Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:18, курсовая работа
Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады.
Кіріспе............................................................................................................3
I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................5
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі...........................................................5
1.2 Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер..................................................................7
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................12
1.4. Экономикалық жүйелер және экономикалық шеңберлі айналым үлгісі..........................................................................14
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................19
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................19
Қорытынды.................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер..................
2. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
2.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
2.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.
2.3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.
Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
3. Техникалық прогресс шектеулі.
4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.
3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
4. Орталықталынған ресурстар қоры.
5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықты экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Мұнда экономикалық саясатты жоспарлы түрде жүргізу қоғамның нарық талаптарына белсенді бейімделіп отыруына мүмкіндік тудырады. Сонын нәтижесінде экономиканы дамытудың күрделі мәселелері жаңаша әрі дұрыс шешіледі. Мысалы: өнімдердің құрылымы мен көлемі кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу арқылы және қоғамдық қажетіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы (және қоғамдық қажеттіліктерді мемлекеттің болжауы арқылы) анықталып отырады: бұл кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне және ол арқылы пайдасын молайтуға жағдайлар жасайды.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Аралас экономикалық бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күшіңді өзің көр».
2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.
3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.
4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.
Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.
Экономикалық айналым шеңбері-(circular flow) – бұл қарама қарсы ақша шығындары мен кірістерімен бірге жүретін шынайы экономикалық істердің (мүдделердің) шеңберлі қозғалысы. (1.1. сызба)
Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі:үй шкаруашылықтары және фирмалар.Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан,яғни еңбек,капитал жер сатудантүскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардың қызметтерін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері өндірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылықтарының ресурстарын сатып алуға жұмсайды.
Үй шаруашылықтары не тұтынатынын шешеді,олай болса,не өндіреміз деген сұрақ туады. Мұндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы керек.Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы керек.
Үй шаруашылығын тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің сұранысын туғызады,сонымен қатар экономикалық ресаурстармен қамтамасыз етеді.
Ал фирма здері өндірген тауарды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылығының ресурстарын сатып алуға жұмсайды.
Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді:өндіріс ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы.
Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді.Бұл екі сектор тауар нарығында сату және сатып алу жөнінде әрекетететін болса,онда модель баға мен сатылған тауардың санын анықтайды.Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады,олар:сатушы мен сатып алушылар.Нарықтағы шешім қабылдау теңдестік бағамен, әр игіліктің теңдестік бағасымен үйлестіріледі.(1.2. сурет)
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысының нәтижесі – баға. Бұл көрсеткіш үй шаруашылықтары мен фирмалардың қабылдаған шешімдері туралы келісімге келуі үшін маңызды ақпараттар беріп отырады. Қоғамда ресурстарды оңтайлы бөлу мәселесін шешуде бұл ақпараттар зор рөль атқарады. Біріншіден,баға тұтынушылардың шағын деңгейін анықтап,олардың таңдауына,қалап алуына шығындар тұрғысынан әсер етеді. Екіші жағынан,тұтынушылардың түсімі бағаға тәуелді, ал түсім экономикалық шешім қабылдағанда маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Мысалы,нанның бағасының жоғарлауы – сатып алушылардың бұл тағамды тұтынуды шектеуіне белгі береді,ал фирмалар үшін – нан нарығындағы теңдестікті қалпына келтіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады. Тауарды тепе теңдік кезіндегі сатып алғысы келетін тұтынушылар, осы тауарды пайдаланады, ал осы бағамен алғысы келмейтін немесе төлей алмайтындар – бұл тауарды тұтына алмайды. Ал,еңбек капитал және жерді қолданудың бағасы олардың қожаларына түсетін табысты анықтайды.Сондықтан экономикалық қызметтің нәтижелілігі оның түсімділігімен анықталады және адамға өзінің күшіне, қызметіне қарай өнімділік,түсім беретін кәсіпкерлікті таңдап алуына жол сілтейді.Ал нарық қоғамдастығы экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі шарттарының алуан түрлі өзгеруіне тез шешім табуға қабілетті. Бұл негізінен әр түрлі игіліктердің берілген жағдайларда маңызының өзгеруіне байланысты болады.
Жеке іс-әрекеттерді жалпы игіліктер жасауға бағыттайтын «көрінбейтін қол» образын пайдаланғанда А.Смит бір-бірі туралы ештеңе білмейтін экономикалық субъектілердің жеке іс-әрекеттері мен олардың экономикалық еңбектестігін үйлестіру тәсілін айтқан.
Жаңа заманға сай мемлекет рөлі өте зор.Осылайша,ол нарықтық экономиканың агенттеріне әсер етеді,сонымен қатар азық-түлік нарығына,шоғырлану факторына,кредитке әсер етеді.
Үй шаруашылықтары мен фирмалар мемлекетке пайда әкелетіс салықтар төлейді де ,оларды трансферлік төлемдер мен субсидиялар алады.Сонымен қатар мемлекет тұтынушылық пен өндірушілік сатып алуды жасайды. (1.3. сурет)
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері
Микроэкономикалық талдау нақты бір методологиялық негіздерге сүйенеді. Методология – ғылыми тану мен зерттеудің құралдары мен принциптері, талдау түсінудің әдістері.
Микроэкономикалық теория мынадай методологиялық қағидаларға сүйенеді:
- шектелген экономикалық ресурстар тандау немесе тапшылық проблемасын туғызады;
- микроэконмикалық құбылыстар себеп-салдары байланыстардан тұрады;
- адамдардың іс-әрекеттерін, қабылдайтын шешімдерін алдын-ала анықтау мүмкін емес, бірақ олар туралы болжау жасауға болады;
- логиканың көмегімен болжауларға сүйене отырып, әр түрлі тұжырымдамалар жасалады;
- жасалған тұжырымдар практиканың көмегімен тексеріледі.
Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез-құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті және нормативті микроэкономика болып бөлінеді.
Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады. Позитивті микроэкономика субъективтік бағалауға тәуелді болмайды.
Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады. Мысалы, позитивтіде – «Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 10%-н құрайды» делінсе, ал нормативтіде – «Жұмыссыздықты қысқарту керек» деп айтылады. Тағы бір мысал: «Барлық жерде бірдей көлемде оқудың төлемақысы көбейсе, абитуриенттер саны азаяды» деген тұжырымды позитивті талдау сипаттаса, ал нормативті талдау осы жағдайға мынадай тұжырым жасайды: «Университеттерде білім алушы студенттер санының көп болуы үшін оқудың төлемақысын қысқарту керек». Бір сөзбен айқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл тұжырымды нормативті микроэкономикаға жатқызамыз. Экономистер арасындағы көптеген нақты келіспеушіліктер талқылауға негізделген нормативті әдіспен, саясатпен байланысты. Экономистер экономикалық модельдер мен теорияларды, олардың құрамдас элементтерін қалыптастыруға тырысады. Ең көп келіспеушіліктер біздің қоғамның қандай болуы керектігі жайлы әртүрлі көзқарастар мен баламалы талқылаулар төңірегінде туындайды. Баламалы талқылаулар мен нормативті тұжырымдар экономикалық саясаттың жүзеге асырылу барысында пайда болады.
Микроэкономиканың позитивті және нормативті деп бөлінуі микроэкономикалық теория методологиясының бастапқы буыны және алғышарты болып табылады.
Позитивті микроэкономикалық теорияның нақты іс-әрекеттілігін зерттеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:
1. Шекті талдау, немесе маржиналды талдау, бұл талдау экономикалық әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъектілер тек қана жалпы түсім пен жалпы шығындарды салыстырып қана қоймайды, сонымен қатар өнім өндіруді көбейткен кездегі шекті (қосымша) түсім мен шекті (қосымша) шығындарды да салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті пайда оң мәнге ие болады, сондықтанда өз пайдасын мейлінше арттыруды көздейтін экономикалық субъект мұнымен тоқталмайды, ол жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Сөйтіп ұтымды субъект өз мақсатына жетеді.
2. Функционалды талдау, бұл әдіс зерттеудің мынадай жолын ұсынады: алдымен құбылыстың тұрпаттық сипаты анықталады, содан кейін осы құбылыстың сипатына әсер ететін факторлар айқындалады. Соңында алдын-ала анықталған құбылыстың сипаты мен оған әсер еткен факторлардың арасындағы өзара байланыс – функция анықталады. Бұл шама (функция) өзгермелі болып табылады, яғни оған әсер еткен басқа факторларға байланысты ол өз мәнін өзгертеді. Мысалы, егер у х-тің функциясы болып табылса, онда ол былай жазылады: у = f (x), мұнда у – х-тің функциясы болса, ал х – функцияның агрументі болады.
Информация о работе Микроэкономика пәні және оның методологиясы