньш, ұдайы өндірісті киындатады. Екінші жағдайда (сатып алу) қосымша қаржы несие жүйесіне кұйылып, ұдайы өндірісті ынталандырады.
Сондай-ак банк-несие мекемелері қызметтерін реттеудің әр түрлі баскада турлері (мысалы, тұтыну несиесі бойынша пайызды реттеу, биржа пайзының размері және т. б.) қодданылады.
Нарыққа өту кезіңде қысқа мерзімді реттеудің, басты мақсаты — бағаның тым қарқынды өсуімен күресу, инфлляцияны тоқтатуға күш салу болады. Қысқа мерзімді реттеудің бұл бағыты дефляциялық саясат аталады.
Ұзақ мерзімді реттеудің мақсатты бағыттағы ұдайы өндіріске әсері сондай, нәтижесін бірнеше жылдарда алуға есептелінген. Мұндағы көзделген нәрсе — экономиканың белгілі ұзақ өсу қарқынын (экономикалық өсу саясатын айтамыз) қолдау, кейбір салалардың қарқынды дамуы арқылы қоғамдык өндіріс құрылымын өзгерту. Ұзак мерзімді реттеу амортизациялық саясат түрінде технологиялық қайта құру мен халық шаруашылығының жеке салаларында ҒТП-ті жетілдіру мақсатында қодданылады. Өтпелі кезеңде Қазақстандағы негізгі қорлардьщ амортизациялануының жеделдеуі ескі құрал-жабдықтар түрін тез ауыстыруға мүмкіндік жасайды және жаңаларын қосады.
§1. ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢНІҢ НГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СИПАТЫ.
РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен басқа да демократиялық қоғамға тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын алуда. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең кептеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік түрмысын одан әрі күйзелте түсуде. Мүнын бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіп жатқандығының көрінісі. Сондықтан еліміздегі жағдайды қалпьгаа келтіру мен реформаны одая әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Өтпелі кезеңде қандай
негізгі мәселелер шешілуі
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат — тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар, қызмет керсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан қарағавда, мүвдай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок — жай сатып алу мен сату ғана емес, ол — тауар өндіру мен қызмет көрсетуде — талдау мүмкіндігі. Соңғысы тек кана өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу — тауарлар мен қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл шарттар қажет, бірақ жеткілікті емес. Өйткенгі таңдау мәселесі абсолютті емес. Тауарлар мен кызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды таңдау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға, жарнамаларға зер салып отыруға тиіс, ал бүл адамның маңызды қасиетгерішң бірі — таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.
Екінші мақсат — финанс-қаржы рыногын калыптастыру. Әңгіме, бұрын болмысымызға таныс емес, ерекше бағалы қағаздар рыногы (акция, облигация т. б.) туралы болып отыр. Батыс елдеріндегі маңызды орын алып отырған осындай бағалы қағаз рыногының мәініне, сол елдердің тәжірибесіне сүйенбей баға беру қиын. Негізінде финанс рыногы — бұл рынок қүрылымының биік денгейі, оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі. Өтпелі кезен осындай рынокты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек, өйткені акция, облигация мен басқадай бағалы қағаздарсыз рыноктық экономиканың болуы мүмкін де емес. Бағалы қағаздардын, шығарылуы мен еркін айналысқа жіберілуі, оның иелерінің капитал иесі екенін куәландырып, олардың табысқа құқығын көрсету — зауыт, фабрикаларға, материалдық иеліктерге мемлекеттік меншік монополиясына жоюдың қажетті шарттары. Басқаша айтқанда, бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай, меншік иесі де болып табылады. Бұл алеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана коймай, қоғамдағы әр түрлі топтарының жақыңдастырылуына себеп болады. Сондай-ак бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретіңде ақшаны камтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.
Үшішпі мақсат — жұмыс күші еңбек рыногын қалыптастыру мен оны регтеу. Біздің жағдайымызда, бұл ең қиын және өте нәзік мәселе. Шынында, оңдаған жылдар бойы бұрынғы КСРО-да еңбек рынюгы жоқ және болуы мүмкін емес деп уағыздалып келіген еді, өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарының бөліп қаралмады, енді еңбек рыногын құру сөзсіз қажет болды. Бұл мәселе жақын болашақта өте актуальды болмак. Еңбекпен камтамасыз ету саласы мен жалпы рынок қатынастарын жете бағаламау, жұмыссыздықтың әлеуметтік қүрылымы негіздерін жан-жақты зерттемеу, нарық жағдайынада еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.