Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 17:12, реферат
Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның әлі буыны қата қоймағандықтан оның бұл проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне әр түрлі шаралар қолдануда.
Кіріспе
1) Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
2) Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты.
3) Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Қорытынды
Жоспар
Кіріспе
1) Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
2) Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты.
3) Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыспен қамту қазіргі
кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының
бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен
қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін
көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы
деңгейде болса онда сол елдің халқының
әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған
сәйкесті жоғары болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыспен қамту
мәселесі алға қойылып отыр. Бірақ Қазақстанның
әлі буыны қата қоймағандықтан оның бұл
проблемасы аяғымен шешілген жоқ. Біздің
еліміздің үкіметі осы мәселенің шешілуіне
әр түрлі шаралар қолдануда. Аман айтар
болсақ ең негізгі шара болып табылатын
бұл Президенттің “Қазақстан - 2030” стратегиялық
бағдарламасы. Басқада негізгі шаралары
еліміз тәуелсіздік алғаннан, оның аяғын
басқаннан бері жүргізілуде. Осы еңбек
нарығының маңызды мәселесі тұрғындарды
еңбекпен қамту неғұрлым оң нәтежелі болса,
соғұрлым мемлекеттің даму деңгейі де
жоғары болады.
Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
Еңбек нарығы –
бұл жұмыс күшін (адамның еңбек
ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға
байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің
беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді,
осының арқасында әрбір жұмыс орнының
бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың
еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және
іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде
іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді
және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды.
Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына,
қозғалысына, ширақтығына себепші болады,
іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.
Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным
заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін
ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде
жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек
ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар
болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер
жұмыс күшінің сатып алушылары болады.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау
жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде
біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар
табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен
аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының
әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға
айналады, ол оны өндіріс құрал-жабдықтарымен
қосу нарықтық тәсілмен сату, сатып алу
арқылы жүзеге асады.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның
құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады
және қазіргі оның шамасы қандай ? Жұмыс
күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті
өмір сүру құралдарының құнымен анықталады.
Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне
қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі,
оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы,
Швейцарияда бір сағаттық еңбек – 30, Францияда
– 15, Германияда- 28, Австрияда -22 доллар
тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш
қазіргі таңда Қазақстанда орта шамамен
0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның
деңгейін ескеру қажет) құрайды.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген
нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс
күшін ұсынатындар әдетте олар еңбегіне
деген сұранымнан хабарлар бола бермейді,
олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі
бос жұмыс орны туралы да білмейуі мүмкін.
Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы
одан да аз біледі.
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек
биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту
қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық
қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы
алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру
мақсатында адамгершілік институттары
ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және
еңбек қатынастарының дамуына сәйкес,
оның мақсатымен және атқаратын қызметтері
өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті
жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің
арасында делдалдық келісім жасалатын,
тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы
КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы
жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай
– еңбек нарығының барлық элементтерін
қайта жаңғыртудың қажеттілігін көрсетіп
отыр. 1991 жылдың 1-ші шілдесінен бастап
Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды
еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын
қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы
сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздарды
есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу;
жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға
тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру;
жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен
қайта дайындауға ұйымдастыру; жастар
арасында кәсіптік беру жұмысын жүргізу;
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық
қызмет көрсету және жұмыссыздыққа байланысты
жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар
мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала
отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына
әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа
жалдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды,
ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады,
себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде
таңдауға құқы бар және оны өздерінің
кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне
сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар
банкісі болуы қажет. Осы бағытта АҚШ-та,
мысалы, аймақты және жергілікті деігейде
жұмыс күшінің электронды банкілер құрылған.
Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары
сапалы консультациялық көмек көрсетіледі.
Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы
жұмыссыздардың 40 пайызы бір айдың ішінде
жұмысқа орналасады. Сондай-ақ, жұмыссыздарды
қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген.
Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық
үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі
бар және өз ісінің маманы болғысы келген
400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа
дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы
төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының
экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды
өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант
көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, эконо-микалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республи-касының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз — азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашы-лығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Зандарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына қүқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдай-ында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.
Заңда жүмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады:
— жеке еңбек шартымен жүмыс істейтін, оның ішінде то-лық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі). Кірісі бар азаматтар:
— кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
— өз бетімен жұмыспен айналысатындар;
— қосалқы кәсіпшілікпен
— жұмысты азаматтық-құқықтык сипаттағы шарттар бой-ынша орындайтын азаматтар;
— өндірістік кооперативтердің мүшелері;
— ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
— Қазақстан Республикасының
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат-тың негізгі қағидалары мыналарға бағытталған:
1) республика азаматтарына, Казақстанда
тұрақты тұратын шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ адамдарға
қызмет пен кәсіп түрлерін
еркін тандауға бірдей
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етуге, жұмыс-
3) білім беру жүйесін еңбек
рыногының қажеттеріне және
4) азаматтардың заңдарға сәйкес
жүзеге асыратын еңбек және
кәсіпкерлік бастамаларын
5) бар жүмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орын-дарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс орын-дарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
6) уәкілетті орган және жеке
жұмыспен қамту агенттігі ар-
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Казақстаннан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицен-зиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды камтамасыз ету жөніндегі республи-калық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қолдана-тын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту
11) еңбек рыногыньң бірыңғай
ақпараттық базасын
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалу-ын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтарының
14) жұмыс берушілер,
қызметкерлер және қоғамдық
15) жұмыспен қамту саясатымен
үйлестірілген, қосымша жүмыс
орындарын ашу ісін
Сонымен қатар мемлекет азаматтарға халықты жүмыспен қамту саласында кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкін-діктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жүмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Мемлекет халыктың нысаналы топтарын жүмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды да камтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп жүмысқа орналасуда қиындык көріп жүрген және әлеуметтік корғауды қажет ететін адамдар ретінде заң-мен белгіленген адамдар топтарын айтады. Оларға табысы аз адамдар, 21 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбие-ленушілері, жетім балалар мен ата-ананың камқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгілер, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, заң-дарда белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды кажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған), мүгедек-тер, қарулы күштер катарынан босаған адамдар, бас бостанды-ғынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар және оралмандар жатады.Жергілікті атқарушы органдар енбек рыногындағы жағдай мен жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтар-ға жататын адамдардың қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде де қосымша шаралар белгілей алады.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аума-ғында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мына арнайы іс-шараларды іске асыруға міндетті:
1) өтініш жасаған азаматтар
мен жұмыссыздарға — жұмыс
табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс
берушілерге жұмыс күшімен
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс тандауда жәрдем-десуге, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкін түзуге;
4) азаматтар өтініш жасаған күннен бастап 10 күн кешік-тірмей тіркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсіби бағдарлау
ісінде азаматтар мен
6) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
7) еңбек рыногының
қажеттіліктеріне сәйкес
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруге;
9) халыктың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігіне (жұмыс күшіне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық, атқарушы органдарға енбек рыногының жай-күйі туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен
қамтудың аймақтық
Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі
Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы уәкілетті органға және жеке жұмыспен қамту агенттігіне өтініш жасай алады.
Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтардан оларды тіркеу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: жеке бас куәлігі (паспорты), әлеуметтік жеке кодының берілгені тура-лы куәлік (ӘЖК), еңбек кызметін куәландыратын кұжаттар, салықтөлеуші тіркеу нөмірі (СТТН). Шетелдіктер мен азамат-тығы жок адамдар аталған кұжаттарға қоса шетелдіктің ықтияр-хатын, ал азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін өткізеді.
Занда кәрсетілген құжаттар табыс етілген күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей орган мен жеке жұмыспен қам-ту агенттігі нысанын орталық атқарушы орган бекітетін дер-бес есеп карточкасына (деректердің компыотерлік базасына) мәліметтер енгізіп азаматтарды тіркейді.
Тұрғылықты жері бойынша тіркелген жұмыссыз азамат-тар күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті орган-да, ал селолық елді мекендерде тұратындар айына кемінде бір рет поселке/ауыл (село), ауылдык (селолық) округ бөлімінде белгіленуге тиіс.
Уәкілетті орган жұмыссызды мынадай жағдайларда есеп-тен шығарады:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартканда;
2) уәкілетті орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен ұсынылған жұмыска орналасуға немесе оқу орнына келмегенде;
3) шакыру бойынша жұмысқа, окуға жолдама алу үшін екі жүмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға кел-мегенде;
4) уәкілетті органның
жолдамасы бойынша қоғамдық жұ-
5) занда көзделген уәкілетті органға келіп тұру мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;
6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;
7) жұмысқа орналасқан немесе заңға сәйкес жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан
айыру түріндегі жазамен
9) республика зандарына
сәйкес зейнетакы
Заңда белгіленген тәртіп негізінде есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қайтадан уәкілетті органда тіркеле алады.
Информация о работе Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі