Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 16:56, курсовая работа
Дискетаны форматтау - операциялық жүйе және оның қосымшалары дикіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.
Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.
Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір - біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.
Негізгі ұғымдар:
Дискетаны форматтау - операциялық жүйе және оның қосымшалары дикіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.
Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.
Дискіні дефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір - біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.
Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнай архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде дәл сол программа қолданылуы қажет.
Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды міселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын программалар қолданылады. Олардың қызметі – компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады
Мәліметтерді компьютерде кестелер түрінде ұйымдастыруға және өңдеуге арналған программалар кестелік процессор немесе электронды кестелер деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы – мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарды орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т.б.
EXCEL программасында құжат болып, .xls кеңеймесі бар файл есептеледі.Бұл файлды EXCEL-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден тұрады. Әрбір жұмыстық бет электрондық кесте түрінде қарастрылады да, онда 65536 жол және 256 баған болады. Жолдар мен бағандардың қиылысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық пайда болады. Кестедегі әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, В6, С7, т.б.).
Кестедегі қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты облысты диапазон деп атау келісілген. Диапозонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменгі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1:С6). EXCEL программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оны мына түрде жүргізуге болады:
1.Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады.
2. Мәлімет жазылған диапозон немесе екі ұяшық белгіленеді.
3.Тышқан көрсеткішін
белгіленген диапазон облыстың
оң жақ төменгі бұрышына
Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер.
1. Жұмыстық беттің
атын өзгерту: жұмыстық бетке
сәйкес жарлықтың атына екі
рет шертіледі немесе сол
жұмыстық бетті жою: Правка®Удалить листь немесе бетке сәйкес жарлық контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады.
2.Беттің орнын ауыстыру немесе көшіру: Правка®Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес жарлық контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать листь командаларының бірі арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін Переместить/скопировать листь терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;
3.Бет қосу: алдына
жаңадан қосылатын бет
Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде “=” белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді. Формула жазудың мысалы: =2*5^3+4 немесе =A1+cos(5.2)
Ұзақ формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады
Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоримт бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады немесе Функция шебері (Вставка-Функция) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі. батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады.
Excel программасында күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.
Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері пайдаланылады. Мысалы:
= СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9, ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді.
=СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.
Функциялардың негізгі категориялары:
«Математические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
ABS (сан) – санның модулі;
COS (сан) – косинусты табу;
EXP (сан) - функциясының мәнін есептеу;
LN (сан)- логарифмді есептеу;
SIN (сан) – синусты есептеу;
TAN (сан) – тангенсті есептеу;
СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;
СУММ(сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді.
«Статические» категориясы функцияларының сипаттамасы:
МАКС(аргумент1;аргумент2;...) – аргументтің үлкенін анықтайды;
МИН(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтің кішісін анықтайды;
СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;...) – аргументтердің кішісін анықтайды;
СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт;...) – диапозондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды;
Негізгі ұғымдар:
Қорытынды кестелер
үлкен тізімдердегі, мәліметтер қорындағы,
жұмыс кітаптарындағы және т.б. кестелердегі
мәліметтерді талдау, жалпылау және де
басқа мақсаттарға пайдалану үшін қолданылады.
Қорытынды кестелердегі мәліметтер бастапқы
мәліметтермен байланысты болады, бірақ
қорытынды кестелердегі мәліметтер үшін,
мүмкін болған жағдайларда есептеулер
жүргізуге болады. Жалпы қорытынды кестелердегі
мәліметтер өте үлкен мәліметтерге талдау
жасауда өте ыңғайлы құрал. Excel программасында
қорытынды кестелерді мәліметтер қоры
ретінде пайдаланылатын бір немесе бірнеше
үшін кестелердңғ негізінде құрады. Мысалы,
бір өнім түрінің (товардың) түрлі аймақтардағы
сатылу көрсеткішін сипаттау үшін қорытынды
кесте құруға болады.
Негізгі ұғымдар:
Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, енгізу және өңдеу.
Microsoft Access ақпаратты
сақтау және көрсету үшін
Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен бағандардың қылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттардан тұрады.
Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.
Мысалы, «Құны (Стоймость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон нөмірі» өрісіндегі деректерді телефон нөмірлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.
Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.
1.Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті - өлшемі.
2.Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін.
3.Күн мен уақытты енгізу өрісі күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады.
4.Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай деректер сақталатыны атауынан –ақ белгілі. Ақшаның сомаларының көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге көрсетеді.
5.
Қазіргі кезде деректер
6.Мәтіндік өрістегі бір кемшілік оның өлшемінің шектеулігіне (256 символдан аспайды) байланысты. Егер өріске ұзын мәтін қою керек болса, бұл үшін MEMO типті өріс қолданылады, онда 65 535 символға дейін сақтауға болады.
7.
Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда
бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ
оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті
бар. Егер деректер қорында мұндай өріс
болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде,
оған алдыңғы жазбадағы сол өрңстңғ мәнінен
бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі.
Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.
Практика
жүзінде бір-бірімен өзара байланысты
көптеген кестелерден тұратын күрделі
құрылымдармен жұмыс жасауға тура келеді.
Бір – бірімен өзара байланысты кестелерден
тұратын деректер қоры реляциялық деректер
қоры деп те аталады.
Негізгі ұғымдар:
Деректер базасын жасаушы кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізіледі. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.
Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.
Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көрк үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.
Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).
Деректер
базасының кестелеріне
Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:
1)Конструктор – пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.
2) Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.
3) Автопішіндер (Автоформы) – пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.
Информация о работе Казақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі