Инвистиция

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 15:03, реферат

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвистицияның мәні және инвистициялық жобалардың тиімділігі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Содержание

КІРІСПЕ -----------------------------------------------------------------------------------

I ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------

1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы-------------------------

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары ----------------------------

1.3 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері---------------------------


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ--------------------------------------------------------------------------

2.1 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер------------------------------

2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары ---------------------------------------------------------------------------------

2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау------------------------------------------------------------------

2.4 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары-------------------

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------------------------------------------------

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------------------------

Работа содержит 1 файл

Асель Курсовой.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

КС = БСх(п + г), мұндағы -

КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны.

Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.

Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.

Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.

Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

2.1 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер

 

Инестициялық саясатта кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында балмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.

«На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил в Алматинском казиио 430 тысяч долларов» деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция —  шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?

Әлгі екі облыстағы компанияны қазіргі жағдайға жеткізу үшін , енді оған миллиардтаған ақша, жаңа көзқарас, жаңа менеджмент, озық техналогиялар керек емес пе? Оған миллиардтаған қаржыны қайдан алады ? Біреуі өзміздің коммерциялық банктен алса, екіншісі облыстағы банктен алуы керек. Өздерінде сонша ақшаның жоқ екені рас қой. Өзіміздегі банктен ақша алғанан гөрі мемлекетке шетелден өзімен бірге ақша алып келген капиталистер тиімді емес пе? Алғашқы жылдары біздің банктерде ондай қаржы жоқтың қасы еді. Қазақстанға ірі қаржының екі-ақ рет түскенің білемін:

1.Елбасы қаржыға амнистия жариялағаннан кейіп, 100 қалталы қазақтың шетелге тыққан 500 миллион долларын зорға дегенде қайтардық.

2. Гиппер инфляция кезінде қазіргіАлматы. қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырза «Қара-Шығанақ» кең орнына түскен 600 миллион долларды Елбасының атынан бюджетке аударғанын бүкіл халық алдында айтты.

Сондықтан мемлекеттік мүддені бірінші орынға. қойып, барды бар, жоқты жоқ дегенміз жөн шығар.

Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отатрып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен әкімшілігі арасында 2004—2006 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықтальгп, іске асырылып жатыр.  Яғни инвестициялардың тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылы-ғын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.

Әлеуметтік жобалар тез кайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.  

  Әлеуметтік жобаларды қаржылаңдырудың бір түрі - ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес органдары тек қана аймақгық парлар бойынша тікелей карызы бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы оргаңдардың карыз алу негізінде каржжыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.

Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағыда бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптегсн корпоративтік құнды кағаздардың тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар нарығын|да инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету үшін, оның қорына қаражат және басқа да бағалы қағаздар рыногында айналымда жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық кағаздарды, тауарлық-несиелік корпорациялардың брокерлік карыздары мен куәліктерін, орналастырады.

Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғии мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады.

Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.

Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру  де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.

Сонымен, инвестициялық процесті пайда табу  арқылы  әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестциялық іс-әрекетті,  оның тиімділігнше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары

 

Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

Қазақстан              Республиканың              өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше  белсенділігіне   қол  жеткізілгенмен  жер  қойнауын пайдалану мен  жағдайын талдау   кезінде   оның толықтай игерілмегендігі анықталды. Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін құрады.

Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.

Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.

Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.

Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.

Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

Тәртіпке сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына қатысты болуы;

2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

Инвестщиялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

Информация о работе Инвистиция