Қазақстандағы орта және шағын бизнестері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 03:11, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады.

Содержание

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3-4
І Бөлім Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.................5-19
1.1 Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы алатын рөлі............5-13
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны..................................................................14-19
ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық – несиелік қолдау механизмін талдау..................................................................................................................20-23
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау...............................................................................20-23
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау........................................................................................................................24
ІІІ Бөлім Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
3.1 Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
Қорытынды........................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................34

Работа содержит 1 файл

kursovoi(ET)Қазақстандағы орта және шағын бизнестің дамуы.doc

— 204.50 Кб (Скачать)

Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде  шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді , терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

     

Қорытынды.

Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды  рөл атқарады. Рыноктық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда.

 Қазақстанда  2011 жылдың 1 қыркүйек айының көрсеткіштері бойынша, рынокта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта бизнес субьектілерінің саны - 2 487 474. Оның – 1 360 937 заңды тұлғалар, 697 062 – жеке кәсіпкерлер (ЖК) және 429 475 - шаруалар шаруашылығы

     Жалпы Қазақстан  Республикасының жаңа экономикалық саясатқа бағдар алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде орын алған шағын және орта бизнес секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өттiм. Шағын бизнес экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса  оны неге әлемдiк  деңгейге көтермеске. Сондай ақ шағын және орта бизнес өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр индивид жағдай жасуға талпынулары қажет екендiгi айтылып өткен.

      Кәсіпкерлік қызметі белгілі бір сала ретінде  қарастыруға болады. Мәселен, егер кәсіпкер болуға бел бусақ:

      Біріншіден  – кәсіпкер болу үшін әрине, ең алдымен  табыс табу керек, пайда түсіру керек  деген стратегия міндетті түрде  болуы керек.

      Екіншіден –айқындалған стратегияны орындау  үшін және белгіленген мақсатқа жету жолында табыс табу амалдарын іздеуге ниет қою керек, яғни арнайы ықылас бөлу.

      Үшіншіден – алынған ақшаны я болмаса  шағын несиені қолдана отырып табыс көлемін ұлғайту үшін бизнестің  бастамасы ретінде айқын бағыт-бағдар таңдау жөн. Яғни қаражатты қалайц және қайда жұмсайтыныңызды ескеру абзал. Сондай-ақ, бастағалы отырған істі экономикалық тұрғыдан жан-жақты сраптап, атқарылатын жұмыс көлемінің шығындары мен табысын есептеп қарастыру қажет. Мұның үстіне несие беруші ұйым бизнесті бағалау үшін сарапталған, есеп-қисабы келтірілген және құжат ретінде дайындалған жоспар талап етеді.

      Төртіншіден – кәсіпкерліктің негізгі ерекшелігі - әр кәсіпкердің өз жеке ісінің болуы. Тауар өндіру немесе қызмет көрсету.

      Бесіншіден - әр кәсіпкер өзінің атқарып жатқан істеріне өз мүлкімен жауапкер болатындығын ұмытпауы керек. Ойламаған жағдайлар мен күтпеген өзгерістер үлкен шығындар мен қатерлерге  әкеліп соқтыруы мүмкін. Алынған несие мен басқа да қарыздар үшін кепілдікке берілген мүлік осы шығындардың өтелуіне жұмсалады. Сондықтан да кәсіпкер боламын деген тұлғаның жауапкершіліктің әлбетте барекендігін және келеңсіз жағдайлар туындаған кезде мүліктік жауапкершіліктің пайда болатындығын ұғынып, сезінуі шарт.

     Қорыта  келгенде, банктердiң шағын бизнеске несие ұсынуының тиiмдiлiгiн арттыру негiзiнде ынталылығын көтермелеу үшiн,  несиелердiң қайтарылмау  ықтималдығын, олардың жоғары тәуекелге баруын төмендету шараларын жасаған жөн. Оның астарында қарыз алушы - шағын бизнестiң тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесiн жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестерi ғылыми дәрежеде зерттелiнген. Осы секторды көтермелеу арқылы өндiрiстi жандандыру, оның iшiнде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелдiлiгiн қысқарту мен отандық тауар өндiрушiлердi қолдау экономика саясатының басымды бағыты болып табылады. 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Мейірбеков Б.К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі// Сб. науч. тр. -Алматы: Экономика, 2000. -142-156 бет.
  2. Мейірбеков Б.К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі// Сб. науч. тр. -Алматы: Экономика, 2000. -142-156 бет.
  3. Назарбаев Н.Ә. Шағын бизнеске үлкен жауапкершілік жүктеледі: 18 қыркүйекте Кәсіпкерлер форумында сөйлеген сөзі//Егемен Қазақстан.- 2002. - 20 қыркүйек
  4. Сәрсенұлы Е. Республикадағы шағын және орта бизнестің хал-ахуалы// ҚазЭУ хабаршысы. - 2002. №3. 52-57 бет.
  5. Сәрсенұлы Е. Республикадағы шағын және орта бизнестің хал-ахуалы// ҚазЭУ хабаршысы. - 2002. №3. 52-57 бет.
  6. Жаралханов О.: Акционерлiк қоғамдардың шығу тарихы”. “Заң” журналы 1999 ж.
  7. Қазақстан Республикасының “Акционерлiк қоғамдар туралы”
  8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз, 1995 жылы қабылданған және 7.10.1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы заңымен өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлген нұсқасы
  9. Қойшыбеков О.С.: ”Акционерлiк құқық”. “Заң” журналы  2003 ж.
  10. Н. Дулатбеков, С. Амандықова, А. Турлаев “Мемлекет және құқық негiздерi”. Алматы, 2000 жыл
  11. “Мемлекет және құқық негiздерi” Құрастырған: Е. Баяков Алматы, 2001
  12. Омаров К.А.: “Акционерлiк қоғамды құру”. “Заң” газетi. 2003 ж
  13. Төлеуғалиев: “Қазақстан Республикасының құқығы”.  Алматы,  2001 ж.
  14. Шаикова С.С. «Акционерлік қоғамның бағалы қағаздары.» М. 1996 ж
  15. http://www.kazakh.ru/
  16. http://www.damu.kz/1842
  17. http://www.aef.kz/virtualforum/forum/forum14/topic619/

Информация о работе Қазақстандағы орта және шағын бизнестері