Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 07:39, курсовая работа

Описание работы

Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы

1.1 Несие теориясы және оның дамуы, Несие түрлері…………………..8

1.2 Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20

1.3 Несие мен ақшаның өзара әрекеті..........................................................21

1.4 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері............23

ІІ. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары



2.1 Банк жүйесінің даму тарихы.................................................................26

2.2 Банк жүйесінің құрылымы...................................................................30

ІІІ. Қазақстан Республика банк жүйесінің дамуын талдау және оны жетілдіру жолдары

3.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау.....................................33



3.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау..........................39

Қорытынды..........................................................................................................



Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................

Работа содержит 1 файл

эконом теория.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

  Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұғымды бағыттауға мүмкіндік береді.

  Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –  Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады".

  "Валюталық реттеу" түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған тұлғаларға санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады.

  Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

  Орталық банк елдегі ақша – несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша – несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша – несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

  Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет игілігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық  банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке есеп береді.

  Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ – та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы заңға ғана бағынады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама  тәуелсіздігінің негізгі жағдайы  бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық мәні бар.

  Президенттің " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар  жарлығында былай деп жазылған:  "Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:

а) Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне  заем алушының  кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

б) осы  шарттар бойынша үкімет жәрдемімен ашылған Қазақстанның халықаралық  ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қосымша несиелер береді".

  Осылайша  Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие  бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының  мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде  қарыз алады.

  АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап етіледі. 

  Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді. 
 
 

Қорытынды 

     Қорытындылап айтып келетін болсам. Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз несие деген сенемін деген мағына беретін болып: латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен байлап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

     Несиенің мақсатты сипаты несие  берушіден алынған қаражаттың  мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдірді. Несие келісім шартындағы сәйкес бөлімде берілетін, несиенің нақты мақсаты, сондай ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

     Несиенің тауарлық формасы шарты  жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төмендегінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда машина мен құрал жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингіде қолданылады.

     Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған  мемлекеттік құрылыс жинақ ақша бөлінісі құрылады. Жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері млрд теңгені құрады, жылмен салыстырғанда құрады.

     Инфляция жағдайында, керісінше, қолма қол ақшамен төлеудін үлесі артады несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Жылғы несие жүйесіндегі реформалардан кейін жинақ кассалары қызметінің негіздері қайта құрылды. Акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ банктері басқа коммерциялық банктерден аса өзгешеленбейтін бөлікке мекемелерге айналды. 

       Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды. 

  Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша –  несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

  Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:  

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі   мемлекетке тиесілі  (немесе  мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің  қызметін  бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

  АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

  Негізі  Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор  – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

  Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер 

1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С.Сейтқасымов.

              Алматы: Экономика, 2001 ж 

2. Көшенова.Б.   “Ақша, несие, банктер”.

        Алматы, 2001ж. 

3. Мақыш.С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары”.

      Алматы: 2004ж.

  4. Мақыш.С.Б. “Ақша айналысы және несие”

      Алматы: 2004ж.

   5. Ысқақова. З.Д. “Банк ісі”

        Қарағанды, ж.

    6. Ысқақова. З.Д. “Бағалы қағаздар нарығы”

      Қарағанды, ж.

    7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А “Денежное обращение” кредит и банк, 1995.

       Я. А. Дободиной

    8.  “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999

  1. В. Колесинкова “ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996

        “ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996

   10. И. И. Повлов “ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1994 ж

   11.Қазақстан Республикасының Конституциясы

    12.«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы

    13.        1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің  кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз

   14.ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы»  жарлығы

    15.Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды – 2002

    16.Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы

   17.Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

   18.Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

           / Алматы «Экономика»-2000ж /    

   19. Мәдешев Б.   «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі