Инфляцияның мәні, себептері мен салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 18:09, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс Гулдария.docx

— 1.47 Мб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Инфляция  экономикаға және қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс болып саналады. Ол мынандай кемшіліктер тудырады: халықтың, кәсіпорындардың , мемлекеттің нақты табысын азайтады; ұзақ мерзімді инвестицияларды төмендетеді және несиені төмендетеді; халықтың жинақ кассасындағы салымдары құнсызданады; шаруашылықты басқаруды қиындатады.

Бұл тақырып ел экономикасы  үшін маңызды болып саналады, сондықтан  осы тақырып қазіргі жағдайда өзекті болып келеді.

Тақырыптың мақсаты: инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға тигізетін әсерін қарастыру болып табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін талдау табылады.

 

Тақырыптың міндеттері:

Зерттеудің деңгейі:

Мәні, пайдалану  мүмкіндігі: Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Инфляцияның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Инфляция латын тілінен аударғанда «қампаю»деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш рет инфляция Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдарындағы азат соғысы кезінде  пайда болды. 19ғ. Англия мен Францияға, 20ғ. 20 жылдарында Кеңес үкіметіне келген.

Инфляция  көпфакторлы  құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің  өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы  арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының  қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде  инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың  жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция  деп аталады.

Инфляция қоғамдық жиынтық  сұраныс пен жиынтық ұсыныстың  арасындағы сәйкестің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық теориясының  айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынтық сұранысты ақшаның ұсынысы  мен оның айналым жылдамдығының  көбейтіндісі деп, ал жиынтық ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемімен  баға дәрежесінің деп, тұжырымдауға болады.Айналымдағы ақша санының  немесе оның айналым жылдамдығының  қандай болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуін әкеледі және керісінше. Жиынтық  сұраныстың өсуін тудыратын, ақша массасының көбеюінің бірнеше себептері  болады: экспансионистік қаржы саясаты, мемлекет саясаты, бюджет тапшылығын «баспа станогі» арқылы өтеу, несиені кеңейту  тәртібі, инвестициялық бум, тұтунышылық  талғаудағы құрлымдық өзгерістер және басқалар.      

Көп уақыттар бойы айналыстағы  ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис-монетаристердің  назарында болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.

Инфляция процесінің Қазақстандағы  дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу  қарқыны бағаның үнемі өсуін  ынталандырады. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы мен инфляцияның  өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы – 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша массасының өсуі баяулап, инфляцияның  біршама төмендеуіне жол берді.

Сондықтан да осы курстық  жұмыстың мақсаты болып инфляцияға түсінік беру, оның маңызы мен экономикаға  тигізетін әсерін қарастыру болып  табылады. Инфляция кез келген экномика үшін жағымсыз болып келеді, оның не себептерге байланысты жағымсыз болатынын  көрсету және инфляцияға қарсы қандай шаралар қолдану қажетттігін  талдау табылады.

Курсытқ жұмыстың бірінші  бөлімінде инфляцияның мәні мен  пайда болуы туралы және оның негізгі  түрлері туралы жазылды. Екінші бөлімде  оның не себептерге байланысты пайда  болатыны туралы және оның қандай салдары  болатыны туралы жазылды. Үшінші бөлімде  инфляцияға қарсы сасясат қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Инфляция - әлеуметтік – экономикалық құбылыс.

             1.1 Инфляция түсінігі және экономикалық мәні.

 

Инфляция – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел  валюталарының қымбаттауы ретінде  көрінеді

Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың  белгісі емес нақты құндылықтың  өзі болған; қажетті ақша көлемі   алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз  ақша  байлықтың  тек белгісі  ғана.  Қағаз  ақша  қазына сақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор  сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды  заттар алуға ұмтылады. Қор  ретінде  қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың  көбі айналымға шығарылады, айналымдағы  ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға  қатты ықпал жасап,  оларды көтеріп  жібереді.

Батыс  елдерінде 10 %-ке дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп  саналмайды. Керісінше, белгілі бір  жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде  түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар  тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі   Бұл, өз  кезегінде  өндірушілерді ұсынысты арттыруға  ынталандырады, нарық  тауарға  тез  толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан  тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.

Бірақ 10 %-тен асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар  деңгейі бірнеше  процентке емес, бірнеше  ретке өседі, ақша тез  құнсызданады өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан  қаржы ресурстары  айналым мерзімі  қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін  зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б./

Спекулятивті бизнес ұсыныстың  өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды, керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен инфляция  қосылған соң нарықтықтың  оңды әсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан  шығу үшін мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс –  шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Ақша сұранысынан тыс  тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі  мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның  кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан  жоғарыда келтірілген себептердің  арасынан инфляцияны қалыптастыратынын  анықтап алу қажет.

Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі  тауар нарығында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді. Сонымен баға өсуінің  инфляциялық  себептеріне мыналар жатады.

Мысалы, экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың өсуін  инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек  өнімділігі өскенде баға деңгейі  төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс  салаларында еңбекақы деңгейі еңбек  өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы»  деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б./

Қорыта айтар болсақ, инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының  өсуі және  шетел валюталарының  қымбаттауы ретінде көрінеді. Сонымен  қатар, ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән  және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

 

1.2 Инфляцияның  пайда болу себептері

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі  диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

Инфляцияның пайда болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше,  «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10,110б./

«Инфляцияны тосу» механизмі  экономикаға қалай әсер етеді?  Мәселен мынада: адамдар біраз  уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың  болашақта төмендеуінен күдер үзеді  де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын  одан әрі арттыра түседі.

Қорыта келе, инфляцияның  себептері сан қилы, бірақ әр кезде  олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс  Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде  инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.      

 

1.3 Инфляция түрлері  мен әсер ететін факторлары.

Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.    

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /3, 105б./

Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Информация о работе Инфляцияның мәні, себептері мен салдары