Физиократтар мектебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 21:44, реферат

Описание работы

Франциядағы классикалық саяси экономия ағымына дамудың негізгі рөлін ауыл шаруашылық өндірісіне беріп, ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін қорғады, ал ағылшын классикалық мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін білдірді. Физиократтар үшін «ақша капиталы» деген ұғым болмады, олар ақшаның өзінен-өзі жеміссіз екендігін дәлелдей келіп, оның тек қана айналым құралы ретіндегі бір ғана қызметін мойындады. Ақшаның жинақталуы қауіпті деп санады, өйткені айналымдағы ақша қорға жиналса, онда оның бар пайдалы жұмысы – тауарлар айырбасындағы негізгі қызметінен айырылады деді.

Работа содержит 1 файл

физиократтар.doc

— 71.00 Кб (Скачать)


                             Физиократтар мектебі

           Франциядағы классикалық саяси экономия ағымына дамудың негізгі рөлін ауыл шаруашылық өндірісіне беріп, ірі капиталистік фермерлердің мүдделерін  қорғады, ал ағылшын классикалық мектебі – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін білдірді. Физиократтар үшін «ақша капиталы» деген ұғым болмады, олар ақшаның өзінен-өзі жеміссіз екендігін дәлелдей келіп,   оның тек қана айналым құралы ретіндегі бір ғана қызметін мойындады. Ақшаның жинақталуы қауіпті деп санады, өйткені айналымдағы ақша қорға жиналса, онда оның бар пайдалы жұмысы – тауарлар айырбасындағы негізгі   қызметінен айырылады деді.

Сондықтан Францияның  классикалық мектебі мынандай қорытынды жасады, өндірудің мақсаты – тұтыну деп санады, сондықтан да тұтыну құнын зерттеуге көп көңіл бөлді. Ағылшын саяси мектебі өндіргіш күштерді дамытуда капитализмнің  басты мақсаты – тауар шығару, сондықтан бағалауға және талдауға негіз етіп айырбас құнын алды.

Физиократтардың «таза өнім» доктринасы тек қана ауыл-шаруашылық  өндірісінде пайда болады және салықты белгілі бір кезеңде тек жер иеленушілер  ғана төлеуге тиісті деген ұғымдары  Францияда капитализмнің дамуын тежеді.

 

Пьер Буагильбер– францияның классикалық саяси экономия мектебінің  негізін салушы.

Оның еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның пікіріше ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген көзқарасы- Францияның экономикалық идеясында XVIII  ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. Осы кезде П. Буагильбердің ойы мен танысқан король Людвиг XIV  мануфактураны ұлғайтуға мемлекеттік қолдау көрсетіп француз тауарларын экспортқа шығаруды қолдады, сыртқы – импортты тежеп, ауыл шаруашылығы өндірісіне жоғары салық салуды заңдастырды. Дегенмен оның пайдасы тимей, өнеркәсіп өндірісінің дамуын тежеп, ұлттық шаруашылыққа үлкен зиян келтірді.

Ауыл шаруашылығы қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының шешуші күші деген физократтардың ойларын қолдаған П. Буагильбер “Франция айыптайды” деген еңбегінде үкіметті қатты сынады, сол үшін бұл кітапқа тіпті тыйым салынды, осыған қарамастан Буагильбер үкіметті сынаған жерлерін алып тастап, экономикалық реформаны жүргізудің керектігін дәлелдеп, кітапты үш рет қайта шығарды. Бірақ үкімет министірлерінен қолдау таба алмады.

П. Буагильбер , У. Петти сияқты меркантилистерге қарсы қоғамдық “байлықтың” өзіндік концепциясын берді. Оның пікірі бойынша ақшаның байлығы оның жиналған массасында ғана емес, сонымен бірге қажеттілікті қамтамасыз ететін заттарды – тауарларды (нан, ет, сүт,  шарап, киім-кешектер және т.б).. жатқызды. Мұндай “байшылық” жер иеленушілердің жақсылығынан, ақшаның  көптігінен емес, жерді өңдеп, оны уақытында дайындап егін егіп, еңбек сіңіріп, өнім алу керектігін, онсыз өмір сүру мүмкін еместігін дәлелдеді.

