Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:18, курсовая работа
Экономикалық теория дегеніміз – ресурстардың шектелген жағайында қажеттілікті қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлә, айырбастау тұтынудағы іс- әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөліктен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым және де ол инфляция, жұмыссыздық және экономикалық өсу сияқты ірі проблемаларды қарастыратырады.
Кіріспе............................................................................................................3
I бөлім. Микроэкономика экономикалық теорияның құрамдас бөлігі ретінде.....................................................................................................5
1.1. Микроэкономиканың зерттеу пәні,
объектісі мен субъектісі...........................................................5
1.2 Микроэкономикалық базалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар, игіліктер..................................................................7
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы...................12
1.4. Экономикалық жүйелер және экономикалық шеңберлі айналым үлгісі..........................................................................14
II бөлім.Микроэкономиканың методологиялық ролі.................19
2.1. Микроэкономикалық талдаудың методологиясы және негізгі зерттеу әдістері.............................................................19
Қорытынды.................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер..................
4. Құрметтеуге қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің өзін құрметтеуі, қолдауы жатады.
5. Өзін-өзі құрметтеу қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігі нжеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.
Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар. А. Маршалл игілікті – адамның қажеттілігін қанағаттандыратын қаланған зат деп анықтайды. Жан Батист Сэй игілікті – бізде бар және де біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын заттар деп қарастырады. Адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың қасиеті, оны әлі де оны игілік қылмайды. Осы фактты зерттеуге көп көңіл бөлген австриялық мектептің өкілі Карл Менгер болды. Сондықтан адам белгілі бір заттың оның қажеттілігін қанағаттандыратындығын білуі қжет, сонда ғана ол игілік болып табылады.
Игіліктің жіктелімі:
- экономикалық және экономикалық емес игіліктер
- өндірістік және тұтынушылық
- жеке және қоғамдық.
Біздің қаттілігімізге байланысты шектелген игіліктер экономикалық болып табылады. Бірақ біздің қажеттілігімізбен салыстырғанда шектелмеген көлемде болатын игіліктер бар(мысалы, ауа). Олар еркін немесе экономикалық емес игіліктер днп аталады.
Өндірілетін және тұтынылатын игіліктер немесе тікелей және жанама игіліктер. Кейде оларды төменгі және жлғарғы ретті игіліктер деп те атайды. Тұтынылатын тауарлар адамдардың қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыруға арналған. Олар соңғы тауарлар мен қызметтер болып табылады. Өндірілетін игіліктер - өндірістік процесте қолданылатын ресурстар(станоктар, машиналар, ғимараттар, құрал-жабдықтар, жер, кәсіби дағдылар және квалификация).
Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктерге мысал ретінде: ұлттық қауіпсіздік, заңдар жиынтығы, қоғамдық тәртіп, немесе, заматтардың барлығысы, бірі қалмастан қолданылатын игіліктер болып табылады. Жеке игіліктер, тек қана ол үші н ақша төлегендерге пайдалануға беріледі. Мысалы: метрода жол жүру, кинотеатрға бару, студенттік асханада түскі ас – күнделікті ақшаға сатып алуға болатын әр түрлі жеке игіліктер.
Тауар немесе қызмет дегеніміз – бұл нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес игіліктер.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.
Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).
Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.
Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.
Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.
Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.
Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.
Ресурстар – қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру тиіс экономикалық игіліктерді өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.
Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.
Ресурстардың шектеулігі – бұл барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігініңкөрсеткіші.
1.3. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты экономикалық тандау деген мәселе туындайды. Экономикалық тандау проблемасы – бұл берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандырылу мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқаулардың ішінен ең дұрысын және жақсысын тандау.адамның, фирманың және тұтастай қоғамның алдында не, қалай, кім үшін өндіретінін,және де шектелген ресурстарды пайдалану сияқты проблемалар пайда болады. Экономика осы проблемаларды жай ғана қарастырмай, шешуне тырысады. Осыдан экономикалық рационалдылық деген ұғым туындайды.
Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – бұл рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау іс-әрекеті.
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты тағы бір мәселе туындайды ло үнемдеу мәселесі болып табылады. Үнемдеу мәселесі – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсалуынан туындайтын мәселелер.
Игіліктердің шектеулігін және балама тәсілдердің ішінен тандап алу қажеттілігін ескере отырып, кез келген экономикалық қызметтегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қортындылар шығаруға болады. белгілі бір игілікті алуға бағытталған кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы, 30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке наннан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гайка жасайтын болсақ. онда осы дайындамадан болт жасай алмайды.
Көп жағдайларда тандау мүмкіндіктері екі варианттан көп болады. экономикалық субъект әрбір баламалық нұсқаларда қолданылатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде ең жоғарғы деңгейде болатын баламалық нұсқаны тандап алады.
Баламалы (альтернативті) шығындар – бұл жіберіп алынған немесе қолдана алмаған мүмкіндіктер шығындары. Бір өнімді өндіру барыысында құрбан болған немесе тандауға ие болмаған, сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындар. Балама шығынның кәдімгі өндірістік шығыннан айырмашылығын көре аламыз(1.5)
Экономикалық тандау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Альтернативті шығындарды өндіріс мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге боладжы. өндірістік мүмкіндіктер қисығы – бұл екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады.
А
А игілігі В . N
(мың дана)
С
. D
E
Б игілігі (мың т.)
Осы суреке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы станок өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы май өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды.
1.4.Экономикалық жүйелер және экономикалық шеңберлі айналым үлгісі.
Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін құрайды.
Экономикалық жүйенің элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы нақты экономикалық байланыстар жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің негізін экономикалық жүйе құрайды, мысалы: «капитализм»; «социализм» – деген ұғымдар саяси жүйеге жатады. Ал «нарықты экономика», «аралас экономика» деген сөздер экономикалық жүйеге жатады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
1. Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет.
2. Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3. Қалай өндіру керек? (қандай технология керек?)
4. Кім үшін өндіру керек?
5. Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:
1.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.
1.2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
1.3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
1.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.
Информация о работе Микроэкономика пәні және оның методологиясы