Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 22:52, курсовая работа
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиен қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындауға шығарады.
Кіріспе------------------------------------------------------------------------3-4
1. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы.
Банктердiн қызметтері және экономика дамуындағы ролі.--
------------------------------- --------------------------------------------5-12
Несие ақшаларының түрлері және несие
формалары-------------------------------------------------------------13-23
2. Несие қатынастарының заңдылықтары
Несиелік жүйені құру принциптері---------------------------24-30
Қазақстан Республикасында қаржы - несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы.--------------------------------------------31-32
3. Қортынды-------------------------------------------------------------33
Қолданылған әдебиеттер.--------------------------------------------34
Несиенің қызметкері
| |
Ынталандыру
|
Орнын ауыстыру |
Экономикадағы ақша айналымын жылдамдату арқылы экономикалық процестерді жылдамдату
|
Қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен ауыстыру |
Бөлу
| |
Оның көмегімен әр түрлі салалар арасында қаржыны қайта бөлу жүзеге асарылады [4;100]
|
1.2 НЕСИЕ АҚШАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕ ФОРМАЛАРЫ
Несие ақшаларының негізгі түрлері:
1. Вексель
2. Банкнота
3. Чек
4. Несиелік карточка
1. Вексель – төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты.
Ол несие және ақшалай есеп айрысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бір неше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі. Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:
Вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана қамтиды;
Векселдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сольдо қолма –қол ақшамен төленеді;
Вексель жеке және қарыз міндеттемесі болғандықтан оның айналыс аясы тек төлем қабілеті бар субъектілермен ғана шектеледі;
Векселдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі болады.
Векселді шығару жағдайына байланысты мынандай түге бөлінеді:
Қаржылық вексель – ол белгілі бір соманы субъектілер бір-біріне қарызға бергенде туындайтын қарыз міндеттемесі.
Қазыналық вексель (қазыналық бондар) – ол мемлекеттік міндеттеме. Оны мемлекет өзшығындарын өтеу үшін 3 ай мерзімге шығарып, номинал бағасымен банктерге сатады да, уақыты өткесін сол бағамен сатып алады.
Қола (бронзалық) немесе бос вексель – ол нақты ештеңемен қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемесі.
Достық вексель – ол жеке адамдардың банктегі өз шотынан бір-біріне қолма-қол ақша алып бергенде толтыратын төлем міндеттемесі, оны банк есепке алады.
2. Несие ақшалардың келесі түрі – банкнота. Банкнота - әр мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.
Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета иесі өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан сынамасын анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат – банкнота толтырып береді. Банкнота алтынға тең, себебі кез келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға болады.
Банкнотаның негізі коммерциялық вексель болғанымен одан өзгешеліктері бар. Олар бір-бірінен несие беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша ажыратылады:
Вексель бойынша несие беруші – сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота бойынша – Орталық банк;
Векселді айналысқа жеке кәсіпкер түсіретіндіктен векселдің жеке кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан, ол қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді. Банкте сақталған бүкіл өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып саналады;
Вексель мерзімзі (3-6ай) төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі шектелмеген міндеттеме.
3. Несие ақшалардың келесі түрі – чек. Чек банкке ақша салу және қолма-қол ақшасыз есеп айрысу барысында пайда болады. Чек дегеніміз – оған қол қоюшының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкімі. Чекпен есеп айрысу несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек 1683 ж. Ұлыбританияда қолданылды.
Чектің біріншіден, Банктегі ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алғанда, екіншіден, тауар сатып алу және қарызды өтегенде, үшіншіден, қолма-қол ақшасыз есеп айрысқанда айналыс және төлем құралы ретінде жүреді.
Чектің белгілі бір формасы болыды, яғни ол кітапша түрінде шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айрысу чектері кездеседі. Ақшалы чек иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және иесі – оны ұсынушы кісі. Ақшалы чекпен қолма-қол ақша алады.
Есеп айрысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып алынған чектің парақтары сатылып алынған тауарлар үшін немесе көрсетілген қызметтер үшін есеп айрысқанда қолма-қол ақшаның орнына қолданылады. Әртүрлі банктердің клиенттері өзара есеп айрысқанда чек орталық банкке толтырылады.
4. Несиелік (пластикалық) карточка қолма-қол ақша мен чектің орнана жүретін, сондай-ақ иесіне банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шотында қажетті ақша мөлшері болмай қалса, онда белгілі бір лимитке дейі оған қысқа мерзімді несие берілуі мүмкін. Плстикалық карточка негізінен бөлшек сауда айналымы мен қызмет көрсету аясында қолданылады [3:45].
Несие карточкаларын пайдалану банк операциясының электронды есептегіш машиналарды (ЭЕМ) қолданып, автоматтануға кеңінен жол ашты. Дегенмен ЭЕМ қолдану, жарнама беру көптеген шығынды талап етті. Сондықтан кейбір мемлекеттерде ЭЕМ-нің қатысуымен электронды ақша-есеп жүйесі жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, ақша айналымына несие ақшаның көп түрлері автоматтандырылған несие ақшасын енгізгенмен адамзат қоғамының өндірісі тауар өндірісі болғандықтан «ақшасыз шаруашылық» деген ұғым құрғақ қиял бола бермек.
Несие қатанстарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатнастардың өзгерүі несиенің оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие –ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушінің басқа басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистк несие жүйесінің негізін қалады.
Коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар.
Олар:
бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі;
бұл несиенің көлемі, ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді; оны тек өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес.
Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі саласына берілуі мүмкін.
Несиенің негізгі ек формасының – коммерциялық және банктік несиелер- әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі -ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы- халық , ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі формасында беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір санаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, берілген. Мұндай несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі-ол тауар түрінде берілетін несие Лизинг деп маманданған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез-келген экономикалық дербес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландырутұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілділігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие-бұрынғы КСРО-да кен қолданылған несие түрі. Ол – жоғарғы басшы органдардың өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі және пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы; бұл несие субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болдаы: несие тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы төленбейді;несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілді өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорындарда қаржы қиындығы жойылған соң жоғарғы органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы;, күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатнастарының ауқымы ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие-ол жылжымайтын мүліктерді-жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие [3;105]
Ипотекалық несие тұрғын үйлер, пәтерлер сатып алуға, үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге 3 жылдан 15 жыл мерзімге дейін беріледі. Мақсаты – жергілікті тұрғындарға өздерінің қаражаттары және несиенің есебінен тұрғын үй проблемасын шешуге жәрдем ету болып табылады. Ипотекалық несиенің көмегімен несие алушы үйдің құнын бірден төлемей, біртіндеп төлеп құтылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл ұзақ жылдар бойы пәтер жалдап, қаржыны босқа шығындағаннан, әрі ақыр соңында пәтерсіз қалғаннан гөрі тұрғын үй проблемасын шешудің анағұрлым тиімді жолы. Мемлекет үшін де ипотекалық несиенің маңызы аса зор болып отыр. Ол жеке тұлғалардың, инвесторлардың уақытша бос ақша қаражаттары айналымға түсіп, әлеуметтік саланың тұрғын үй проблемасын аздап болса да шешүіне ықпал етеді. Сонымен бірге тұрғын үй нарығының қалыптасуына және құрылыс саласының дамуына жағдай жасайды.Ипотекалық несиелеудің дамуының әлеуметтік және экономикалық рөлінен басқа, еліміздің банк жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруда да тікелей үлкен мәні бар. Ипотекалық несиелеу-тәуекел деңгейі ең төменгі банктік операция болып саналады.
Өйткені несие алушы несиені ұзақ мерзімге ала отырып, кепілге қойылған тұрғын үйді өзінің иелігінде сақтап қалады да, несие беруші кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар шығарып орналастыру арқылы қайта қаржыландыруды қамтамсыз етеді. Ипотекалық несиенің қаржы көзі ретінде негізінен ипотекалық компаниялар мен банктердің ипотекалық облигациялары қолданатындықтан,ипотекалық несиелеу ипотекалық мүліктің актісі мен мен несие алушының несиені қайтару міндеттемесіне негізделеді.