Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 23:35, курсовая работа
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді.
Кіріспе........................................................................................................................
І БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Бюджет тапшылығының түрлері, сипаты...................................................
1.2. Мемлекеттік қарыздың сипаты және түрлері............................................
1.3. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды реттеу әдістері.............
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ ЖОЮ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары……………………………………………………………………….
2.2. Мемлекеттік қарыздардың мағынасы және оны жою жолдары...............................................................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Бюджет тапшылығы ұдайы
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын теңестіреді, баланстайды. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығындары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдері мен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі мәселесіне айналды.
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы – экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор – несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.
Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер қазынашылық міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғарғы процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруға тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторды орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің қазынашылық міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің қазынашылық міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы “мемлекеттік борыштың монеттенуі” көптеген елдерге тән жағдайда білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.
Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрлымын жасауды қажет етеді. Мұнда шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, қазынашылық міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.
Инфляция күшейген және ақша айналысының жалпы тұрақсыздығы жағдайында қысқа мерзімді қарыздың үлесі артады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде инвесторлар ұзақ мерзімді үкіметтің міндеттемесі бойынша ақша жұмсаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді қалайды, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріне тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта бөлінуіне әкеледі. Ірі бюджет тапшылығы және мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда қазынашылықтар берешекті төлеудің уақытын кейін ығыстырады. Осы мақсатпен мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай шаралардың мәні заемдарды жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Қазынашылықтар инвестордың келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздарға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдар міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа ұзақ мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің қаржы жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңында жалпы борыштың сомасын көбейтеді.
Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі
механизмін пайдалана отырып, қазынашылықтар
бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен
көлемде қаржы ресурстарын
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістерден осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.
Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық бағыттағы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алады. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында «дефицитті қаржыландыру» идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60-70 жылдарда анық көрінген экономиканың инфляциялық тұрақсыздануын күшейтті. Белсенді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ.
Мемлекеттік бюджеттің өлшемдері млрд.теңге |
1-тоқ. 2008 |
2-тоқ. 2008 |
3-тоқ. 2008 |
4-тоқ. 2008 |
1-тоқ. 2009 |
2-тоқ. 2009 |
3-тоқ. 2009 |
4-тоқ. 2009 |
1-тоқ. 2010 |
2-тоқ. 2010 |
3-тоқ. 2010 |
4-тоқ. 2010 |
1-тоқ. 2011 |
2-тоқ. 2011 |
3-тоқ. 2011 |
ЖІӨ-ге мұнайға жатпайтын түсімдер |
19,8 |
18,9 |
18,4 |
18,5 |
18,3 |
18,0 |
16,6 |
14,1 |
13,8 |
13,8 |
14,1 |
14,2 |
14,8 |
15,6 |
15,7 |
ЖІӨ-ге трансферттердің түсуі |
2,7 |
3,1 |
3,1 |
6,7 |
7,4 |
8,6 |
9,8 |
6,5 |
6,8 |
6,4 |
5,6 |
5,5 |
4,3 |
4,6 |
4,9 |
ЖІӨ-ге тапшылық (оң жақ ось) |
0,7 |
-3,4 |
-2.6 |
-2,4 |
2,9 |
-5,0 |
-3,2 |
-4,4 |
-0,6 |
-3,9 |
-4,5 |
-1,0 |
-1,9 |
-0,3 |
-0,2 |
ЖІӨ-ге мұнайға жатпайтын тапшылық (оң жақ ось) |
-3,7 |
-8,4 |
-5,3 |
-16,7 |
-5,3 |
-14,6 |
-10,2 |
-7,6 |
-9,5 |
-11,4 |
-8,4 |
-4,6 |
-4,8 |
-8,4 |
-5,4 |
Мемлекеттік кредитінің
негізгі нысаны кредит
Қарыздарды өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Табыстылық түрлері
бойынша қарыздар пайыздық (қарыз
иелері жыл сайын тең үлеспен
бекітілген мөлшерлерме
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі. Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарыдды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-занды және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Ақша ресурстарыңдағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда занды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді орналастыру аукциоңдық сауда-саттықта жүргізіледі, оңда міңдеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын қүрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша (жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы қүны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі 5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу кезіңде олардың атаулы қүнын алуға және жылына 6,14% мөлшерінде сыйақы (мүлде) алуға құқық береді. Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатыңда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын мемлекеттік қазынашы-лық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол қүжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырыдды. Қазынашылық міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны — елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық қүнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден — дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуьшан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысаңдарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
Ұлттық банктен шығып отырған мәліметке сүйенсек Қазақстанның сыртқы қарызы 2010 жылы 118 миллиард 226 миллион долларды құраса, бұл көрсеткіш 2011 жылы 123 миллиард 800 миллион доларға жеткен. Ал, биылғы жылдың 1-тоқсанында сыртқы қарыз көлемі 129 миллиард доллардан асып, 5,4 миллиард долларға көбейген.
Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы қарыздың 5 пайызға жуығы ғана мемлекеттің өз қарызы. Ал, қалған 95 пайызы - мұнай-газ, метталлургия саласындағы компаниялар мен банктердікі. Тіпті, жеке өзі миллиондаған доллар шетелден қарыз алған азаматтар да бар екен. Ұлттық банктің ақпаратында да ағымдағы есеп бойынша, банк саласының сыртқы қарызы 14, 600 миллиард долларға, яғни, 16,8% -ға кемігені көрсетілген.
Жылдар |
2010 |
2011 |
2012 |
Қарыз мөлшері |
118,226 миллиард |
123,848 |
129 миллиард |
Ұлттық банктің ақпаратына зер сала түссек,
2012 жылдың 1 қаңтарындағы сыртқы қарыз
мөлшерінің 48,4%-ын фирмааралық, нақтысын
айтқанда шетелдік компаниялардың еліміздегі
еншілес компаниялары мен бізде жұмыс
істейтін шетелдік компаниялардың қарызы
құрайтын болып шықты.
Қарызға батқан Қазақстанның қаржылық
жағдайы міне, осындай болып тұр. Салыстыру
үшін айта кетейік, 150 миллионнан астам
халқы бар солтүстіктегі көршіміз Ресейдің
сыртқа қарызы 2011 жылы 36,0 миллиардтың
шегінде тұрақтапты. Ал, Өзбекстанның
қарызы 2011жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ)
17, 5 пайызын ғана құрады.
Қазақстан қазіргі уақытта 110 елге қарыз. Мемлекет берешек елдердің ішінде көш бастап тұрғаны - АҚШ, Ұлыбритания және Ресей.
Елдер |
Нидерландия |
АҚШ- |
Ұлыбритания |
Қытай |
Қарыз мөлшері |
39,6 миллиард доллар |
7,8 миллиард |
7,5 миллиард |
7,3 миллиард |