Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:11, реферат
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады.
5.Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.
6.Тарихта
Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.
Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады.
Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
7.Даму сатылары.
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
8.Ассоциацияланған мемлекет.
Ассоциацияланған мемлекет — мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.
9.Буферлік мемлекет.
Буферлік мемлекет — екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.
10.Көпұлттық мемлекет.
Көпұлттық мемлекет — территориясында әртүрлі этностар — ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.
11.Ұлттық мемлекет.
Ұлттық мемлекет — белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.
12.Құқықтық мемлекет.
Құқықтық мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің
болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет теболмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 66 үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзініңКонституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзіндемократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі – заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуыкерек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.
Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәрінебірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей, «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюғахақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес.
Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.
Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.
Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне,
осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным бойынша бірде-бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін қажет.
Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп,
қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік беретін халық.
Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап отыратын мемлекеттік биліктің тармағы – сот билігі.
Сонымен, сайып келгенде,
демократиялық республиканың
Қорыта келгенде, мемлекеттің
ең басты міндеті—қоғамда
13.Әлеуметтік мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет — әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.
14.Унитарлы мемлекет.
Унитарлы мемлекет — әкімшілік-территориялық
бірлестіктердің саяси
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.