Пьер Буагильбер ауыл шаруашылығы өндірісі Францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті  бір жақты көтермелеуге қарсы күресті.

Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын  түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді.

Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады  деді. Француз экономист-социологтары С.Сисмонди мен П.Прудон жүз жыл өткеннен кейін, классикалық мектептің көп ережелерін (теорияларын) жоққа шығарып, өздерінің реформаторлық бағдарламаларында П.Буагильбердің идеяларын қолдады. Мысалы С.Сисмонди халықтың қал жағдайын жақсартуды үкіметтен  күтті, утопиялық тілектер мен ғылыми- техникалық прогресс сәйкес келмейтіндігін түсінбеді.

 

Франсуа Кенэ (1646-1714 жж) – физиократизмнің негізін салушы және оның басшысы, буржуазия идеологы. Басты шығармасы – «Экономикалық кесте» (1758).

Кенэ жасаған физиократтардың экономикалық үлгісі – бұл капиталистік өндірісті жүйеге келтірген алғашқы тұжырымдама. Физиократтар айналым саласын талдаудан өндіріс саласын талдауға көңіл бөлді, сол себептен меркантилизмді сынады. Өндіріс саласын тек  ауыл шыруашылығымен шектеді. Физиократтардың басты ғылыми жетістігі – қосымша өнім  айналым саласында емес, өндіріс саласында жасалатыны.

Франсуа Кенэ теңдей үлкен құндарды айырбастау себептерін дұрыс түсіндіре алмады, өйткені құн  теориясы жеткілікті түрде жасалмады және ол құнды өндіріс шығындарымен байланыстырды.

Физиократтардың экономикалық жүйесінде қоғамдық жиынтық өнім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылық ретінде «таза өнім туралы» ілім айрықша орын алды. Кенэ былай деп санады: ««таза өнім» тек егіншілікте ғана жасалады, табиғаттың әсерімен тұтыну құнының көлемі көбейеді, ал өнеркәсіпте  «таза өнім» жасалмайды, егіншілікте жасалған заттың пішіні мен түрін өзгертеді».

Айта кетсе, физиократтарды тұтыну құны арқылы алынған артық мөлшердің сандық жағы ғана қызықтырды.

Меркантилистерден физиократтардың өзгешелігі, олар «таза өнімді» өндіруші өнімді еңбек – яғни бұл еңбек, қосымша құн жасайтын еңбек деп бекітті. Бұл өнімді еңбектің табиғаты туралы дұрыс айтылған ой. Дегенмен, олардың пікірі бойынша, тек егіншілікте ғана өнімді, еңбек бар ал өндірістің өзге салаларындағы еңбек – «жеміс бермейді», яғни өнімсіз еңбек деп түсіндірді. Бұл – шындыққа жанаспайды. Өндіріс салаларына қатысты, еңбектің барлық түрі қосымша құн жасайды, яғни бұдан шығатын қорытынды, еңбектің бар түрі өнімді еңбек болып саналады. Өзінің «таза өнім» көзқарасына сәйкес Кенэ қоғамды үш тапқа (қлассқа) бөлді:

1).          Өндіруші тап (фермерлер),

2).          Жер иеленуші тап (корольдер, шіркеулер),

3).          «жеміс бермейтін» тап (қол өнершілер, жұмысшылар).

Франсуа Кенэ кейбір нақты сәттер мен қатынастарды дерексіздендіре отырып, ұдайы өндірістің жалпы үлгісін ұсынды. Оның жасаған кестесінде кірістердің барлығы жұмсалады, жинақтау жоқ, таптар мен сыртқы сауда байланыстары арасындағы айырбас ескерілмеген.

Франсуа Кенэнің «ұдайы өндіріске талдау жасауының» бастапқы сәті – жылдық астық және өндіріс тауарларын  өндірушілер (фермерлер мен жалдамалы жұмыс күші); жер иеленушілер (жалгерлік ақы алушылар); қолөнершілер («жеміс бермейтін» тап) арасында жүзеге асырылып заттай және ақшадай айырбас болып саналады.

Франсуа Кенэ күрделі жүйесін түсінуді жеңілдету үшін оның кестесінің үлгісін беруге болады.Кестеден көрініп тұрғандай, айналым қозғалысы 2 млрд. ливрді фермерлер, жер рентасы ретінде, жер иеленуші табына төлеуден басталады, (тауар айналымы әлі жоқ), бұл 1 акт. Ал, жалпы айналымға фермерлердің ауыл шаруашылық өнімдерінің 5 млрд. ливр мен жеміс бермейтін таптар, қолөнершілердің 2 млрд. ливр, тұрақты өндіріс тауарлары яғни барлығы 7 млрд. ливр тауарлар кіреді. 5 млрд. ливр ауылшаруашылық тауарларынан фермерлер, 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қор қалдырады. Сонымен айналымға 3 млрд. ливр ауыл шаруашылық тауарлары мен 2 млрд. ливр қолөнершілердің өндіріс тауарлары кіреді.

-          2 акт, жер иеленушілер табы фермерлерден алған  1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық өнімдерін

сатып алып, 1 млрд. ливрді фермерлерге қайтарады;

-          3 акт, жер иеленушілер табы қалған 1 млрд. ливрге қол өнеркәсіпшілерден керекті киім –кешек

және сән - салтанат заттарын сатып алады, қол өнер кәсіпшілер табы 1 млрд. ливр «тірі ақшаға ие болады»;

-          4 акт, қолөнер кәсіпшілері қолма қол 1 млрд. ливрге ауыл шаруашылық тамақ өнімдерін сатып

алып,  1 млрд. ливерді фермерлерге қайтарады;

-          5 акт, фермерлер табы қолөнер кәсіпшілер табынан өндіріс құрал жабдықтары мен еңбек

құралдарын, саймандарды сатып алады;

-          6 акт, қолөнер кәсіпшілері табы 1 млрд. ливрге фермерлер табынан келесі жылы өндіріске

керекті шикізат түрінде ауыл шаруашылық өнімдерін, қосымша материалдарды сатып алады.

Қоғамдық өнімді өткізу осылайша аяқталады. Фермерлер келесі жылы жер иеленушілерге рента түрінде төлейтін 2 млрд. ливр алды, және 2 млрд. ливр қоғамдық айналымға қатыспайтын тұқымдық қоры бар.

                                                       Ф.Кенэ кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтастай алғанда, Кенэ үлгісі қарапайым ұдайы өндірістің, жыл ішіндегі ұлттық шаруашылық деңгейіндегі өндірілген  тауар және ақша ағындарын сипаттайды. Осы арқылы ол ұдайы өндірістің барлық жағдайлары мен сәйкестіктерін  көрсетіп, тарихта бірінші  рет экономика ғылымының макроэкономикалық үлгісін жасады.

Ең бастысы, Кенэ кестесінде  өнімдер мен ақша ағындарының қозғалысын кескіндейтін  арифметикалық есептер емес, өндіріс  пен  айырбастың кейбір актілері  зигзаг үлгісінің,  кестелері беріліп, өндірістің жалпы қозғалу жағдайының  кескінді түрлеріне талдау берілгендігінде. («зигзагтар» - бір таптан (кластан) екінші тапқа тауарлар мен ақшалардың ағылуы).

Кестеде, кірістер қайдан пайда болады, жиынтық және таза өнім қалай жасалады, олар қалай бөлінеді, өндіріс шығындарының орны қалай толтырылады, осылардың бәрі  көрсетілген. Кенэнің еңбегі мынада: бүкіл қоғам ауқымында жылдық айналым түрінде өнімдер қозғалысының кестесін  бере отырып, үш негізгі таптың (кластың) өзара байланысының алғашқы макроэкономикалық сынын жасады. Оның идеясы қоғамдық ұдайы даму өнімді есептеуде, халық шаруашылығы балансының үлгілерінде пайдаланылады.

 

 

 

Швейцариялық экономист Сисмонд де Сисмонди (1773-1842 жж) Франциядағы классикалық мектептің аяқтаушысы және экономикалық романтизмнің негізін салушы болып саналады.

Сисмонди өзінің басты еңбегі «Саяси экономияның жаңа бастауында» классикалық мектептің экономикалық көзқарастарына сын тұрғыдан баға берді. Ол байқағандай өмірде сұраныс ұсынысқа өздігінен бейімделуінен, артық өндіруден болатын дағдарысты  жоққа шығарды. Ол қоғамның барлық зұлымды, қас жауы деп еркін бәсекелестік тәртібін өткір айыптады. Экономикалық бостандық емес, мемлекеттің экономикаға араласуы Сисмондидің талабына айналды. Еркін бәсекелестік тәртібін айыптай отырып, ол фабрикалық өндіріс пен фермерлік шаруашылыққа қарсы қолөнер кәсіпшілерінің, цехтық құрылысы пен патриархалдық шаруа қожалықтарын қарама қарсы қойды.

Сисмонди былай деп тұжырым жасады: жұмысшылар жұмыстарынан айырылады, көшеге лақтырылып тасталады; жұмысшылардың еңбекақылары төмендейді; өндірілген өнімдерге деген олардың сұранысы мен  тұтыну  қажеттілігі төмендейді; экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды. Дағдарыстардың себептері өткізілген өнімдер құнының қоғамның табысымен сәйкес келмеуінде,  жинақтау процесінің себебінен тауарлардың толық тұтынылмауында. Сисмондидің дағдарыстар теориясындағы қателігі, қоғамдағы өндірістік және жеке тұтынуды шектемеуінде болды, яғни ол станоктар мен машиналар нарығы тұтыну тауарлар нарығынан тәуелсіз, айырықша нарық  жасалатындығын түсінбеді.

Сисмонди ең жақсы экономикалық жүйе деп ұсақ тауар өндірісін санады.  Өндірістің цехтық жұмыс тәртібін қорғады, ал бәсекелестік пен жалдамалы еңбекті теңсіздіктің себептері деп қарады. Оның пікірі бойынша еркін бәсекелестік тауар өндірушілер мүдделерін қақтығыстырады, сондықтан да оны мемлекеттің араласпау қағидаларын заңды түрде жойып, байлықты шоғырландыру мөлшерін белгілеп, қалғанын ұсақ кәсіпкерлер арасында бөлінсін деді. Ол жұмысшы табының экономикалық жағдайын жақсарту реформасының әлеуметтік бағдарламасын жасады.

Дегенмен, Сисмондидің  ұдайы өндіріс пен дағдарыстар теориясындағы негізгі  қателігі, оның капиталистік өндірістің мақсаты – тұтынуды қамтамасыз ету емес, қосымша құн өндіру екендігін   түсінбеуінен тұрады. Міне, сондықтан да, ол ішкі нарықтың пайда болу процесін, капитализмнің ұсақ тауар өндірушілерді кедейлендіретінін капиталистік өндіріс қатынастарынан пайда болатындығын сезбеді.

Сисмондидің экономикалық көзқарастарын қорытындылай келіп, былай деп айтуға болады: ол өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама қайшылықты тұтас түрде қарастырды, сонымен ол капитализмнің өзіндік қарама қайшылықтарының негізгі формаларының бірі болып саналатындығын көрмеді. Ол ірі машина өндірісінің прогрестік рөлін жете бағаламады, капиталистік мемлекет ірі өндірістің дамуын тежейді деп жалған болжам жасап, мемлекеттің таптық сипатын жоққа шығарды.

Кенэнің таптық құрылымында жұмысшылармен капиталистер біріккен,  дербес тапқа бөлінбеген. Дегенмен олардың ұдайы өндіріс процесіне қатысуын ескере отырып, қоғамды таптарға бөлудің экономикалық белгілері мен экономикалық негіздерін айқындауға талпыныс жасаудың өзі үлкен ғылыми жетістік болып саналады.

 

Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм  қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Сондықтан да ол «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қарама қайшылықтар жүйесі немесе  кедейлік философиясы» деген еңбектерінде жеке меншікке қарсы шықпастан, ірі өнеркәсіп орындары, темір жол көліктері жұмысшылар мен қызметкерлер ассоциацияларының қолына өтуін ұсынды.

Информация о работе Физиократтар мектебі