Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:48, курсовая работа
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты: Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекетін қарастырумен қатар, қазіргі кезде ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып келе жатқан Қазақстанның ДСҰ-на кірудің қиындықтары мен болашағын қарастыру.
Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде ДСҰ-ның пайда болу тарихы мен оның пайда болуына әкелген негізгі келісім сөздер раундтары қарастырылған.
Кіріспе
1.ДСҰ-ның пайда болу тарихы
1.1. СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы
1.2. Токиолық раунд-сауда жүйесін реформалауға алғаш әрекет жасап көру
1.3. СТЖК табысқа жетті ме?
1.4. Уругвай раунды-жаңа жүйені жасау
2. Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
2.1. Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?
2.2. Сауда жүйесінің принциптері
2.3. ДСҰ СТЖК-нен қалай ерекшеленеді
2.4. ДСҰ құрылымы
2.5. ДСҰ секретариаты және бюджеті
2.6. ДСҰ-на мүше болудан түсетін артықшылықтар
2.7. Соңғы жылдары ДСҰ-на кіретін елднр тәжірибесі
3. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
3.1. Қазақстанның ДСҰ-на кіру нәтижелерінің жағымсыз жақтарына қарағанда артықшылықтары көп болады
3.2. Ауылшаруашылығы-Қазақстанның көмекті қажет ететін жалғыз саласы
3.3. ҚР ДСҰ-на кіруі жайындағы келісім сөз үрдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ДСҰ-на кіру процедурасы өзара байланысқан үш үрдістерден тұрады:
1. кіруші елдің сыртқы сауда режимін және оның ДСҰ-ның сауда келісімдеріне сәйкестілігін қарастыру.
Бұл келесідей жүзеге асырылады: ел өзінің сыртқы сауда режимі туралы меморандум дайындайды, ол сұрақ- жауап үрдісінде қарастырылады, одан кейін Жұмыс тобының баяндамасы дайындалады да, қосылу шарттары болатын қосылу туралы протокол дайындалады. Қосылудың бұл бөлігі ДСҰ-ның барлық мүшелерінің қатысуымен көпжақты негізде жүзеге асырылады, бірақ кейбір сыртқы сауда режимі туралы мәселелер ДСҰ-ның бөлек мүшелері мен қосылушы ел арасында екіжақты негізде өтуі мүмкін.
Қазақстанның қосылуы жөніндегі келісім сөздер жүргізген кезде келесі мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар туындады:
- баға құрылудың нормалары мен тәжірибесі;
- салық салу жүйесі;
- бөлек экономика секторларындағы субсидиялар, мысалы ауыл шаруашылығында;
- шет елдік инвестициялар режимі;
- төлем балансы;
- импорттық кеден тарифы;
- қорғау шаралары және
т.б. ұлттық өндірушілерді
- импорттық лицензиялау;
- экспортты реттеу;
- мемлекеттік сауда келісімдері;
- импортты тауарларды стандарттау мен сертификациялау жүйесі, санитарлық және фитосанитарлық шаралар;
- валюта айырбасы жөніндегі операциялар;
- сыртқы саудаға қатысты мақалалар мен статистика;
- интеллектуалды мүлікке құқықтарды қорғау жүйесі.
2.Тауарлар саудасы
жөніндегі келісім сөздер. Бұл
келісім сөздер қосылушы елмен
басты сауда серіктестерімен
екіжақты негізде жүзеге
3.Қосылушы елдің қызметтер
саудасы жөніндегі
2.6. ДСҰ- на
мүше болудан түсетін
ДСҰ-на мүше болудың артықшылықтары:
- ДСҰ-ның мүшелерімен сауда қатынастарын дамуының болжалдануы мен нақтылығы;
- ДСҰ мүшелерінің кұқықтарын пайдалану;
- Сауда саясатының ашықтығы мен сауда қатынастарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сауда серіктестерінің тәжірибесі;
- Сауда серіктестерімен
құқықтар бұзылған жағдайда
- ДСҰ көпжақты
сауда келісімдерінде тиімді
қатысудың нәтижесінде өзінің
сауда және экономикалық
ДСҰ келісімдері сыртқы сауданы, оның ішінде экспортты арттыруға мүмкіндік береді және қатаң көпжақты ережелер нәтижесінде кауіпсіз және болжанатын саудаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысал ретінде ДСҰ келесі келісімдерін келтіруге болады:
Текетиль мен киім жөніндегі келісім - мүше емес елдер бұл келісімде көзделген сауданы либеризациялаудан түсетін артықшылықтарды қолдана алмайды. Бұл текетиль мен киімге импорттық квоталарды біртіндеп азайту мен өтпелі кезеңдегі он жыл ішінде тауарларға квоталарды арттыруға да катысты. Сонымен қатар мүше емес елдердің текетиль және киім экспорты жөнінде жаңа шектеулерді енгізілуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім - бұл келісімде көзделген нарыққа енуде мүше емес елдер артықшылықтарға ие бола алмайды. Олардың ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына ДСҰ жүргізген тарификацияның нәтижесінде кеден баждарының жоғары қойылымдары салынады. Ауыл шаруашылық келісімі ДСҰ- ның мүшелерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне сандық импорттық шектеулерді салуға рұқсат етпесе де, Уругвай раундының нәтижесінде кейбір ірі мүше елдердің заңнамасы өзгертілді де, олар, мүше емес елдердін ауыл шаруашылық импортына сандық шектеулер салуларына мүмкіндіктері бар.
Антидемпинг, субсидиялар жәие компенсациялық шаралар жөніндегі келісім-бұл келісімге сәйкес ДСҰ- ның барлық мүшелері антидемпингтік және компенсациялық тексерулер жүргізудің нәтижесінде салынған шығын фактісін тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ Уругвай раундында қабылданған заңнама бойынша мүше емес елдерден импортталатын өнімдерге салынған шығын жөніндегі тексерулер жүргізілмейді. Сонымен қатар бұл ДСҰ- ның ережелерін бұзып, дискриминациялық шара болса да, мүше емес елдер импортына андемпинг шараларының шеңберінде сандық шектеулер салынуы мүмкін.
Қорғау шаралары жөніндегі келісім- бұл келісімде көзделген шаралар (минималды дискриминациялық ауытқулар негізінде қоргаушы шаралар қолдану; экспортты өз еркімен шектеу келісімдерін жою; кеңес берулер мен алдын-ала айтулар сияқты қорғау шараларын енгізу процедураларын қатаң орындау) қосылушы мемлекеттерге қолданып, олардың халықаралық саудадағы дискриминациясын арттырады.
Қызыметтер
саудасы жөніидегі жалпы келісі
Интеллектуалды мүлік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (ТРИПС)- интеллектуалды мүлікті қорғау стандарттары мен оларды қолдану шараларын орнатады. Әр мүше ел интеллектуалды мүлік кұкықтары жөніндегі келісімдер мен ТРИПС ережелерін қатаң сақтау керек жәже кері жағдайда әр мүше елге интеллектуалды мүлік құқықтарын қорғауға мәжбүрлеу саясаты қолданылады. ТРИПС ДСҰ- ның негізгі үш құқықтық құ-ралдарының бірі. Келісім 7 бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде жалпы қағидалар қарастырылады. Екінші бөлімде интеллектуалды мүліктің әр түрлі түрлерін қорғау стандарттары қарастырылған: авторлық кұкық, сауда белгілері, географиялық нұсқаулар, өндірістік көрсеткіште, патенттер, интегралды микросхемалар топологиясы, коммерциялық кұпия. Үшінші бөлім интеллектуалды мүлік құкықтарын орындауға мәжбүрлеу шараларын қарастырады. Төртінші бөлім бұл құқықтарды алу және дәлелдеу процедураларына сипаттама береді. ТРИПС ДСҰ мүшелерінен Өндірістік мүлікті қорғаудың Париж конвенциясының міндеттемелерін (1967 ж.), Шығармашылық туындыларды қоргаудың Берн конвенциясын (1971 ж.). 1961 ж. Рим конвенциясы мен 1989 ж. Вашингтон келесімін орындауды талап етеді.
2.7. Соңғы жылдары
ДСҰ- на кірген елдер
ДСҰ 1995 ж. СТЖК-ның негізінде құрылған және оның мүше елдері 1995 ж. 1 қаңтарынаң автоматты түрде ДСҰ-на қабылданған.
Біз үшін социалистік болған елдердің ДСҰ- на кіру тәжірибесі маңызды болып келеді. Оларға: 1996 ж. кірген Болгария. 1997 ж. енген Монголия. 1998 ж. Қырғызстан, 1999 ж. Латвия, 2000 ж. кірген Эстония. Грузия, Албания жэне 2001 ж. кірген Молдова, Литва.ҚҰР жатады.(3,45)
Бүл елдердің барлығына (ҚҰР қоспағанда) келесілер тән болып келеді:
Осы сипаттамаларға қарап, бұл елдер ДСҰ-ның мүше елдері үшін үлкен экономикалық қызығушылық тугызған жоқтығы айқын. Ал көбісіне ДСҰ-на кіру кезінде жоғары талаптар қою әділетсіз болып табылды. Мысалы, Болгария, Монголия, Латвия, Эстония үшін ауыл шаруашылық өнімдер бойынша жоғары тарифтік төмендетулер берген. Болгарияға өтпелі кезеңді 15 жыл, Албания мен Латвияға- 9 жыл орнатты. Қалғандарының өтпелі кезеңдері 4-7 жыл аралығында сақталды,ал Монголия тіпті өтпелі кезеңсіз кірді.
Дегенмен, 1996 ж. кейін кірген елдердің барлығына тарифтер жөнінде қатаң талаптар қойылды, ал ауыл шаруашылығындағы экспорттық субсидияларға (Болгариядан басқа) ешкім рұқсат алған жоқ. ДСҰ-ның 146 мүшесімін отызы ғана экспорттық субсидияларға ие, бұл ДСҰ-на онын құрылу кезеңінен мүше болған елдері.
Жалпы, крастырылған елдердің оларға дейін енген мемлекеттерге қарағанда кіру шарттары нашар болды. Тек Болгария ғана басқалардан бұрын еніп (1996ж.). жағдайы жақсы болды. Қазакстан ДСҰ-на кіргенде, басқаларға қарағанда қатаңырақ шарттармен енеді. Аталған елдердің екіжақты келісімдер үрдісі өте қиын өткен. Қазақстан үшін бұл үрдіс одан да киын бола түседі, өйткені ол халық саны жағынан бұл елдерден асып түседі, мұнай, металл, ауыл шаруашылығымен және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерімен негізделетін күшті потенциал көмегімен Қазақстан өңдеуші өндірістің жоғары бәсекелес салаларын жасай алады. Бұл ҚҰР- ның ДСҰ- на енуі тәжірибесімен расталады. СТЖК-ге ену туралы кұжатты 1986 ж. беріп, Қытай ДСҰ- на кіруге 2001 ж., яғни 15 жылдан кейін ғана мүмкіндік алды. Оның ДСҰ- на кіруінің негізгі шектеулері талап етілген жоғары талаптар болды.
Ол 214 стандартты емес шарттарды қабылдады, мысалы, Қытайға антидемпингтік тексерулер кезінде нарықтық экономикалы ел статусын беру туралы мәселені 15 жыл бойы қозғамау, мемлекеттік сатып алымдар, азаматтық авиатехника саудасы, интеллектуалды мүлікті қорғау туралы. инвестициялық шаралардың сауда аспектілері жайында келісімдерге қол қоюға мәжбүр етті.
Қытай қысқа мерзім ішінде импорттық тарифтерді ірі төмендетулерге көнді. Қойылымдарды төмендету 6223 тауарлық позициялардың ішінен 5685 қолданылады, ал бұл 91,4 % құрайды. Кіргізу баждарын 70% төмендету 9 позиция бойынша, 30-70% 88 позиция бойынша жүргізіледі. Қойылымдарды төмендету қысқа мерзімдер ішінде жүзеге асырылады. Жалпы тауарлық позициялардың көбісі бойынша кіргізу баждарының ставкалары 0- 30% ауытқыды.
Бірақ ҚҰР ауыл шаруашылығы саласында ең үлкен төмендетулерді енгізді, ол кіргізу баждарын орташа 21,2 % 17% дейін азайтты. Импортқа квоталарды алып тастады және жеке компаниялар арасында ауыл шаруашылық өнімдерімен саудаға рұқсат берді, ауыл шаруашылық өнімдердің экспортын субсидиялаудан толығымен бас тартты. Эксперттердің ойынша, Қытай мұндай төмендетулерге экспорт бойынша артықшылыққа ие болу үшін және сыртқы саудадағы он сальдоға қол жеткізу үшін барды. Шындығында өндірілетін текстиль өнімдері мен киімге салынатын квоталар алып тасталды, өзінің ойыншықтар, электроника, химия жэне фармацевтика өнімдерінің әлемдік нарыққа ену жағдайларын жеңілдетті.
Қазақстанның ДСҰ- на
кіруіне қарсы болушылар
Оларға ешкім инвестициялық дүмпу болады деген жоқ, Стратегиялық шикізат түрлері жоқ, ішкі нарығы тар, теңізге шығатын жолдары жоқ елдерге шет ел инвестициялары әрине ағылып келмейді. Алайда бұл елдердің экономикалық өсімі жағдайлары өте нашар емес. (сур. 1 )
мемлекеттер |
2000 ж. |
2001 ж. | ||||
|
ЖІӨ |
өнеркәсіп өндірістің көлемі |
А/ш ендіріс көлемі |
ЖІӨ |
өнеркәсіп өндірістің келемі |
А/ш ендіріс көлемі |
Грузия |
19 |
10,8 |
85 |
4,5 |
98,9 |
6 |
Қырғызстан |
5 |
6 |
5 |
5,4 |
7 | |
Молдова |
2.1 |
7,7 |
97 |
4 |
14,2 |
4 |
Латвия |
6,6 |
7 |
||||
Эстония |
6.9 |
5 |
||||
Литва |
3.9 |
4,5 |
Сур.1. 1998- 2001 ж.ж. ДСҰ-на кіретін кейбір елдер өндірісінің өсім темптері.
Латвияның экспорты 2000 ж.
ДСҰ-на кірудің есебінен алдыңғы
жылға қарағанда 12%, ал инвестициялар
көлемі 14% артты. Бәсекенің күшеюі, отандық
өндірушілерге әлемдік
Ал Қытай жайында айтатын болсақ. 2002 ж. шет елдік тікелей инвестициялар ағымы 22%, яғни 29 млрд.долл. өсті де, нәтижесінде Қытайда экономикалық өсу орын алды.(4,2)
Нақты нәтижелерді Қытай ДСҰ- на кірмей тұрып көрді. Қытай өндірушілері ДСҰ-на кіруден әлемдік өндірушілер өнімдерімен бәсекені күтудің нәтижесінде өздерінің экономикалық жағдайын жақсарта түсті. Нәтижесінде 90 жылдары Қытай нарығында жапониялық телевизорлар мен тоңазытқыштарды өндіруші компаниялар басты орын алатын болса, қазір отандық өнім оларды нарықтан ығыстыруда. Сонымен қатар олар шет елде де өндірісті қамтамасыз етті. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды тәжірибелердің бірі.