Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, лекция

Описание работы

1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Эконоикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекция.doc

— 749.00 Кб (Скачать)

е) экономикалық модельдер мен тәжірибелер. Экономикалық модель- бұл зерттеудің субъективті мақсатты  сипаты және оның объективті ерекшеліктерімен  анықталатын құрылымын, пайда болуын және экономикалық үдерісін қалыпты көрсету. Экономикалық тәжірибе- бұл экономикалық пайда болуды және әрі қарай тәжірибеде қолдану үшін және оның үдерісін зерттеу мақсатымен ең игілікті жағдайда жасанды шығару.

       Экономикалық  санат- қандайда бір пайда болудың  мәнін сипаттайтын ғылыми түсінік.  Бұл-  экономикалық өмірдің жалпы  мәнін көрсететін логикалық түсінік. Олардың нақты өндірістік- ұйымдастырушылық- экономиаклық қатынас тарды көрсететін объективті сипаттамасы болады.

         Экономиаклық санаттар объективті  экономикалық заңдардың мазмұнын  құрайтын тұрақты себепті- салдарды  байланыстарды анықтауға қызмет етеді.

        Экономикалық заңдар- экономикадағы  өзара байланысты қайталайтын,  мәнді, тұрақты, себепті- салдарлы  байланыстады анықтауға қызмет  етеді. 

        Экономикалық заңдар-  экономикадағы  өзара байланысты қайталайтын,  мәнді, тұрақты, себепті- салдарлы. Бұл қоғамдағы жақсылықты тұтынудағы және айырбастау, бөлу, өндіріс бойынша адамдардың қатынастары туралы заңдар. Олар адамдардың іс- әрекетіне қарай қызмет етеді және тарихи сипат алады. Олар объективті және адамдардың санасы мен еркінен тыс тәуелсіз жағдайда пайда болып, жүзеге асады. Экономикалық заңдар мынадай топтарға бөлінеді:

-  жалпы, барлық  тарихи дәуірлер үшін сипатты(мысалы, үнемдеу заңы, тұтынудың өсуі  туралы заң және т.б.)

-  әсіресе, олардың  іс- әрекетінің жағдайы сақталатын, сол тарихи дәуірге тән (мысалы, құн заңы);

-  арнаулы, нақты  белгілі бір шаруашылық жүргізу   нысанына тән(мысалы, құлдық кезеңдегі  бөлу туралы заң, социалистік  экономиканы жоспарлы дамыту  туралы заң және т.б.)

  1.4.         Позитивтік  және нормативтік экономикалық ғылым.

                 Экономикалық теорияның міндеттері.

                 Экономикалық теория және экономикалық  саясат

       Экономиканы  талдау нормативтік және позитивтік  әдістерді пайдалануды қарастырады.  Позитивтік немесе дискриптивтік  экономика экономиканың қызмет етуінің ғылыми және объективтік түсініктемелерін іздейді. Ол болуы мүмкін немесе болатын нәрсемен байланысты болады. Мысалы, егер үкімет бір тауарға салық салса, онда оның бағасы өседі.

       Нормативтік  экономика субъективті, және бағалау пікіріне негізделген іс- әрекеттің  рецептісін ұсынады. Ол мүмкін болатынмен байланысты болады. Мысалы, бюджетті толтыру үшін, бір экономист салықтарды көбейтуді ұсынады. Бірақ салықты көбейту кәсіпкерлікті ынталандыруды төмендетуі мүмкін. Егер «тиісті» немесе «қажет» деген пікірлер кездесетін болса, онда ол нормативтік әдіске жатады.

       Экономикалық  теория келесі қызметтерді атқарады:

-  танымдық(экономикалық  теория алынған білімді теориялық  түрінде көрсете отырып, қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);

-  әдіснамалық (экономикалық  теория экономикалық ғылымның  барлық жүйесі үшін теориялық  және әдіснамалық базасы болып  қызмет етеді);

-  білімдік (экономикалық  теория адамдардың экономикалық  мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);

-  тәжірибелік (экономикалық  теория қоғамның дамуының экономикалық  жолына көрсетіп, адамдардың мақсаттарына  тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі  тиісті ).

      Экономикалық  теория барлық мәселелері үшін  дайын шешім бермейді. Бұл экономикалық іс- әрекетке тереңдеп бойлау әдісі мен оның қозғалысын болжамдау үшін тек құрал болады. Экономикалық саясат- бұл игілікті пайдалану мен айырбастаудың, бөлудің қоғамдық өндіріс аумағындағы мемлекеттік мақсатты бағытталған шаралар жүйесі. Ол қоғамның оның барлық әлеуметтік топтарының мүддесін көрсетуге және ұлттық экономиканы күшейтуге бағытталған. Экономикалық саясаттың міндеттерін жүзеге асыру экономикалық теорияны терең білуге негізделген. Ол экономикалық теорияның келесі дамуында көрсетілетін экономикалық жүйені өзгертуге, жетілдіруге алып келуі мүмкін.

 Өз-өзін  бақылау сұрақтары:

  1. « Саяси экономияның », «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?
  2. Экономикалық теория нені зерттейді?
  3. Маслоу адам тұтынушылығын қандай деңгейлерге бөледі?
  4. Тұтынушылыққа кандай факторлар ықпал етеді?
  5. «Ресурстар» мен «игілік» деген не?
  6. «Баламалы шығын » деген не?
  7.   Өндірістік мүмкіндіктердің қисығы нені көрсетеді?
  8.   Экономикалық теория өзінің зерттеулерінде ғылыми танудың қандай              әдістерін пайдаланады?
  9. «Экономикалық санат »және «экономикалық заңдар» дегеніміз не?
  10. Нормативтік экономика позитивтіктен немен ерекшеленеді?

2- тақырып         ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ.

Лекция мақсаты: қоғамдық өндірістің мәнін ашу.

Лекция сұрақтары:

1. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА.  ӘР ТҮРЛІ МОДЕЛЬДЕР.                                      ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕДЕГІ АДАМНЫҢ   ҰТЫМДЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ.           

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР    ЖӘНЕ ӨНДІРІС ФАКТОРЫ.

3. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ  МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ 

                               

    1. АДАМ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА. ӘР ТҮРЛІ МОДЕЛЬДЕР.      

                                  ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕДЕГІ АДАМНЫҢ 

                                       ҰТЫМДЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

Адам – бұл ең басты  өндіруші күш, өйткені ол, жасап қана қоймай, жүзеге асырады және өндіріс құралдарын пайдалану әдістерін анықтайды. Өз кезегінде, өндірістің жаңа құралдарын тарату жұмыс күшіне жаңа талаптар қояды.

Экономикалық немесе шаруашылық қызметі тұтас мақсатты қызметті, яғни, әр түрлі тараптағы тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған және белгілі бір есепке негізделген шаруашылыққа адамдардың күш жұмсауын көрсетеді. Бір жағынан ол энергияны, ресурстарды және т.б. шығындарда, ал екінші жағынан өмірдегі шығындарды соған сәйкес толтырғанда көрінеді. Мұндай жағдайда, эконмикалық субъект (шаруашылық қызметіндегі адам) шығын мен табысты салыстыру арқылы, ұтымды іс жүргізуге тырысады. Адамдардың шаруашылық қызметі – бұл төрт сатыға бөлінетін әр түрлі пайда болулар мен үдерістердің күрделі кешені: меншікті өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.

Адамдардың тұтынушылқты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда  болады. Мұндай жағдайда, тұтынушылық  нақты нысанға – нысан мүддесіне  ие болады. Экономикалық мүдде –  бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда  болу нысаны. Экономикалық мүдделер шаруашылық (экономикалық) қызметінің объективті қозғаушы уәжін көрсетеді. Шаруашылық субъектісінің көпжақтылығын туындатады. Кономикалық мүдделерді жіктеу әр түрлі критерилерді пайдалану негізінде жүргізіледі. Мүдделерді алып жүргізушілерді анықтау негізінде қоғамдық, ұжымдық, жекелік, ұлттық және интернационалдық, аймақтық, мекемелік, топтық, жанұялық, таптық, әр түрлі әлеуметтік топтардың (жұмыс істейтін , жұмыс істемейтін, жастардың, зейнеткерлердің және т.б.) мүдделерін айырады. Ағымдағы, келешектегі, ұтымды және ұтымды емес, түпнұсқа, жасанды куәлар, қаржылық, еңбектік және т.б. мүдделерді ерекше құрайды. Барлық осы мүдделер бірлікте өмір сүреді, бірақ, олардың араларында қарама-қайшылықтар бар. Сөйтіп, жеке мүдде ұжымдық мүддемен қарама-қайшылықта болуы мүмкін. Материалдық уәждемеден басқа, материалдық мүдделікке байланысты, әлеуметтік немесе моральдық уәждемені және әкімшілік (ұйымдастырушылық) уәждемені айырады. Әкімшілік уәждеме мемлекеттің еңбекке қатысуды талап ету құқығы мен әкімшіліктің қызметкерлерден еңбек қызметіндегі қабылданған ережелерді сақтауды талап ету құқығына сүйенеді.

Бұл уәждеменің негізі –  еңбек тәтібі, ал, оның нәтижесі қызметкерге  өзінің міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін шараларды  қабылдайтын тәртіптік жауапкершілік болып табылады.

Экономикалық әдебиетте  адамды «модельдеудің» көптеген бағыттары  кездеседі. Солардың кейбіреулерін  қарастырайық.

    1. Ағылшынның классикалық мектебі, маржиналдық және неоклассиктері әзірлеген адамның жаңаша мінез-құлқының моделі. Мұндай мінез-құлық негізінде жеке адамның пайдаланылатын мүмкіндіктері мен ресурстарының шектеулі жағдайдағы ең аз шығынмен ең көп нәтиже алуға тырысуы жатады.
    2. Кенсиондық мектеппен әзірленген адам моделі. Уәждемелі ынталандыру өзіне материалдық игіліктерге ұмтылысты ғана қосып қоймай, психологиялық сипаттағы белгілі бір элементтерге – көмек көрсету, бос уақытты пайдаланып, дәстүрге байланысты мақсаттарға ұмтылуды ендіреді.
    3. К. Маркспен әзірленген адам моделі. Бұл модель несиелі капитал мен сауда, өндірісті көрсететін капиталистерге дейінгі «қарапайым тауар өндіруші» деп аталатын абстрактылық жағдайдан нақты жағдайға көшуді талап етуді болжайды.
    4. Қазіргі шындықты көрсететін, әлеуметтік-экономикалық үдерістердің субъектісінің жаңа моделі. Бұл модель үшін жеке адамның (еңбек үдерісінің өзіне қанағаттану, оның әлеуметтік мәні, күрделілігі) рухани тұтынушылығы қаншалықты болса, соншалықты материалдықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағытталған қызметтің өсуінің уәждемесіндегі өзгерістер сипаты тән. Оған жоғары білімді және мәдениет деңгейі жоғары және т.б. адамдар өмір сүретін әлем туралы елеулі ақпараттылықтың болуы тән.

 

 

 

    1.       ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР 

                                           ЖӘНЕ ӨНДІРІС ФАКТОРЫ 

Экономикалқ ресурстар  – бұл өндіріс үдерістерінің мүмкіндіктері, қаржылар, көздер. Олар материалдыққа, еңбек және қаржылық ресурстарға бөлінеді. Материалдық ресурстар өндіріс үдерісінде қолдану мен өңдеуге арналған заттық элементтер кешенінің барлығын көрсетеді. Нақты құрамы бойынша олар өзіне шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, жағармайды, энергияны, сондай-ақ өндірістегі өңдеуі бітпеген жартылай фабрикатты қосады. Еңбек ресурстарына қоғамдық пайдалы еңбекке жарамды елдің тұрғындарын қосады. Қаржылық ресурстарға – мемлекеттің қарауында болатын ақшалай қаржыларды, кәсіпорындарды, мекемелрді, тұрғындарды қосады.

Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде  болады. Бұл ерекшелік әр түрлі  өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды  бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген қызмет төңірегіне өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатты дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын, тәрізді ерекшеліктерге ие. Қолжетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер телімдерін жер өңдеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатынын көрсетеді. Мысалы, станоктардың шектелген көлемінде көп жұмысшылар күшінің іске қосылатынын көрсетеді.

Іске қосылған өндіріске  берілген экономикалық ресурстар өнірістің  факторын анықтайды. Өндірістің негізгі  факторлары еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Еңбек (жұмыс күші) – бұл материалдық игілік пен қызметті құру үшін өндірісте қолданылатын адамдардың ақылы мен барлық физикалық қабілеті жиынтығы. Жұмыс күшін жүзеге асыру еңбек үдерісінде өтеді, сондықтан өндірістегі адам ресурстары ретінде, «жұмыс күші» және «еңбек» деген түсінікті жиі теңдестіреді. Еңбек өмірдегі жақсылықты құру үшін мақсатты бағытталған адамның қызметі ретінде бағалауға болады. Уақыт бірлігіндегі өнім көлемімен өлшенетін еңбек өнімділігі оның маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Өндіріс факторы ретіндегі  капитал – бұл өндіріс құралы, еңбек құралының және еңбек затының  жиынтығы. Еңбек құралы – бұл  адамдар көмегімен белгілі бір  игілікті жасайтын, заттарды өндіретін (құралдар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимарат және кешен). Еңбек заттары – бұл неден өндіреді, яғни адамдар еңбек үдерісі кезінде ықпал ететін және келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайтын заттар (кен, мұнай, шикізат, маиериалдар және т.б.). Өндіріс құралы – бұл шынайы капитал. Сондай-ақ, ақшалай капиталды да яғни, өндіріс құралын сатып алу үшін аұшаны бөледі.

Жер өндіріс факторы  ретінде – жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өндіріске тартылады.

Кәсіпкерлік қабілеті адамның  бизнесті немесе кез-келген жаңа істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, соған байланысты шығынды, тәуекелді және жауаптылықты өзіне қабылдауына байланысты қортындалынады. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.

Нағыз кәсіпкерді үлкен  еңбек сүйгіштігі, ұсынысшылдығы, жаңашылдығы, шығармашылық рухы, іскерлік қасиеті, адамдармен араласа білуі, оларға ықпал ете біуі қазіргі уақыттта өндірісті ұйымдастыру, өндіріс технологиясы, өндірістің ақпараттық факторы, ғылым, энергетикалық, экологиялық факторлар тәрізді, қазіргі заманғы өндіріс факторларын бөлу қажеттілігін айтып келеді.  

    Өндірісті  ұйымдастыру – бұл барлық өндіріс  үдерістерін тәртіптейтін және  бірлігін қамтамасыз ететін ішкі  өндірістік байланыстардың құрылысын  анықтаушы құрылым. Өндірістің  технологиясы еңбек затын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым – бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген обективті білім. Энергия – бұл өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.

Информация о работе Экономикплық теормяның пәні және әдісін анықтау