Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:11, реферат
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады.