Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 22:52, курсовая работа
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиен қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындауға шығарады.
Кіріспе------------------------------------------------------------------------3-4
1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы.
Банктердiн қызметтері және экономика дамуындағы ролі.--
------------------------------- --------------------------------------------5-12
Несие ақшаларының түрлері және несие
формалары-------------------------------------------------------------13-23
2. Несие қатынастарының заңдылықтары
Несиелік жүйені құру принциптері---------------------------24-30
Қазақстан Республикасында қаржы - несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы.--------------------------------------------31-32
3. Қортынды-------------------------------------------------------------33
Қолданылған әдебиеттер.--------------------------------------------34
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдіңхалық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңында былай делінген ; «Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады.
«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жузеге асырады.
Бұл принцип –ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан республикасы Президентіне ғана есеп бере алды.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қозғаушысы ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайынды Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға тырысады , ал бұл ақша айналымынының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының капиталы мемлекет иелігіне , алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке ғана есеп береді.
Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ –та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында , Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы Заңға ғана бағынады.
АҚШ –тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын –Федералды резерв жүйесінің мүшелерін - сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі жөніндегі келіспеушілік бойынша қызметінен босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессо алдында есеп беріп отырады.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие жәнне валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар.
Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай деп жазылған: « Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша –несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қарж жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;
ә) осы шоттар бойынша үкмет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халқаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдермен қатысты өзара келісімен шарттарымен Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне қосмша несиелер береді.
Осылайша Үкімет, Ұлтық баніктің басқа да клиенттері тәрізді әрібір несие бойынша қайтарымдылық мақсатты сипатының мерзімділігі және төзімділік шаттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.
Үкімет әр бір несие бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемерлері бар тапсырылатын бағалы қағаздар шығарады. Оларды Ұлттық банктен өтеп алу мерзімі алты айдан аспауы тиіс, бірақ бұл мерзімді Қазақстан Республикасы Парламенті жыл аяағына дейін ұзатуы мүмкін.
АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқада елдерде іс жүзінде үкметті тікелей несиелендіру жоқ: Германия, Голандия; Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100пайыз қамтамасыз етілуі талап етіледі. (6.151)
2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ- НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелеріне қарай несие немесе банк жүесінің құрлымы қалыптасады. Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады:біріншісі-банктік жүйе, екіншісі-парабанктік жүйе. . Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдарындағы несие жүйесі туралы мәлеметтер 1- кестеде беріледі.
Несие жүйесінің элементтері | 12.2000 | 12.2001 | 12.2002 | 12.2003 |
Екінші денгейдегі банк-ң барлығы оның ішіндегі: | 48 | 44 | 38 | 35 |
Мемлекеттік | 1 | 2 | 2 | 2 |
Мемлекетаралық | 1 | 1 | - | - |
Шетел капиталының қатысуымен, оның ішінде: -100 пайыз, 50пайыздан аса, оның ішінде:еншілес банктер | 16
9/7 12 | 16
9/6 11 | 17
9/6 11 | 16
10/4 10 |
2 несиелік серіктестіктер | 8 | 19 | 29 | 37 |
3 ломбарттар | 42 | 45 | 52 | 35 |
4 ипотекалық компаниялар | - | 2 | 2 | 2 |
5 басқа да ұйымдар | 53 | 41 | 42 | 46 |
1-кестеден көріп отырғандай, банктеріміздің саны жылдан-жылға азаюда. 90-ж. басында олардың саны 200-ден асты,сөйтіп банк жүйесін реформалау барысында олардың саны 35-ке жетті.Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер саны- 2.Қазақстанның банкттік секторында шетел капиталының саны кеңие түсуде,олардың саны-16, яғни жалпы банкттер жартысына жуығын алды. Ал банкттік емес мекемелерде керісінше өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
Банкттік емес мекемелерінің немесе парабанктік мекемелердің банктердің айырмашылығы-олар біріншіден,клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншісі,банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қызмет көрсетеді [8;117]
Қорыта айтқанда, ақша айналымына ақшаның несие түрлі жетілген және автоматтандырылған жүйесін енгізгенмен адмзат қоғамының негізгі – тауарлы өндіріс болғандықтан «ақшасыз шаруашылық» деген ілім құрғақ қиял болып қала бермек. Ақша бұрын да болған, қазір де бар, болашақта да болады.
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы, төлем міндеттемесінің ең жай түрі қолхат сауда келісімдерінде жаңа дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Вавилонда пайда болған.
Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатнастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты; біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет : екіншіден , өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде ,яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасын өнімінөзі қолднатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек . Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі – несие қатнастарының туындайтын көрінісі.
Несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Несие саясаты – бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің несие саласында пайдаланатын өз ара байланысты шаралар жиынтығы.
Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикада несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін , сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жзетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.
Қолданған әдебиеттер тізімі.
1. .Саниев М.С. Ақша, несие, банктер Оқу құралы.-Аматы экономика және статистика институты-2001ж. 165 бет.
2. Денги, кредит, банки Учебник/ под.ред.Г.С.Сейткасымова – изд.2-е перераб.и доп.-Аматы: экономика, 1999г.432стр.
3. .Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер Валюта. Оқу құралы-Алматы,Экономика. 2000ж. 348бет.
4. .Крымова В. Экономикалық теория: Кетелі оқу құралы.-Алматы: Аркайым 2003-120 бет
5. .К.М.Жеңісбаева Ипотекалық несиелердің тиімділіктері мен оны жетілдіру жолдары Каз ЭУ хабаршысы,2004 №3 (38)
6. Жаймен Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім 2-том Алматы. Заң әдебиеті:2005-358бет
7. Сейітқасымов Ғ.С Ақша Несие Банктер. Оқулық – Алматы: Экономика 2001 ж 466-бет
8. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы – Алматы: ИздатМаркет, 2004 ж 248-бет
9. Ж .Серикбаева Экономиканы ақша-несилік реттеудің кейбір аспекттілері «Қаржы қаражыт» 2003 N3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖАНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУДА
« Экономикалық теория» кафедрасы
« АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР » пәнінен
НЕСИЕ АҚШАЛАРЫ: ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
« ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША »
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС