Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 21:44, реферат
Франциядағы классикалық саяси экономия ағымына дамудың негізгі рөлін ауыл шаруашылық өндірісіне беріп, ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады, ал ағылшын классикалық мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін білдірді. Физиократтар үшін «ақша капиталы» деген ұғым болмады, олар ақшаның өзінен-өзі жеміссіз екендігін дәлелдей келіп, оның тек қана айналым құралы ретіндегі бір ғана қызметін мойындады. Ақшаның жинақталуы қауіпті деп санады, өйткені айналымдағы ақша қорға жиналса, онда оның бар пайдалы жұмысы – тауарлар айырбасындағы негізгі қызметінен айырылады деді.
Прудон, ұсақ меншік иелерінің акционерлік кәсіпорындарын құру мақсатымен тауар өндірушілерге «жұмыс квитанцияларын» беретін халық банкесін құру жолымен айырбасты қайта құру жобасын алға жылжытты. Прудонның жоспары бойынша «жұмыс ақшасын» енгізу арқылы нақты ақшаны жойып еңбексіз табыстарды, капитал мен қанауды жою мүмкіндіктерін көрсетті. Прудоның мұндай қате пікірлері оның капиталдың негізі пайдамен және пайызды түсінбеуінен болды.
Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық) банкесін ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды.
Прудонның әдістерінің (методтарын) қателігі мынада: ол экономикалық құбылыстарды заңдық көзқарас тұрғымен түсіндірді, ал мемлекет заңдарынан туындайтын «бұйрықтарды» кез келген өзгерте алады деді. Прудон ұсақ жеке меншікті мәңгілік етуді армандады.
Францияның классикалық саяси экономиясы байлықтың көзі айналым емес, өндіріс болып саналады деп, меркантилизмге қарсы күресті. Франциядағы классикалық саяси экономия ағымы экономикада негізгі рөлді ауыл шаруашылық өндірісіне беру физиократтардан басталды және олар ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады.
Физиократтардың кемшілігі- қосымша құнды түсінубеуде.Олар оны бірінші табиғаттың сыйы, екінші жермен айналысушылардың қосымша еңбегінің нәтижесі деп санады. Мұндай екі пікірдің болу себептері – құнның қоғамдық табиғатын түсінбеушілік және құнды тұтыну құнымен араластырып жіберумен байланысты.
П. Буагильбер Франциядағы классикалық мектептің негізін, еңбек құны теориясын құрушы болып саналады. Оның пікірі бойынша, құнның шамасы еңбек шығындарымен анықталды. Ол «барлық байлық» ұғымына ақшаны ғана емес, сонымен бірге дүние мен заттардың бүкіл алуан түрлерін қосты.
Франсуа Кенэ – өзінің басты еңбегі «Экономикалық кестеде» ұдайы өндіріс теориясын жасады, яғни жылдық жиынтық өнімді таптар(кластар) арасында бөлді.
Ұсақ буржуазияның саяси экономиясының өкілдері С. Сисмонди мен П.Ж. Прудон ұсақ тауар өндірушілердің мүдделерін қорғап, оны мәңгілік етуді армандады.