Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 07:47, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
I. КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Фирма мәні, түсінігі………………………..
1.2. Фирма теориясы……………...……
1.3. Фирманың бәсекелестігі…………………………………………
1.4. Фирма стратегиясы …………….…….
1.5. Фирма тәуекелділігі ..........................................
1.6. Фирманың сақтандырылуы
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..
Көрсетілген мысал тұрғысынан шет елдеріне өз өнімдерін өткізу үшін жиі қолданылады. Бұл жағдайда аналық кәсіпорындарының бірі шет елден алынады, бірақ қаржылық жағдайында бірдей кірістер сақталады. Бұндай фирмалар 90-жылдың соңына дейін сақталып келген, бірақ жылдар өте олардың аналық кәсіпорындарын аралас қоғамдық акционерлер басқан, өйткені олар нарықта беделді имиджге ие болған.
4. Тәуелсіз коммерциялық фирмалар, тұтынушылардың сұранысы бойынша жұмыс істейтін. Көрсетілген фирмалар қаржылық мөлшері, қызметкерлер саны, тауарлардың номенклатурасы және аумақ масштабы, нарықты қамтыған аумағы бойынша әр түрлі болады. Бұндай фирмаларға жанұялық қаржының көмегімен құрылған кішігірім фирмалар; заңды тұлғалардың келісім-шарттары бойынша құрылған коммерциялық фирмалар; ірі фирмалар, яғни қаржыландыру тұрғыдан ірі банктердің, шетелдік инвестициялардың, компаниялардың, фондтардың кірісі бойынша құрылған фирмалар мысал бола алады. Ірі акционерлер фирманы басқара отырып, фирманың болашақ коммерциялық саясатын анықтайды.
Ұсақ, орташа фирмалар қаржылық жағдайында өздерінің тұтынушыларына тікелей тәуелді болады. Нарықта тауарларын өткізу арқылы олар өздеріне жабдықтаушы мен тұтынушыларын таңдай алады немесе олардың аралық байланысы ретінде қызмет атқара алады. Ұсақ фирмаларға қаржылар салуға қолайсыз, өйткені нарықта ұсақ фирмаларға бейімделу жеңілдікке соқпайды. Ұсақ фирмалардың қайтарымсыз шығындарын пайда алмай жабуға мүмкіндіктері жетпейді, бірақ ұсақ фирмалар нарықтың кей секторларында жылдамырақ бейімделгіш болады және серіктестерімен жасалған келісім – шарттарының орындалуын бақылауға мүмкіндіктері бар.
Орталық және ірі фирмалар белгілі бір тауарларды нарықта сатуға бейімделген. Олар нарықты зерттеуге, жарнамалық кампанияларға, техникалық жабдықтауға қаражаттарды салады, әрине бұл әрекетті ұсақ фирмалар жүзеге асыра алмайды. Ірі фирмалар нарықта серіктестіктерін, келісім-шарттарын өздеріне тікелей пайда көру үшін мүдікпей таңдай алады.
Тәуелсіз коммерциялық фирмалар нарықта тәуелсіз делдалдар қызметін атқара алады, өйткені тұтынушылар тарапынан сұраныс көлемін, таңдауын қаржылық тұрғыдан жайғастыруға болады. Сонымен қатар тұтынушылар коммерциялық фирмалардың нарықтық процестерін таңдауы бойынша қаржыландыра алады.
Нарықты зерттей келе кей тауарларға сұраныстың көтерілгенің байқаса, коммерциялық фирмалар нарықтың анықталған сегмент көмегімен белгіленген тауарға бейімделе келеді. Ал егерде коммерциялық фирма ірі фирмалар қатарына жатса, онда фирма анықталған тауарға қызығушылығын байқата отырып, жарнамалық кампанияларды алдын ала қаржыландыра, тауарға бағытталған шығындарды жабуға кредит бөлуге, тауарды өндіруге және нарықта орнықтыруға алдын ала қаржыландыра алады. Бұдан байқайтынымыз, коммерциялық фирмалар ірі болған сайын нарықта орнығу мүмкіншілігі жоғарлайды. Сонымен қатар сұраныстың көлеміне тікелей әсер ете алады, нарықта қажетті тауарларды сатуға үлкен мүмкіншіліктері болады.
Өкінішке орай, еліміздің ішкі нарығында ірі фирмалар тек бір жақты жұмыс істеуге бейімделген, яғни сұранысты ынталандыру шектелген. Тек нарықта өндірістік кәсіпорындарын қаржыландыру үшін акционерлік қоғамдар бейімделген.
5. Сауда орталықтары. Сауда орталықтары – бұлар әдетте ірі коммерциялық құрылымдар, холдинг компаниялары түрінде жасалған. Себебі оның құрамына өндірістік кәсіпорындар, транспорттық, сервистік, делдалдық және тағы басқа фирмалар кіре алады. Шетелдік сауда орталықтар көбінесе трансұлттық бірлестіктерді ұсынады. Холдинг басында әдетте қуатты қаржылық топ тұрады және сол топ саудалық үйінің болашаққа сауда стратегиясын анықтауды. Ірі сауда орталықтары айрықша тұтыну тауарлардың кең номенклатурасына мамандануға ұмтылады. Олар жүздеген елдер мен қалалардағы ірі ондаған дүкендерді бақылайды.
Сауда орталықтарының құрылымы күрделі және әр алуан болып келеді. Сауда орталықтары холдинг мүшесіне кіретін дәстүрлі жабдықтаушылардың тауарларын сатып ала алады. Сонымен қатар сауда орталықтары басқа елдердегі өз өкілдері арқылы тәуелсіз жабдықтаушылармен толық не болмаса кредит арқылы, лизинг түрінде келісім-шарттарға отыру мүмкіндігі бар.
