Мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 23:35, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................
І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты...................................................
1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері............................................
1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері.............
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары……………………………………………………………………….
2.2. Мемлекеттік қарыздардың мағынасы және оны жою жолдары...............................................................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Работа содержит 1 файл

КУРСОВОЙ.doc

— 194.00 Кб (Скачать)

 

Ең сорақысы, шенеуніктердің өздері дүниежүзі картасынан тауып бермек түгілі, өмірі атын естіп көрмеген ұсақ аралдарға да біз қарыз екенбіз. Мәселен, Джерси аралына 34 миллион, Сейшел аралдарына 335 миллион, Кайман аралдарына 447 миллион доллар қарыз. Мемлекеттің қарызын әр азаматқа шаққанда 7600 АҚШ долларынан келеді.

Саясаткер Әміржан Қосанов "Ұлттық қорымызда 85 миллиард доллар бар. Неге біз шет елден қарыз аламыз. Қордағы ақшаны өзіміз пайдаланып, өндіріске, инвестицияға, инфрақұрылымға неге жұмсамаймыз, осының бәрі қайтып келеді", - деген пікір білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 Осы курыстық жұмысты қорытындылай келе мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Оны тиімді де, икемді жұмсау білу көптеген қиын түйіндерді шешеді. Ол арқылы халық шаруашылығы, әлеуметтік сақтандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл  ақша қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.

Егер де экономикада мемлекеттік бюджеттің тапшылығы немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдері жалпы соманың жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі. 

Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы  қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға  қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жылдан жылға бюджет тапшылығы  азайып отыруы тиіс. Тапшылық азаймаса, тынысымыз тарыла түспек. Ал мұның  өзі бұрынғыдан да бетер қымбат несие  алуға немесе стратегиялық маңызы бар  мемлекеттік активтерімізді сатуға алып келеді. Мұның екеуі де біздің болашағымызға балта шабу екені айтпаса да түсінікті.

Бюджет байланыстарының  мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай  қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы  бюджет байланыстарын тиісті қаржы  құжаты - елдің негізгі қаржы  жоспарында  бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары - мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.

Мемлекеттік қаражаттарды  бөлу мен  пайдалану тиімділігін көтеру мақсатында бюджеттік процесті жетілдіру жөнінен бірқатар шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттің бірлігі жасалынды, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың бағдарламалық әдісі енгізілді, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар саны қысқартылды, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара қатынастар түзетілді, есептеу – кассалық қызмет көрсету, бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау әдістері жетілдірілді.

 Мемлекеттік бюджет жобасын  талқылау кезінде бюджет, қаржы,  мәдени - әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығын қорғау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен сын ескертпелері назарға алынды. Мұның өзі нашақорлықпен күрес, қоршаған ортаны қорғау және селолық аймақтарды кезеңімен дамыту жөніндегі шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер 

 

1.  Шеденов.  Ө.Қ,  Байжомартов.Ч.С, Жүнісов.Б.А, Кошагин.Б.И,  «Жалпы экономикалық теория», Алматы «Ақтөбе» 2002ж.

2.Қ.Қ. Ілясов,  С.Құлыпбаев,  «Қаржы»  Алматы 2005 ж.

3. Я.Ә.Әубәкіров,         Б.Б.Байжұмаев,         Ф.Н.Жақыпова,         Т.П.Табаев. «Экономикалық теория»,  Алматы, Қазақ университеті, 1999ж.

4.   Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері», Алматы, 2002ж.

5.  Н.Қ.Мамыров,       М.Ә.Тілеужанова       «Макроэкономика»,       Алматы, экономика, 2003ж.

6.  Райымкұлов.С «Экономикалық  теория негіздері», Алматы, 2005ж.

7.  Аяпова М.М, Арынов  Е.М, «Экономикалық  теория  негіздері», Алматы, 2001ж.

8.  Мауленов С.С,  Бекмолдин  С.Қ,  Құдайбергенов   Е.Қ.,  «Экономикалык теория», Алматы, 2003ж.

9. Дорнбуш Р.  Фишер С.   «Макроэкономика» Алматы 1997ж.

10. Есенгелдин Б.  Орманбаев А.  «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат  1998 №8.

11. Егеменді Қазақстан 2007ж. 15 желтоқсан 1-2 беттер

12. Сатаев.Т, Саясат 2007ж №2 ақпан, 4 бет

13. Исахова.П, Экономика негіздері 2007 №2 15-17беттер

14. Аль-пари, 2006ж. №1 179-186 беттер

15. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы

16. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж

17. Мұса.С, Егеменді  Қазақстан, 2007ж. 18 шілде, Ібет




Информация о работе Мемлекеттік қарыз және бюджет тапшылығы