Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 07:47, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
I. КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Фирма мәні, түсінігі………………………..
1.2. Фирма теориясы……………...……
1.3. Фирманың бәсекелестігі…………………………………………
1.4. Фирма стратегиясы …………….…….
1.5. Фирма тәуекелділігі ..........................................
1.6. Фирманың сақтандырылуы
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..
Мәселе мынада: фирманың барынша төмен орта шығындары, нарықта қалыптсқан бағалардан жоғары болса, кейбір фирмалар нарықтан шығады, саладағы ұсыныстар азаяды. Бұл жағдай бағаны көтереді. Егер фирманың орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан төмен болса, онда саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады. Бұл басқа фирмалардың осы салаға келуіне стимул болады. Нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді, ал баға төмендейді.
Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың рационалдық іс – қимылында кейбір ерекшеліктер болады.
Жетілмеген бәсеке нарығында өндіруші өзінің өнімдерінің бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында сатудың көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша, немесе, шекті табыстың төмендегені болады. Фирмаға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс болады.
Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстар мен жалпы шығындар салыстырылады.
Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шеті табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.
Жетілмеген бәсеке жағдайын қорытындылайтын болсақ, барынша көп пайда алу үшін өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен болғанша, MR>MC өндірісті кеңейте беру керек, егер MR<MC өндірісті қысқарту керек, егер MR=MC болса фирма барынша көп пайда табады.
Батыс экономикалық әдебиетіндегі фирма теориясы пайданы барынша көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотивация беру аз кездеспейді:
кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес, сату көлемін көбейту дейді;
басқа концепция бойынша, американдық профессор Г. Саймонның “қанағаттандыру” теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан ары қарай барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.
1.4. Фирма стратегиясы
Стратегия – бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таідау, іс - әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.
Стратегия екі типке бөлінеді:
Қорғаныстық;
Шабуылдық;
Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:
Имитациялық стратегияда бәсекелестердің ғылыми – техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп – қатерлерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнімнің пайда болуын күтіп отырады және ресурстардың ұқсас өнім, немесе, оның прототипін өндіруге жұмылдырады.
Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданылады.
Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.
2. Квотаны дифференциялау статегиясы. Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұранысты өсіруді көздейді.
3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер мен технологияға енгізуді тіледі.
Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.
4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелділікпен байланысты.
Кәсіпкерліктің отандық теориямен тәжіребиеден келесідей
маңызды принциптері бар.
1.Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдалы.
2.Кәсіпкерлік қызыметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3.Қызмет бағдарламасын өз еркінен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.
4.Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5.Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану оларды тарту.
6.Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1.Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2.Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шарауашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
1.5. Фирма тәуекелділігі
Тәуекелділік – болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекедіктің маңызды түрлері:
өндірістік;
коммерциялық;
қаржылық;
несиелік;
проценттік.
Коммерциялық қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.
Қаржылық қауіп-қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайа болады.
Несиелік қауіп – қарыз алушының оны қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.
Проценттік қауіп-қатер – процент нормасының өсуіне байлнысты, құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндгіменбайланысты болады.
Әдетте мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі, осы іс-әрекеттерге қатынасатын адамдар санына керісінше пропорционалды болады.
Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сақтандырылмаған қауіп – қатер фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирленірумен және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.
Фьючерстік контракт деп тауарды кейін жеткізу туралы келісімді айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хиджерленуді мақсат етеді – жетізуші, немесе, сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.
Фирманың қаржылары мен ресурстарын үнемдеуде қауіп – қатер факторының болуы өте зр стимул болып табылады.
Қауіп – қатерді өлшеуге болады. Оны өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу – аналитикалық түрлері болады.
Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке алынады, сөйтіп, осы деректерге сүйене отырып, қауіп – қатердің ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.
Эксперттік әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой – пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.
Есептеу – аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді.
1.6. Фирманың сақтандырылуы
Фирмалардың көбінде қауіп – қатерлік мәселелерімен айналысатын менеджер болады. Ол фирма қызметтерінің барысында қауіп – қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін - өзі сақтандырудың түрін таңдайды.
Өзін - өзі сақтандыру ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны фирманың барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
1.7. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы.
Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Коммерциялық ұйымдар, тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет ететін фирмалар.
Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында болады. Кей жағдайларда бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық есептерін жүргізуге дербестік беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады. Оларды дербес заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар олар делдалдар да бола алмайды. Ұйымдармен сатып алу мен сату келісім-шарттары заңды түрде жасалмайды, бірақ бақылаушы кәсіпорын тарапынан бағынышты түрінде жүргізіледі. Қызметтерінің нәтижелеріне ұйымдарды құрған кәсіпорындар өз капиталдарымен жауап береді. Жиі олар сатып алу немесе сату құрылымдық бөлімдермен аталады, бірақ кей кезде құрған кәсіпорынның аталуынан элементтері бар арнайы аттарға ие болады. Бұларға мысалы қайта қалпына келген тоқыма және тігін кәсіпорындарын жатқызуға болады, өйткені олар өз меншігінен мамандырылған дүкендер құрады.
2. Еншілес сатып және сатып алатын коммерциялық фирмалар. Өндірістік кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылғанымен, бірақ кейбір қаржылық және құқықтық тәуелсіз болады. Заң жүзінде жеке экономикалық бірлік болып, бірақ фирманың пакетіне ие басқа кәсіпорындар арқылы басқарылатын фирмалар. Еншілес фирмалардың артықшылығы – еншілес фирмалардың қызметі ірі кәсіпорындарға міндеттер қою арқылы жүргізіледі. Алайда егер еншілес фирмалар дағдарысқа ұшырасқан жағдайда, бұл фирманы құрған өндірістік кәсіпорын да шығынға ұшырайды.
Өкінішке орай 90-жылдары бұндай фирмалар ТМД – нің территориясында тек қылмыстық істерін немесе ақшалай іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін құрылатын. 1997 жылдары заңды түрде шаралар қолданып, еншілес фирмаларды реттеуге кірісті.
3. Бірнеше аналық өндірістік кәсіпорындары бар еншілес коммерциялық фирмалар. Бұндай фирмалар бірнеше ірі кәсіпорындарының ортақ келісім жүргізу арқылы құрылады және олардың қызметі екі аналық фирмалардың шарттары бойынша атқарылады. Мысалы, бірнеше өндірістік кәсіпорындар ортақ өнімдерін өндіру үшін арнайы еншілес өндіріс орындарын құрып, өз тарапынан қаржыландырады. Әдетте еншілес фирмалар мен оны құрған кәсіпорындар арасында кооперативтік келісім шарттар құрылады, бір ұтымды жағдайы басқа еншілес фирмаларға қарағанда бұндай фирмалардың қаржылық және басқарушылық дербестігі айтарлықтай жоғары болады. Кооперативтік келісім шарттар құрылған жағдайда ірі акциялық пакет иегерлеріне еншілес фирмаларды басқару процестерінде артықшылықтар беріледі. Бұндай акционерлер квоталық үлесін қоса алады және тауар өндірушілер арасында бәсекелесті тудыра алады. Табыс пен шығынның бөлінуі акциялық пакет қаржыларына пропорционалды бөлінуі мүмкін немесе еншілес фирмаларда аналық кәсіпорындардың арнайы бөлімшелері құрылып, осы бөлімшелер арқылы табыстың аналық кәсіпорындарына пропорционалды бөлінуі жүзеге асырылады. Әрбір бөлім өзінің келісім шарттарын ұстануы мүмкін, бірақ принциптерінің төңірегінде кепілдіктер бере алады. Мұндайда еншілес фирмаларға кәсіпорындар делдалдар болса, ал кәсіпорындардың бөлімдері – дара делдалдар сияқты өздерінің есеп-шарттары мен кепілдіктерін ұсыныла алады.
Информация о работе Фирма теориясы және оның нарықтық экономикадағы рөлі