Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа

Описание работы

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекеше­лендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммунал­дық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет

Работа содержит 1 файл

eko teoriya 2.docx

— 167.63 Кб (Скачать)

Үшіншіден, тиімділікті, нәтижелілікті, бақылауда ұстауды және ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік жоспарлауды жетілдіру керек. 

Төртіншіден, Үкімет мемлекеттің экономикалық қызметінің барлық стратегиялық емес түрлерін бәсекелестік-нарықтық ортаға беруге тиіс. 

Бесіншіден, мемлекеттік  сатып алуларды ұйымдастыру жүйесі айқын ережелер белгілейтін болуы керек, ал рәсімдердің өзінің ашық, бақыланатын, түсінікті әрі орындауға оңтайлы болғаны дұрыс. 

Алтыншыдан, Үкімет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы стандарттарының әзірленуі мен енгізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Үкіметтің биылғы 1 шілдеге дейін республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейлерде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін бекітуі керек. 

Жетіншіден, Үкімет пен жергілікті атқарушы билік органдары өздерінің қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге тиіс. 

Сегізіншіден, мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ олардың жұмысқа деген ықыласын нығайтуға бағытталған неғұрлым қатаң талаптар енгізген дұрыс. 

Тоғызыншыдан, мемлекеттік органдардың қызметі азаматтарға көрсетілетін қызметтің тиімділігі мен сапасы, мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижесі ескеріліп, екшелуге тиіс. 

Оныншыдан, “электрондық үкімет” жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізу керек. Осыны ескере отырып, әрі әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра беру қажет болады. 

Үкіметке әкімшілік реформа жүргізуге қажетті нормативтік құқықтық негіз әзірлеуді тапсырамын. 

Жиырма бесінші  бағыт – Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін көтеру 

Қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, сайып келгенде, еліміздің серпінді дамуын қамтамасыз ету мен өзіміз алдымызға қойған асқақ міндетті ойдағыдай орындаудың негізі болып табылады. 

Сондықтан да Қазақстан халықтары Ассамблеясының практикалық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет. 

Ассамблея еліміз дамуының жаңа кезеңінде мынадай міндеттерді дәйекті түрде шешуге тиіс: 

Біріншіден. Халықтардың бірлігін нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы “сұраныстан” биік тұратын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арналы қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру. 

Екіншіден. Қазақстанның барлық азаматтары үшін олардың ұлттық, әлеуметтік, былайша айтқанда, “зәузаттық” шығу тегіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге негізделген біртұтас азаматтығын нығайту. 

Үшіншіден. Қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. 

Төртіншіден. Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру. 

Жиырма алтыншы  бағыт – Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты 

Біріншіден, “Мәдени мұра” бағдарламасының шеңберінде жүргізілген жұмысты жалғастыра отырып, “Қазақстан Халықтарының Рухани Даму Қорын” құру туралы мәселені жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің көмегімен және тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы біздің халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуды қолдап отыруға тиіс. Қорды басқару корпоративтік басқару қағидаттарының негізінде жүргізілуге тиіс. 

Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы