Инвистиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 15:03, реферат

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвистицияның мәні және инвистициялық жобалардың тиімділігі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Содержание

КІРІСПЕ -----------------------------------------------------------------------------------

I ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы-------------------------

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары ----------------------------

1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері---------------------------


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ--------------------------------------------------------------------------

2.1 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер------------------------------

2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары ---------------------------------------------------------------------------------

2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау------------------------------------------------------------------

2.4 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары-------------------

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------------------

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------------------------

Работа содержит 1 файл

Асель Курсовой.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемі  2003 жылғымен салыстырғанда   10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % ,  2006 жылы 33,0%) өсті.

2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың  онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.[Қосымша В]

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 %  өскені байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы  көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.

2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көп жағынан шетелдік қаржыландыру көздерін тарту есебінен қаржыландырылып келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.

Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар құрылымындағы өндірілмеген материалдық және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.


2.4 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары

 

Эконамиканың дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.

Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро" ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек" спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СП аккумулятор зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС, ″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта өндеу кәсіпорындары шығарған өнімнің көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп артып отыр.

Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.

Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын өндіру, шағын өзендерде энергетикалық нысандар салу аралығы олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі караның және үй кұстарының еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.

Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.  

Облыстың жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына келтіру қолға алынды.  Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық.

Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.

Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы  шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл  мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.

Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның  және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан   әрі   әлемнің   басқа   да   елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.

Инвестиция  салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.

Қазақстанның интеллектуалдық және рухаи потенциалдығын негізі болып саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл  мәссле  бойынша   жоспарлары  болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық  процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды  қатар  қалыптастырып,   ескеріп   отырғанда   ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады.

Әрине,   экономикалық   және   әлеуметтік  тиімділіктерді,  дегенімен де олардың нақты қырларын айқындап, нәтижелерін қадағалап отыру қажет. Сонда ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін  атқарып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

Информация о работе Инвистиция