Сауда орталықтары көп дәрежеде өз тәжірибелерінде логистика ғылымын да жиі қолданады. Өйткені соның арқасында олар тауарлардың транспорттық ағымдарын ықшамдайды, өнім қоймаларының көлемін таңдайды, сонымен қатар тауарлардың өтімдік қозғалысын бақылайды.
Тәжірибеде ірі сауда орталықтарының көбі өз холдинг құрамында сақтық компанияларын ұстайды, солар арқылы алып коммерциялық құрылымның қаржылық тепе-теңдігін ұстап қалуға ұмтылады. Саудалық орталықтар өз шығындарын тауардың сатып алынған мен сатқан бағаларының арасындағы ақшалай айырмашылығының жиынтығы арқылы жабады. Сондықтан басқарудың басты міндеті сауда орталықтардың құрамында артық бөлімшелердің орнамауын қадағалайды. Нарықта тиімділікке жету үшін сауда орталықтарының бір тұтас қаржылық жоспары болуы керек.
Тәуелсіз коммерциялық фирманың құрылымы.
Коммерциялық басқарудың құрылымы және оның ерекшеліктері.
Акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектелген қоғам) ұйымдастыру түрінде фирманың ең жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы (жарнашылар) болып келеді. Бұл орган арқылы келесі үкілеттіктермен үлестірілген:
• Фирманың жарғысын бекіту;
• Жарқылық капитал мөлшерін және салу құралдарын анықтау;
• Акцияларды шығару жөнінде шешімдерді қабылдау;
• Бас директорлар және фирма директорларын сайлау, олардың өкілеттіктерінің шектігін анықтау;
• Директорлардың кеңес құрамын анықтау және оның өкілеттік мерзімін анықтау;
• Басшылық нәтижелерін тыңдау және жылдық фирма жұмыстарын жоспарларын бекіту.
Болашақ жоспарлардың жобаларын фирманың маркетинг бөлімі, жоспарлы-аналитикалық бөлімі және өңдеу және сату үйлестіру бөліміні жасайды. Олар белгіленген директорлармен талдайды, бас директорлармен үйлестіріп және таныстырады. Ал бас директор директорлардың кеңесіне жоспарларды баяндайды және қолдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысымен бекітіледі (жарнашылардың).
Жалпы жиналыс шешімін директорлардың кеңесіне беріледі, фирманың жоспарын бекіту үшін жоспарлы-аналитикалық бөлімге жіберіледі. Ол бөлімнен жоспар уақытын, мерзімін, қамту аясын, жауапкершіліктердің тізімін анықтайды. Кеңеспен бекітілген директорлардың комплексті жоспарын бөлімдердің басшыларына дейін жеткізіледі, ал олар, өз кезегінде, орындаушыларға дейін жеткізеді. Бөлімдердің басшылары жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды. Келтірілген мысалға қарайтын болсақ, онда бұл басқару иерархиялық жүйенің үлгісі екендігіне көз жеткізуге болады.
Шетелдік фирмалардың тәжірибелерінде бас директорлардың аппараттарының бірыңғай көмекшелерін жасау тенденциясы үлкен даму алады. Осының көмегімен компанияны басқару бөлімі анағұрлым жұмыстарын атқаруға қолдары босатылатын. Бұндай аппараттар тәжірибелі жоғары білімді қызметкерлерден жиналатын, өйткені оларға алғашқы өңдеу бөлімінде дербес шешімдерді қабылдау мүмкіндіктер берілетін.
Коммерциялық фирмаларды басқаруда маңызды орынды бастықтың басқару стилі алады. Егер бастық өз қызметкерлерінің білімінің төмендігінен сене алмаса, онда ол қызметкерлердің білімін жоғарлату жоспарын жүргізу керек. Егер басшы өзінің кей міндеттерін төмен деңгейлеріне бере алмаса, онда фирманың қызметкерлердің дербестік дамуын тежейді және зиянға дұшар болады. Мысалға келтірілген фирманың қызметкерлері кәсіпшілік деңгейінің жоғарлауына әдетте кемірең қарайды.
Қорытынды
Бағаның қызмет етуіне байланысты, нарықтық заңға сәйкес сұраныс пен ұсыныстың еркін ойыны арқылы анықталатын нарық – еркін бәсекелестік нарығы деп аталады.
Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытты MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды.
Кәсіпкерлік қызмет теориясы экономикалық пәндер қатарына жатады.Кеңінен қолданылатын кәсіптік теория пәні көбіне адамдардың қызметін үйретумен байланысты болады.Кәсіптік қызмет теориясының пәні – кәсіпкерлердің іс-әрекетін негізін, яғни өндіріске қажетті ресурстарды таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді пайдалануда анықталады.
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып , зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері,тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диалектикалық зерттеу тәсілі б.т.жүйелі құрылымының анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.
Жүйелік бағыт дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.
Логикалық бағыт дегеніміз – кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді.Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.
Анализ тәсілі – жалпы процестің жеке тарауларың анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы п.б.
Абстракциялық тәсіл -өмір сүрмейтін әрекеттермен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005. 6 – тақырып.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. 7 тарау.
3. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.:ИздательствоНОРМА, 2005.Глава 6.
4. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. Главы 6, 5. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 (Раздел 2: Микроэкономика). Глава 6.
6. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. Главa5.
7. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005. Главы 6, 7.
8. ПиндайкР.С., РубинфельдД.Л. Микроэкономика. М., 2002. Главы 8, 9.
9. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 3-е издание. Спб.: Питер, 2002.
Информация о работе Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі