Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа
Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Кіріспе...............................................................................................................................6
1 Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялардың экономикалық теорияда алатын орны.....................................................................................................7
1.1.Экономикалық заңдар мен санаттар.........................................................................8
1.2.Экономикалық заңдардың объективтік сипаты......................................................9
2 Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық заңдары мен пайдалану механизмі........................................................................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасының құн, ақша, несие заңдары, пайдалану механизмі........................................................................................................................18
2.2.Қазақстан Республикасының сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдануды зерттеу.............................................................................................................................24
Қорытынды.....................................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................................27
Қосымша А ҚР-ның ақша несие статистикасы...........................................................28
Шын мәнінде ерікті ұйымсыз, жеке адам өз инициативасы бойынша ерікті түрде кәсіпорын ұйымдастырмай нақтылы шығындарын есептей алмай немесе жаңа технологияның кажеттілігін түсінбейді. Ешбір жоспарлаушы орган шектелген өнімді, шектелген пайдалылықтың барлық жиынтығын, факторлар мен өнімнің бағасын есептеп, экономикалық проблемаларды шеше алмайтындығын әлемдік тәжірибе керсетіп отыр. Тепе-тендік бағасы барлық рыноктардағы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасады, шекті қоғамдық, пайдалылық пен шекті қоғамдық шығындар бір-біріне тең келіп тұратын "дәстүрлі бағаны" көрсетеді. "Дәстүрлі баға"өндірістің барлық негізгі факторларын: еңбектің, капиталдың, жерді пайдалану технологиясының тұрақты деңгейіндегі барынша тиімділікті сипаттайды. [10] Сонымен, құн заңы дегеніміз- баға заңы. Рыноктық бағаның ауытқуы бұл заңның мына секілді маңызды қызметтерін анықтайды:
Несие заңдарын білу және соның негізінде тиімді несие механизмін ретке келтіру өндіріс қорларының айналыстары мен айналымдарының біркелкі еместігіне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын білдіреді.
Несиенің пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының жұмыс істеуі жағдайында ғана әрекеттік күші бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдік қатынастарға негізделген экономика салаларында ғана туындайды.
Егер шаруашылық субъектісінің өзі атқарып отырған жұмысының нәтижесі үшін нақты материалдық жауапкершілігі болмаса, несиелік қатынастардың дұрыс жұмыс істеуінің, несиенің қайтарылып келетіндігінің кепілдігі болмайды. Несиенің пайда болу Заңының бұзылуы экономикадағы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.
Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтік, қажеттілік, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.
Несие заңдарының өзінің қозғалыс заңдары іспеттес көрінісі бар. Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушіден қарыз алушыға өтіп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстінде болады. Егер ол бір буында тоқтап тұрып қалса, өзінің мәнін жоғалтып, несие болудан қалады. Сондықтан несиенің қозғалысы обьективті, қажетті, маңызды, жалпыламалы, нақты дүние. Яғни, несиенің қозғалысы оның аса маңызды сипаты, өмір сүруінің заңы.
Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиені басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгісі мен ерекшелігі — қайта айналып құйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушіге қайта айналып келмейтін болса, онда өзінің мәнін жоғалтып, жеке экономикалық категория ретіндегі несие боп аталудан қалады. [16]
Тарылған құндылық өзі шыққан пунктте қайта оралып келу үшін белгілі бір жұмыс істейді, яғни ұдайы өндіріс процесіне қатынасады, пайызын өсіру үшін уақытша пайдалануға берілген бастапқы мөлшерін қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзіндік мүмкіндіктер жасайды. Бұл процесте: объективтілік, қажетттілік, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгілері бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушіден оны алуға дейінгі жолда өзінің тұтынушылық ерекшеліктерін (өндіріс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрін сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын екендігімен бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзінің бастапқы сапасын, әрі жоғары мүмкіндіктерін жоғалтпайды.
Несиенің қарастырылған заңдары мен олардың ерекшеліктерін танып білудің тәжірибелік маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлгаюы сияқты аса күрделі экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемітеді, инфляцияға келіп соқтырады және т.б. [17]
Қазақстан Республикасының ақша-кредит және банк статистикасы бойынша елдің халықаралық резервтері 2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (53,3 млрд. долл.) 82,2 млрд. АҚШ долл. құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға ұлғайды.
Экономикаға банк кредиттерінің жалпы көлемi 2012 жылдың 1 тамызында 9289,3 млрд. теңгені құрады және 13,5%-ға өсті.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылдың 1 тамызында 9184,1 млрд. теңгені құрады және 8,0%-ға өсті.
Несиелеу обьектілері бойынша банкілер несиелерінің құрылымы суретте көрсетілген (1- сурет).
Сурет 1. Несиелеу обьектілері бойынша банкілер несиелерінің құрылымы
Заңды тұлғаларға кредиттер беру 2012 жылғы қыркүйекте өткен айға қарағанда 1,3%-ға өсті және 6835,7 млрд. теңге құрады, жеке тұлғаларға 2%-ға өсті және 2695,3 млрд. теңге құрады. Кредиттердің жалпы сомасында ұзақ мерзімді кредиттер 81,2% (7739,9млрд. теңге), қысқа мерзімді кредиттер 18,8% (1791,2 млрд. теңге) құрады. (2- сурет).
Сурет 2. Несие рыногы
2.2. Қазақстан Республикасының сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдануды зерттеу
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады. (График түрінде 3- сурет). [18]
Сурет 3. Сұраныс қисығы.
Q – қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер P1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, P2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с.с.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы төмендеген сайын, сатып алушылар саны көбейе береді, сұраныс жоғарылайды.
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының кері тәуелділігі ұсыныс заңы деп аталады. Суреттегі қисық сызықты сұраныс қисығы дейді.
Сұраныс қисығы – сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Біз осыған дейін сұранысқа тек бағаның тигізетін әсерін айттық. Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптен сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1, қисығымен қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (4-сурет). [24]
Сурет 4. Сұраныс қызметі.
Сұраныстың бұл қызметін – сұраныс қызметі (функция) деп атайды. Сұраныс қызметі (функция) – сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға тәуелділігіне байланысты анықтайтын қызметі.
Сұранысқа бағадан да басқа әсер ететін факторлары бар. Олар:
а) тұтынушылар табысының мөлшері мен динамикасының өзгеруі;
б) тұтыншылар талғамының өзгеруі;
в) нарық мөлшері;
г) бағалық және тапшылық күту;
д) алмастыратын және толықтырушы тауарлардың болуы, т.с.с.
Осы факторлардың бәрінің қызметі сұранысқа әсер етіп оны құрайды. бұл жерде: (2)
- сұраным;
– баға;
– табыс;
– талғам;
– күту;
– алмастырушы тауар бағасы;
– аралас тауарлардың бағасы;
– сатып алушылар саны;
– басқа да факторлар.
Жоғарыдағы аталған факторлар жеке сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжуын қамтамасыз етеді.
Ұсыныс дегеніміз – тауар өндірушінің сатуға нарыққа шығарған тауар саны (көлемі).
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы тауардың нарығындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика түрінде 5-суретте бейнеленген (жеткізілген тауарлар саны Q; бағаның қазғалысы P).
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан, бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы туралы ғана екенін айтып отырмыз. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі, ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны төмендетеді.
Сурет 5. Ұсыныс қисығы.
Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді, өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмендейді. Әрбір тауардың өз сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ оларға бір рет және мәңгілікке берілген деп қарау дұрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен ұсыныс қисығының да жылжуы мүмкін. [19] Баға мен ұсынылып отырған тауар санының тікелей байланысын ұсыныс заңы – дейміз. Ұсыныс қисығы осы уақытта нарықта қанша тауар әртүрлі бағалармен сатылатынын көрсетеді. Ұсыныс қызметі (функциясы) дегеніміз – әртүрлі әсер етуші факторларға тәуелділігіне байланысты ұсынысты анықтау. Ұсынысқа тек баға ғана әсер етпейді, оған басқа да факторлар әсер етеді.
Ұсынысқа әсер ететін факторлар:
а) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағасы;
б) технология;
в) нарық экономикасының бағалық және тапшылық агенттерін күтуі;
г) салық пен субсидиялардың мөлшері;
д) сатушылар саны.
Ұсыныс көлемі (мөлшері) – факторлардың қызметі (функциясы):
Бұл жерде: тауар бағасы;
ресурстар бағасы;
қолданылған технология сипаты;
салық және субсидия;
сатушылар саны;
басқа да факторлар.
Сурет 6. Ұсыныс қызметі (функциясы).
Ұсыныс қисығының түрі тауар өндірудегі өндіріс технологиясы мен ресурстарды пайдалануға тікелей байланысты. Егер өндіріс икемді болып, ондағы пайдаланатын ресурстар жоғары болса, онда бағаның азғантай өзгерісі тауар ұсынысын едәуір көтеріп, қисықта оң әрекеттер болады. Егер өндіріс шығарған өнімнің көбеюі үлкен ресурстар шығынымен байланысты болса, онда қисық өте теріс әрекеттерге апаруы мүмкін.
Ұсыныс қисығы мына төмендегі шарттарды сақтау негізінде құрылуы қажет:
Егер осы шарттар сақталмаған жағдайда ұсыныс қисығы ауысады: әр түрлі бағамен ұсынылған тауар саны өссе, онда ол оңға және төмен ауысады, ал қысқарса – солға және жоғарыға ауысады. Егер аталған шарттар тұрақты болса, онда баға өзгерісі қисығымен жүргізіледі. [20]
Сұраныс пен ұсыныстың қысқаша талдауынан байқалғаны ұсыныстан да, сұраныс, уақытқа қарай қозғалыста жиі болады. Бұл мынаған байланысты, сұраныс көп жағдайда баға өскен кезде бірден қысқарып кетеді. Керісінше бағаның өсуі өндіріске берілетін бірінші хабар болады, сонан соң тауар өндірушілер өндірісті ұлғайтып, қосымша ресурстарды іске қосып, соның негізінде тауар ұсынысы көбейеді. [12]
Нарықта сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауар қосымша қорының мөлшері мен оның бағасының динамикасына және халықтың ақшалай табысына, сауданы ұйымдастыруына, жарнама т.с.с. факторларға тәуелді. Бұл жағдайдың көрінісін үш вариантта байқауға болады.
Бірінші вариант, ұсыныстың сатып алушылар сұранысынан артық болуы. Мұндай жағдай тауарды артық өндіргеннен ғана емес, тауарлардың бағасының тым жоғары көтерілуінен, халықтағы ақша тапшылығынан және т.б. әрекеттердің салдарынан болады.