Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 17:12, реферат
Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда.
Кіріспе
1) Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
2) Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты.
3) Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Қорытынды
Заңның 17-бабы тіркелген
жұмыссыздарға мынадай
1) заңды сақтауды;
2) уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын жеке мерзімдерін сақтауды;
3) уәкілетті орган
берген жұмысқа жолдаманы
4) уәкілетті органға: тұрғылықты жерін ауыстырғаны; түрақты, уақытша, маусымдық жұмыска, азаматтық-құ-қықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасқаны;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса ал-ғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде, яғни бес жүмыс күні ішінде табыс етуді.
Заңның бабында белгіленген мәліметтерді жасырған неме-се көрінеу жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар енгізген жағдайда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады және заң актілеріне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.
Тіркелген жүмыссыз азаматтар үшін лайықты жұмыс ұғымы үлкен рөл атқарады. Зан бойынша лайықты жұмыс деп тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына, денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін жұмысты айтады. Көліктің қолайлығын тиісті атқару-шы орган айқындайды. Сонымен қатар бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кәсіптік да-ярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас және озге де ерекше-ліктері мен еңбектуралы заңдардыңталаптары ескерілетін бас-қа ақы төленетін жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Қорытынды
Еңбек нарығы – бұл
жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға
байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы
еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне
әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс
орнының бағасы артады, жұмыскерлерге
және олардың еңбегінің сапасына деген
талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және
іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде
іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді
және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды.
Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына,
қозғалысына, ширақтығына себепші болады,
іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.
Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным
заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін
ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде
жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек
ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар
болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер
жұмыс күшінің сатып алушылары болады.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау
жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде
біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар
табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен
аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының
әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға
айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу
арқылы жүзеге асады.
Жұмыспен
қамтылу дегеніміз — азаматтардың жеке
кажеттерін қанағаттандыруға байланысты
және оларға табыс немесе кіріс әкелетін
Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашы-лығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Зандарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына қүқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдай-ында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі