Инфляцияның мәні, себептері мен салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:09, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс Гулдария.docx

— 1.47 Мб (Скачать)

Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша  көлемін  қадағалап  реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі  бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,  дамыған Батыс  елдерінің  тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік  стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті  дамыту бағдарламасы жасалған. Осы  жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың  бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан  Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа  мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын  қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен  қатар, Қазақстаннның барлық  әкімшілік  – экономикалық  аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның  барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін  белгілі экономикалық саясат жүргізуге  мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер  ең алдымен мына сұрақтың жауабын  табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар арқылы инфлияцияны  жою керек пе, әлде инфляция жағдайына  икемделген дұрыс па?

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп  айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі  – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ  сонымен бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің  инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,  жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. /11, 76б./

Екінші әдістемені жаңа  классикалық  бағыттағы  экономистер  ұсынады. Олар  бірінші орынға ақша – несие  арқылы  реттеу  әдісін  қояды. Бұл әдіс  экономика жағдайына  жанама  түрде  икемлді  ықпал  жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей  бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді. Орталық  банк  айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз  пайызы (процент)  келісімін реттейді, сонымен  экономикаға  ықпал жасайды.

Сонымен инфляция салдары  барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің сан  алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ  көптеген білікті экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы жүргізу  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар.

3.1 Инфляцияның  2010 жылға дейінгі даму барысы.

 

Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге  көшуге бағыт алды. Осы бөлімді  қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай  бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер  қозғалатын болады.

Еліміздегі макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы  секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал  етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен  теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық  шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға  бағытталған.

1-кестедегі мәліметтерде  берілгендей, соңғы жылдары ақша  агрегаттарының қарқынды өсуіне  қарамастан жыл аяғында инфляция  деңгейі 7%-дан төмен болды. /12, 56б./ (Қосымша Ә)

2002 жылдан бастап Ұлттық  Банк өзінің ең басты мақсатын  ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі  еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік  беретін инфляциялық таргеттеудің  негізгі принциптеріне ауысуды  негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық  таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп  бағытталуды көздейді. Бұған себепші  болған инфляцияның «монетарлық»  құштарлығының деңгейінің төмендеуі.  Осыған байланысты, Ұлттық Банктің  негізгі және соңғы бағыты  – мемлекетте бағаның тұрақтылығын  сақтау.

Таргеттеу (ағыл. targeting –  бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік  перспективада негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштерді бағытты басқару  процесі.

Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары  ажыратылады, олардың ішінде: номиналды  табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын  таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (3 сурет). /12, 57б./

Ең бірінші болып инфляциялық  таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы  он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді  қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті.

 

3 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы

 

Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық  таргеттеу элементтерін қолдануға  келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда  да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жүр (2-кесте). Инфляция деңгейі көрсеткішінің  қажеттілігі тек ақша нарығын  көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар  экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні  екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /12, 57б./

Қазақстандағы болжамды және нақты инфляция деңгейі

2-кесте. 

жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

орта жылдық инфляция, % (болжам)

5-7

4-6

5-7

4-6

4-6

орта жылдық инфляция, % (нақты)

5.9

6.4

6.9

7.6

-

ортажылдық базалық инфляция, % (болжам)

-

-

4-6

3-5

3-5

периодтың соңына инфляция деңгейі, % (нақты)

6.6

6.8

6.7

7.8

-


 

Инфляцияның даму барысының  болжамын келесі 3-кестеден көруге болады. /12, 58б./

Ортамерзімдік инфляция көрсеткіштері, 2003-2010

3-кесте

жылдар

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

 

нақты

болжам

Период соңындағы инфляция деңгейі, %

6,8

6,7

7,6

6,9

7,1

6,4

5,9

5,5


 

Инфляциялық таргеттеудің негізгі  элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

Ұлттық Банктің инфляциялық  таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық таргеттеудің негізін көрсетуге болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);

Күшті жақтары.

Соңғы жылдардың қорытындылары  бойынша Қазақстан бұрынғы Кеңес  Одағы республикалырының арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты  болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға  инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты  рөлдерді алады. /12, 58б./

2004 жылдан бастап қаржы  нарығындағы бақылаушы және тұрақтандандырушы  функцияларды Қазақстан Республикасының  бақылаушы және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бірғана банк.

Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған  ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге  бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін қазіргі  таңда аса маңызды және оптималды  құралдарының бірі ақша нарығындағы  айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын  көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік  тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

Ақша-кредит құралын қолдану  деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің  ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері  шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің  бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы». /12, 59б./

Соңғы жылдары теңге енгізілгені  кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны  байқалды және ол Қазақстанның бүкіл  қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы  коммерциялық банктердің депозит базасының  деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта  Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі  жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне  себепші болады.

Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен  дүниежүзілік шикізат ресурстарының  бағасына тәуелділігі төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

Қазақстанның қаржы секторы  реалды секторға қарағанда жоғарғы  деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның  және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі  экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы  көздерін іздеуге тура келеді.

Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың  әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы  «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына  және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

Информация о работе Инфляцияның мәні, себептері мен салдары