Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялардың экономикалық теорияда алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................6
1 Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялардың экономикалық теорияда алатын орны.....................................................................................................7
1.1.Экономикалық заңдар мен санаттар.........................................................................8
1.2.Экономикалық заңдардың объективтік сипаты......................................................9
2 Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық заңдары мен пайдалану механизмі........................................................................................................................10
2.1. Қазақстан Республикасының құн, ақша, несие заңдары, пайдалану механизмі........................................................................................................................18
2.2.Қазақстан Республикасының сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдануды зерттеу.............................................................................................................................24
Қорытынды.....................................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................................27
Қосымша А ҚР-ның ақша несие статистикасы...........................................................28

Работа содержит 1 файл

Курсовая Работа.docx

— 411.34 Кб (Скачать)

                         Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................................6

1  Экономикалық заңдар  мен экономикалық категориялардың   экономикалық теорияда алатын  орны.....................................................................................................7

1.1.Экономикалық заңдар  мен санаттар.........................................................................8

1.2.Экономикалық заңдардың  объективтік сипаты......................................................9

2 Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық заңдары мен пайдалану механизмі........................................................................................................................10

2.1. Қазақстан Республикасының құн, ақша, несие заңдары, пайдалану механизмі........................................................................................................................18

2.2.Қазақстан Республикасының сұраныс пен ұсыныс заңдарын қолдануды зерттеу.............................................................................................................................24

Қорытынды.....................................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер...............................................................................................27

Қосымша А ҚР-ның ақша несие статистикасы...........................................................28


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                    Кіріспе

 

   Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.

     Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.

    Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады.

     Ғылым догма емес  дегенді басшылыққа алсақ,  саяси экономия пәнінің орнына экономиялык теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудың ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалық ой-пікірдің тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындағы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралык еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы қажет. Кеңес Одағында Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең келемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой - пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған қайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудың, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы қиын-қыстау кезеңде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі зкономиканы өркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркеңдеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар саласына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар - ақша қатынастары жөнінде шындыққа сәйкес келмейтін кағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік орын алды. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай экономикалық өркендеудің қазіргі заманғы даңғыл жолы рынок қатынастарын қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды.

      Бұл курстық жұмыстың міндеті: ең алдымен экономика ғылымының заңдарын және оның санаттарын зерттеп, анықталған саланың ішіндегі такырыптарға жеке-жеке тоқталып, оларды мазмұндау.

    Бұл жұмыста жалақының, пайыз бен пайданың табиғи (дәлірек айтқанда орныққан) стандарттары мазмұндалады, ал екпінді қозғалыстар нақты және екпінді қоғамныңң әрекетіне орныққан заңдар билік жүргізетіні туралы дәйекті анықтау үшін ең қысқа және жалпылама жолмен сипатталады. Өзіне тән түбірлі өзгерістері және осы өңірдегі таза заңның әрекетімен бірге қызметін барлық қайшылықтары бар нақты өмірде, жалақы алу жағдайында осы орныққан стандарттардың маңайында ауытқып отырады және оның осы стандарттардан өзгеріп отыруының өзі заңға бағынышты. Әсіресе, адамды табиғатпен бетпе-бет қоятын және адамды одан нені жеңіп ала алатынына тәуелді ететін қарапайым қағида, ең күрделі шаруашылықтың да заңы болып қала береді.

   

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялардың экономикалық теорияда алатын орны

 

    1. Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялар

 

     Экономикалық заң дегеніміз - қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары.

     Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларыңда өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар коғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамыта отырады.

    Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

     Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Мұңдағы бір маңызды, ескеретін жайт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды     қатынастарды     ғана  сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол   объективті   шындықтан   туындайтын   құбылыстар   мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп - салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды.    Олар   табиғат   заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар   табиғат   заңдарынан  өзгеріс. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс - қимылымен байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы дамуынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі.

     Жоғарыда керсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар - ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Баға дегеніміз құнның ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың міндеті. [1]

     Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өңдірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалық категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, қосымша құн, ақша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, қоғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауға көмектеседі. Экономикалық категориялар тарихи  сипатта болады,  олар коғамдық формацияның қалыптасу,  даму процесін сипаттайды.

     Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды.

 

    1. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты

 

     Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.

     Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

     Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

      Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

     Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі.

     Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары.

     Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет. [2]  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасының негізгі экономикалық заңдары мен пайдалану механизмі

 

     2.1.Қазақстан Республикасының ақша, құн, несие заңдары; пайдалану механизмі

 

      Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.

      К. Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне бөлінген, сатылған тауарлардың баға сомасына тең болуы керек.

        (1)

мұндағы М -ақша массасы,

Т - тауар массасы,

Б - тауарлардың  орташа бағасы.

К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған  кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егср ақша нақты қажетті  деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар акқша бірліктерінің рөлін мүлтіксіз (мінсіз) орындады. [3]

Информация о работе Экономикалық заңдар мен экономикалық категориялардың экономикалық теорияда алатын орны