Дүниежүзілік сауда ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:48, курсовая работа

Описание работы

Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.

Содержание

Кіріспе
1.ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
1.4. Уругвай раунды-жаңа жүйені жасау
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
2.2. Сауда жүйесінің принциптері
2.3. ДСҰ СТЖК-нен қалай ерекшеленеді
2.4. ДСҰ құрылымы
2.5. ДСҰ секретариаты және бюджеті
2.6. ДСҰ-на мүше болудан түсетін артықшылықтар
2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елднр тәжірибесі
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Дүниежүзілік сауда ұйымы.DOC

— 240.50 Кб (Скачать)

Алайда елдер тәжірибесінде  жағымсыз әсерлерді де айтпай кетуге болмайды. Көптегеп отандық өндірушілер, тіпті салалар нарықтан ығыстырылады, нәтижесінде ішкі өндіріс көлемдері азайып, енбекке жарамды халықтың көбісі жұмыстан айрылады. Бұл шынында болады. Алайда ДСҰ- на кіруге қарсы келушілер мұндай жағдайды отандық өндірушілер бәсекелестік қабілеті аз өнімдерді шығарумен байланыстырады, яғни протекционистік шараларды қолданбағанда. нарық шет елдік өніммен шектен тыс қанағаттанады деген ойды білдіреді. Алайда қалайша экономика осындай ынталандырушы шаралармен бәсекелестігі төмен салаларға көмек көрсетуі мүмкін? Нәтижесінде әрине экономикалық өсімге қол жеткізу мүмкін емес. Бәсекелестігі төмен салаларда жұмыссыздықтың өсуімен қатар, экспортты секторда керісінше өндіріс өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Эксперттердің айтуынша 7 жыл ішінде Қытайдың ауыл шаруашылығындағы жұмыс орындарының саны 9.7 млн. төмендейді, алайда машина жасауда- 600 мыңға, ал автомобиль жасауда 450 мыңға артады. Сонымен қатар азық- түлік өндірісінде 150 мың адам, инфрақұрылымдық салаларда- 38 мың, құрылыста-910 мың адам, қызметкөрсету саласында 2.7 мын адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі пайда болады.

Қорытындылай келе, бәсекелестік жағдайы төмен өндірістерді жабу- бұл ДСҰ- на кірудің кемшіліктері емес, қайта оның жағымды жағы болып табылады. Өйткені экономикаға керексіз кәсіпкерліктер жабылып, жалпы экономика тиімділігі артады да, ұлттык экономика дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

ДСҰ- на елдердің кіру тәжірибеләрін  қарастыра келе, мүше елдер кіруші елдерге оларлын масштабы мен потенциалына карап, талаптарды қояды деген қорытынды жасауға болады.

Қазақстан кіші елдер  қатарына кіреді. Оның үлкен экономикалық потенциалы болғанымен, онын барлығы  шикізат саласында жинақталған. Шикізат экспорты оларға керек, сондықтан  мүше елдер. Қазақстанға көп қатаң талаптарды қоймайды. Қазақстан жағынан болатын өкілетті тұлғалар елге ұзақ мерзімде қажетті шарттарды қою керек.

Сонымен қатар Қазақстан  Ресеймен бірге ДСҰ- на кіруі керек, есесіне олар Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссиямен «ЕврАзЭС» кедендік одағына кіреді, ал оның көптеген ережелері, нормалары мен механизмдері ДСҰ басқаша болып келеді. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі уақытта кіруі салдарынан не ДСҰ, немесе ЕврАзЭС -тің мүшелігінен шығу қауіпі төнуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстанның  ДСҰ-на кіруі

3.1. Қазақстанның  ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз  жақтарына қарағанда, артықшылықтары  көп болалы.

ДСҰ-на кіруші елдермен келісім  сөздер кезінде ең үлкен дау импортталатын  тауарларға қатысты баж қойылымдарын төмендету маңайында туындайды. Қазақстан ДСҰ-на кіру барысында импорттық баждарды орта салмақтанған деңгейге дейін төмендетуі керек. Ал ДСҰ- дағы импорттың орта салмақтанған қойылымы- 4 %.

Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне  қарсы келушілер мұндай сыртқы сауда  режимін либеризациялау экономиканы толығымен шет елдік тауарларға ашып береді, нәтижесінде кептеген отандық өндірушілер жабылып, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірілуі мүмкін деген. Алайда ДСҰ- дағы импорттық тарифтің, орта салмақтанған қойылымы 4% көлемінде, ал салалар бойынша 7-15 % ауытқитын болса, бұл Қазақстан үшін тиімді қойылым болады, өйткені біздің импорттық тарифтің орта салмақтанған қойылымы 8-9 % көлемінде, аутқып тұрады, ал бұл ДСҰ- ның қойылымынан көп үлкен емес.

Сонымен қатар Қазақстан  өз тарифтерін әрдайым төмендетіп келеді. Тауарлы позициялардың ең көп саны 0-15%, оның ішінде 75% тауарлы позициялар үшін тариф 1-10%, ал 94.3 % - 0-15% көлемінде тарифтер қойылымдары салынады. (Сур.2)

2006 ж. Салынған баж  қойылымдарына байланысты импорт  құрылымы                                                                                                                          Сур.2. Шығу тегі-ҚР статистика агентінің мәліметтері

 

2000-2005ж.ж.  ҚР импорт және импорттық  баждар

Сур. 3. Шығу тегі- ҚР статистика агенттігінің мәліметтері

Қазақстан баждары қорғаныс мақсаттарына қарағанда, фискалды қызмет атқарады. 2001 ж. Барлық импортты төлемдердің  үлесі мемлекеттік бюджетте 2,4% үлес алды. Сондықтан ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін қызығушылық білдіруші тауарлар үшін импорттық баждарды айтарлықтай өзгертпейді.

Шет елдік компаниялар  Қазақстан нарығын өз тауарларымен қамтамасыз еткісі келсе, қазіргі әрекет етуші төмен тариф қойылымдары  олар үшін шектеу болмас еді. Бұған  келесідей себептер бар:

1.Қазақстан нарығы  шет елдік өңдеуші фирмалар үшін тым тар болып келеді, олар айтарлықтай табыс ала алмайды.

2.елдер тәжірибесіне  негізделе отырып, кіші елдерге  үлкен мемлекеттерге қарағанда  талаптар өте қатаң болмайды. Себебі мүше елдерді үлкен  елдердің сыйымды нарықтары қызықтырады да, оларға бәсекелес ретінде қатаң талаптар қояды.

3. теңгенің нақты курсы жоғарыламай, төмендемейтін болса, импорт экспортқа қарағанда көлемі және өсу темптері жөнінен асып түседі. Жағдайға Қазақстанның ДСҰ- на кіруі айтарлықтай әсерін тигізе алмайды.

Осылайша Қазақстанның ДСҰ-на кіруден пайда болатын  жағымсыз жақтар едәуір болмайды.

Егер Қазақстанның кейбір тауар турлері бойынша тарифтер ДСҰ-на қарағанда айтарлыктай жоғары болса, бұл оған кіруден бас тартуға себеп бола алмайды. Бәсекелестігі төмен өнімді шығару, адамдарды өнімділік дәрежесі төмен тауарды ендіруде ұстау оның нәтижесінде қызмет ете алмайтын жүйе ретінде құлауына әкелетін еді.

Қазіргі кездегі Қазақстан  нарығындағы бәсекені импортталатын  тауарлар құрайды, сондықтан ДСҰ-на енгеннен кейінгі шет ел бәсекелестерінің әрекеттері ішкі бәсекелес ортаны жандандырып, отандық өндірушілерді, өндірісті жаңартуға, бағаны төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға және тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттанрыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы импорт бәсекеден басқа келесілерді қамтамасыз етеді:

    • арзан, сапасы жақсы, табысы аз тауарлармен қамтамасыз ету; 
    • кәсіпорындарды техника мен технологияларды жаңартуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, қазіргі заманғы бәсекелес өнім шығаруға мүмкіндік беретін инвестициялық тауарлармен қамтамасыз ету; 
    • инвесторларға тауарлар түрлеріне сұраныстың артуы жайында мәлімет береді және өз уақытылы жаңа өндірістерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
    • кәсіпкерлерді не өндірісін дамытуға, не жабуға мәжбүрлейді;

Әрине, Қазақстан ДСҰ-на енудің нәтижесінде бәсеке артады, бір салалар дамып, ұтады да, екішілері ұтылып, өндіріс шығындарын азайту мен еңбек өнімділігін арттыруға әдістер таппаса, жабылады.

ҚР ЖІӨ мен импортының өсу  динамикасы

Сур. 4. Шығу тегі- Ұлттық банк мәліметтері

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның материалды өндіріс салалары болуы міндетті емес. Өндіріс тиімділігі артық өнеркәсіп түрлері дамиды да, қалғандары жойылады. Қазақстандағы ең тиімсіз өндіріс салаларына келесілер жатады: химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп. Алайда бұл салалардың ДСҰ-на енуден кейін дамуы үшін мүмкіндік пайда болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, еңбек сыйымды өндіріс салалары ұтыста қалады.

Кіргізу баждарын арттыру, отандық өндірушілерге көмек көрсету сияқты, іс-әрекеттер ҚР кейбір заңдарын бұзады.

«Адал емес бәсеке туралы»  ҚР заңының 4 бабында келесідей айтылған: «мемлекеттік және жергілікті басқару  органдарына нарықтық қатынастарының бөлек субъектілеріне жағымды немесе дискриминациялық жағдайлар жасауға, бәсекені шектеу немесе жоюға, тұтынушылар құқықтары мен мудделерін бұзуға тыйым салынады.»

Бәсекелес және тиімді отандық  өндірістің дамуына импорт кері әсерін тигізбейді, керісінше кедендік жәнс салық саясатының тиімсіздігі, бір  сала кәсіпорындарына бірдей емес жағдайларды жасау, жоғары пайыздық қойылым дамуын тежейді.

Теңгенің нақты курсының азайтылуы импортты тауарларға тарифті  және бейтарифті шараларға қарағанда  үлкенірек шектеу болады. Импортерлер  елге шет ел тауарларын әкелу ешбір  табыс әкелмейді. Нарықты қорғаудың тағы бір механизмі- ұлттық стандарттарды қолдану. Бұл механизм әсіресе АҚШ- та кең түрде қолданылады.

Қазақстанға нарықтық экономика статусы оңай берілген жоқ. Бірақ осыған байланысты артықшылықтар мемлекет ДСҰ-ның толқ мүшесі болмаса, айрылуы мүмкін, өйткені экономиканың нарықтығы статусы елді энергоқорларға салынатын антидемпингтік бағалардан қорғай алмайды. Уран жайында АҚШ- пен 4 жылдық соттағы даудың нәтижесіндегі ұтыс кездейсоқ болған жағдай.

 

3.2. Ауылшарушылығы- Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғьз саласы

 

Қазақстанда көмекті  қажет ететін жалғыз сала- ауыл шаруашылығы. Тек бұл сала бойынша ДСҰ шеңберінде дотациялар мен субсидиялар көзделген. Алайда қосылушы елдердін ең киын келісім  сөздер кезеңі осы сала бойынша жүргізіледі. Қазақстан үшін бұл экономико-құраушы салалардың бірі. Оның ЖІӨ- де алатын үлесі 1990 ж. 34% қазіргі кезде 8.5- 9% дейін төмендеді. Ауылшаруашылығы дамуның болашағымен Қазақстан халқының 44% тағдыры тығыз байланысқан. Ауылда ұлттық генеқор жинақталады, ауыл тұрғындары ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды өз бойларында сақтайды және таралады. Сондықтан ауылдың дамуы Қазақстан үкіметінің ұзақ мерзімге бағытталған әлеуметтік- экономикалық мақсаттарының бірі. Азық-түлік қауіпсіздігі сыртқы орта жағдайларын сақтай отыра, қол жеткізімді бағамен, сапасы жақсы, жеткілікті көлемде өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету. 90 жылдары ДСҰ- да 15 елдермен аул шаруашылығының көпжақтылық концепциясы қабылданған, ол бұл салаға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. ДСҰ- да бұл концепцияны Жапония, Корея, Швейцария, Норвегия, ЕК қолданылады.

Жапония Үкіметі ауылшаруашылығына  көмек көрсетуді келесі факторлармен байланыстырады:

-   әлемдік нарықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету  тұрақсыз. Ауыл-

шаруашылығы жалпы тұрақсыз сала, онын өнімдерін тек бірнеше елдер ғана экспорттайды;

-  азық- түлік жетіспеген  жылдары ауқатты мемлекеттер  оның барлық қорларын сатып  алуы мүмкін, ал бұл әлемдік  нарыққа кері әсерін тигізуі  мүмкін;

    • өнімдерді сақтау кезінде тез бұзылатынына байланысты резервтерді тек қысқамерзімге жасау мүмкіндігі.

Қазақстан үшін бул саланың  маңызы ерекше. Оның дамуы мемлекетке мультипликациялық әсерін тигізеді. Бір жағынан ол өзі өндіріс  салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан өзі ауылшаруашылық техника, құрылыс, көлік салаларының өнімдерін тұтынады. Осылайша сала басқа салалардағы жұмысбастылық деңгейін сақтай отыра, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етеді.

 Қазақстанның кейбір  ерекше жағдайларын ескергеніміз  жөн. Астық шаруашылығының көп бөлігі тәуекелі жоғары жер өңдеу зонасында орналасқан: 2-3 жыл жағымды климат жағдайлары 1-2 жыл жағымсыз климат жағдайларымен алмасады. Малшаруашылығы да үлкен тәуекелмен дамиды. АҚШ және Европа елдеріне қарағанда, әр өндіріс үлкен территория өңдеуге, техника және адам ресурстарын тартуға мәжбүр болады.

Ауылшаруашылығына көмек  көрсетуден бас тартуға болмайды, өйткені ол ел үшін көптеген тәуекелді жағдайларды тудыруы мүмкін, өнеркәсіп өндірісінде бәсекенің әсері оларды жаңартуға көмектессе, ауыл шаруашылығы импортталатын тауарлармен бәсекеге түсе алмайды да, нәтижесінде құлдырауға ұшырайды, 6 млн. адам қалалар мен көршілес мемлекеттерге миграциялауға мәжбүр болады. Онда қалаларда жұмыссыздар саны шектен тыс асып түсіп, мемлекетте кедейлік, қылмыстық өсе түседі де, тұрақсыз саяси жағдай туындайды.

Осыған байланысты көптеген дамыған мемлекеттер ауыл- шаруашылығын қорғау шараларын қолданады.

ДСҰ-да ауылшаруашылығын қорғау мен көмек көрсету үш бағыт бойынша жүзеге асырылды: 

    • Ауылшаруашылық экспортты субсидиялау; 
    • Ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдеріне тарифтер; 
    • Ауылшаруашылығын ішкі субсидиялау;

Ауылшаруашылығына ең үлкен  көмекті АҚШ, Жапония; ЕО сияқты дамыған  мемлекеттер көрсетеді.

Қазақстан ет пен астықты  стратегиялық маңызды өнім ретінде ДСҰ- ның келісімдерінен алып тастауды талап етіуі керек (Жапония күріш жайында істеген сияқты). Алайда бірден ауыл шаруашылық экспортты субсидиялаудан бас тарту керек. Бұны барлық мүше елдер талап етеді және соңғы жылдары ДСҰ- ның құрамына енген елдердің барлығы оны алып тастады. Сонымен қатар Қазақстанда субсидияларды ауылшаруашылық өнімдерді өндірушілер емес, делделдық астық компаниялары алады. Яғни олардан бас тарту фермерлерге өзінің кері әсерін тигізбейді. Ауылшаруашылық өнімдер импортына тарифтер басқа мүше елдердің тарифтеріне қарағанда едәуір төмен - 16.3%, бұл тариф дамушы елдерде- 18.76%, өтпелі елдерде – 13.36%, ал дамыған елдерде - 43,41 %.   Мүше елдер импортты тарифті 6% деңгейіне дейін төмендетуді талап етуі мүмкін, ал 6 жыл ішіндегі орташа салмақтанған кедендік баждардың біртіндеп төмендетілуі тауар өндірушілерге шығарылатын өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тарифтік қойылымды арттыруға байланысты нарықтық қауіпсіздік деңгейі артпайды, өйткені оның әсері кедендік әкімшіліктің әсерінен жоққа шығады. Бүгінгі таңда бұл саланы қорғалған деп атай алмаймыз, алайда ол тарифтерсіз дамып келе жатыр.

Информация о работе Дүниежүзілік сауда ұйымы