Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:25, курсовая работа
1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнеркәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкон. тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.
Кіріспе
--------------------------------------------------------------------------------------------- 4-5 бет
I. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 6-9 бет
II. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 9-14 бет
III. Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 14- 28 бет
IV. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ: БАСТЫ НАЗАРДА – АДАМДАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ МЕН ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЖАСАҚТАУ
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28-34бет
Қорытынды :
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 34 бет
Қолданылған әдебиеттер
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 35бет
Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру үдерісін
жетілдіру қажет. Мәселен, “жалғыз терезе” жүйесі шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде
тіркете алатындай жағдай туғызу керек.
Бесіншіден, тұрлаулы
және
серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары
сапалы өнімдері
мен қызметіне
сұраныс
туғызушы
катализатор ретінде мемлекет пен мемкомпаниялардың ресурстарын
жариялы әрі
конкурстық
негізде белсендірек пайдалануымыз қажет.
Алтыншыдан, жаңа өндірістерді
ашық
және
жариялы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік
бизнес-идеялар жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік
және
консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет “Қазына” қорына қатысты деп ойлаймын.
Он төртінші бағыт – Халықаралық талаптарға сай келетін техникалық стандарттарды
жедел әрі
барлық
жерлерде енгізу
Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі
бәсекеге
толыққанды қатысуы
халықаралық техникалық стандарттар
талаптарын орындауды талап етеді.
Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ретінде ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін
жүзеге
асырудың
міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек.
Қазақстан
экономикасын стандарттау ғылым мен техниканың және практикалық тәжірибенің соңғы жетістіктері
негізінде жүргізіліп, көптеген жалпыэкономикалық салалық және ішкі өндірістік
міндеттердің оңтайлы шешілуін айқындауға тиіс.
Индустрия және сауда министрлігіне:
біріншіден, техникалық реттеу
туралы заңды
атқару
турасында жинақталған іс-тәжірибенің нәтижелерін талдауды;
екіншіден, алты айдың ішінде
халықаралық стандарттау
тәртібі
мен ережелерін практикалық қолданысқа енгізу жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырамын.
Он бесінші бағыт –
Жеке меншік институтын және контрактілік қатынастарды дамыту
Жеке меншік институты
мен контрактілік қатынастарды жан-жақты нығайту
тұрғысындағы біртұтас
бағдарламаны
іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыра беру қажеттігін тағы да атап көрсеткім келер еді.
Біріншіден, бұл салада құқықтық база
мен құқық қолданудың іс-тәжірибесін
дамыту, сөз
жоқ,
бірінші кезектегі міндеттердің қатарына
жатады. Заңнамалық актілердің тиісті
дестесін әзірлеуді
тапсырамын. Таяуда “Жылжымайтын мүлікке құқықтарды
және
онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу
туралы” (жаңа редакциясы), “Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды
және
онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу
мәселелері
бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы” заң жобалары қабылданады деген ойдамын.
Екіншіден, барлық деңгейлерде
жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет
сезімін тәрбиелеу
керек, ол үшін
білім беру мен сот жүйесіндегі мемлекеттің мүмкін
деген барлық тұтқаларын және тағы басқаларды пайдалану қажет.
Мен сондай-ақ өзіміздің азаматтық қоғам институттарының сындарлы
рөліне үлкен үміт
артамын, өйткені
жеке меншік институтын нығайту дегеніміз – бір мезгілде
адамның құқықтары
мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау деген сөз.
Үшіншіден, Үкімет
мемлекет пен жеке меншік әріптестіктің ережелерін нақты анықтайтын контрактілік қатынастарды
жетілдіру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс.
Он алтыншы бағыт – Қазақстанды
одан әрі
индустрияландыру негіздерін қалыптастыру
Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық рыноктың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды
одан әрі
индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз.
Біріншіден, экономиканың өндірістік қуаттармен
жарақталуы
және
еліміздегі негізгі қордың ескіруі проблемасының ауқымын
толық
көлемінде
бағалайтын
талдау жүргізу
және
негізгі құрал-жабдықтарды, өндірістік
инфрақұрылым
мен технологиялық үдерістерді түбегейлі жаңартуға бағытталған нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу керек.
Екіншіден, неғұрлым
басымдықты
салалар мен кәсіпорындарды және оларды осы заманғы негізде
индустрияландыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар жүйесін
анықтап
алу керек.
Информация о работе Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы