Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 07:39, курсовая работа

Описание работы

Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы

1.1 Несие теориясы және оның дамуы, Несие түрлері…………………..8

1.2 Несие қызметінің түсінігі.......................................................................20

1.3 Несие мен ақшаның өзара әрекеті..........................................................21

1.4 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері............23

ІІ. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары



2.1 Банк жүйесінің даму тарихы.................................................................26

2.2 Банк жүйесінің құрылымы...................................................................30

ІІІ. Қазақстан Республика банк жүйесінің дамуын талдау және оны жетілдіру жолдары

3.1 Орталық банк және оның қызметтері талдау.....................................33



3.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау..........................39

Қорытынды..........................................................................................................



Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................

Работа содержит 1 файл

эконом теория.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

     Өзіндік қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған ресурстар банктің несие ресурстарын құрайды.

     ҚР “Ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.

     Республиканың ірі банктері ипотекалық  бағдарламаны жүзеге асыратын  өздерінің ипотекалық компанияларын  құрды.

         2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайды Қазақстандық ипотеке компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс –жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті. ҚИК 300 және 500 млн

сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын  шығарып үлгереді және оларды сәтті  орналастыра білді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады.

     Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

     Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

     Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе,  ірі компаниялар, филиалдар және  банктер халықаралық несиені  жиі пайдаланады. Бұл белгілі  бір реттеуді  және шектеуді  қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген  берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

     Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

     Меншік формасы бойынша халықаралық  несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады,

яғни  несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы  елдің валютасында, үшінші елдің  валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық  несие формасы бойынша коммерциялық және  банктік несиелерге бөлінеді.

     Коммерциялық немесе фирмалық  несие сыртқы саудамен және  қызмет көрсетулермен тікелей  байланысты болады. Оны, әдетте, басқа  елдердегі әр түрлі коммерциялық  құрылымға ие компаниялар, фирмалар  вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық

құжаттарды  алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір  мерзімде төлеуге келісімін береді.

     Банктік несиелеу тек экспорт  – импорт операциялар бойынша  есеп айрысулармен ғана байланысты.

     Экспорттық банк несиесі бұл  – экспорттаушы ел банкісінің  импорттаушы елдің банкісіне  машина, құрал – жабдық жеткізілімін  несиелеу үшін беретін несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан несие деп аталады, өйткені, ол тек машина мен құрал – жабдық  үшін ғана беріледі.

     Импорттық банк неисесі – бұл  импорттаушы елдің фирмаларына  және банктеріне тікелей берілетін  несие берушінің елінде қандай  да бір тауарларды сатып алуға арналған неисе.Сатып алушы несиенің бірнеше несие,  несие желісі, сондай – ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал – жабдықты  жеткізумен береді.

     Қазақстанның халықаралық жетекші  ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті қосымша қаржыға жол ашты.

     Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ)  “стенд - бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.

     Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық  қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы – валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

     Қазақстанның және банктердің  халықаралық рейтингісі игеруі  несие бағасы бойынша да, оның  мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.

     Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған  ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.

     Қазақстан 2003 – 2015 жылдарына арналған Индустриялық инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірістің жаңа машина, құрал – жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі неисе мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

     Лизингілік несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдық  мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.

     Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық  лизинг туралы» заңымен, Азаматтық,

Салықтық  және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны  мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

     Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын машина, құрал жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

     Лизинг объектісі лизинг берушінің  балансында болады және лизинг  объектісінің амортизациясы жеделдетілген  амортизация коэффициентіне сәйкес  «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік  құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

     Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.  Лизингілік мәміле лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.

     Лизинг өзінің мазмұны бойынша  несие қатынасына сәйкес келеді  және мәні бойынша ссудаға  ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынасы лизинг берушінің лизингалушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін несиені білдіреді.

     Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

     - мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажетті болмайды;

     -    бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;

     - лизингілік төлемнің жүйесі  икемді болады және ол игеруге  жатқызылады, бұл салық салынатын  базаны кемітуге мүмкіндік береді,

     -    жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

     Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

     Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық – техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал – жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

  • лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
  • өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
  • негізгі құрал жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;
  • қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

     Лизинг беруші  банктің лизингілік  қызметінің артықшылығы:

  • лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
  • қосымша құн салығының босатылады;
  • лизинг компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2. Несие қызметінің түсінігі.

 

     «Функция» («қызмет») деген сөз  латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.

     Несиенің ұдайы өндіріс процесінде  алатын орны жайлы біркелкі  ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір  ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

     Айырбас фазасына бөлу (өндіріс  нәтижелерін бөлу) қатынастарының  сәтін айрықшалап көрсету мүмкін  болғандықтан, несиелік қатынастарды  да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы  бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

     Несие туралы теорияда, оның атқаратын  қызметінің саны мен мазмұны  жайлы  орныққан  біркелкі  көзқарас  жоқ.   Біреулер  екі  ( қайта   бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

     Несиенің бақылау қызметі: дегенде  ол – ақша, қаржы сияқты басқа  да категорияларға тән екендігін  айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды  несие емес, банк жүзеге асырады.

     Өндірістік қорлар айналымның  жанама түрлері бойынша несиенің  қызметі ақшаларға да, қаржыларға  да тән – бұл  біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың  құндылық категорияларының мазмұнына  да енеді. 
 
 
 

Информация о работе Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы ролі