Қазақстандағы орта және шағын бизнестері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 03:11, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниелік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады.

Содержание

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3-4
І Бөлім Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы.................5-19
1.1 Шағын және орта бизнестің экономика дамуындағы алатын рөлі............5-13
1.2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны..................................................................14-19
ІІ Бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық – несиелік қолдау механизмін талдау..................................................................................................................20-23
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау...............................................................................20-23
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау........................................................................................................................24
ІІІ Бөлім Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
3.1 Экономикалық зерттеулердің объектісі ретінде шағын және орта бизнес...................................................................................................................25-31
Қорытынды........................................................................................................32-33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................34

Работа содержит 1 файл

kursovoi(ET)Қазақстандағы орта және шағын бизнестің дамуы.doc

— 204.50 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерлік қызмет – жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі.Ол сондай- ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой - пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн  көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк - экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс әрекетi өзiнiң еңбек  шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта  бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн   толық   бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың  кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.

     Кәсiпкерлiктiң  объектiсi - адамның белгiлi қызметi. кәсiпкерлiктiң  соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн,  пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату  немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.

     Елімізде  отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Содан  бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да 20 жылдан астам уақыт өтті.Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.

     Елдiң  кәсiпкерлiкті дамытуда ынтасын арттыру  үшiн  экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық  базасын құрып, оларды одан әрі жетiлдiру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсiпкерлiк кызметтi төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Олар:

    • Өндiрiстiк - оның iшiнде инновациялық, ғылыми-техникалық жаңалықтарға сай тауар өндiру, қызмет көрсету және басқалар.
    • Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары және т.б.
    • Қаржылық - банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары және т.б.
    • Кеңес берушiлiк - басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар дайындау және т.б.
    • Бiздiң республикамызда қаржылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен тек қана банктер ғана айналыса алады.

       Қазақстан Республикасында нарықтық  экономикаға белсендi қатысушылары - шағын және орта  бизнес субъектiлерi - кәсiпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екенi белгiлi. Республикамызда шағын және орта  бизнестiң дамуына жан-жақты жағдайлар интенсивтi түрде жасалынылуда. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншiктi жекешелендiру  бағдарламасының жүруi, ол өз кезегiнде шағын бизнестiң дамуының нағыз экономикалық негiзi екенiн есiмiзге алайық.  кәсiпкер шағын және орта  бизнес субъектiсi ретiнде оның iс-әрекетi әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады  және оның нақты нысандары бар. кәсiпкерлiктiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Олардың дербестiгi нарық механизмi әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiптi қалыптастырады. кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсiпкердiң ойлағанындай өткiзе алу құқын бередi. Материалдық ресурстар мен ақша капиталының иелерi бұларды өз қалауынша пайдалана алады. Әрбiр қызметшi өзi iстей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Кәсiпкерлiкке тән тағы да бiр сипат - шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы, iске кiрiсер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап бiлу және оны шеше алуы. Шаруашылықтың қауiп - қатерi, тәуекелдiң негiзiнде мүмкiн болатын және шын мәнiдегi шығындар мен нәтижелердiң ара қатынасы жатады.

     шағын және орта  бизнестiң Қазақстан Республикасында қалыптаса басталуы  мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетiмiздiң тәуелсiздiкке қол жеткiзуi, нарық экономикасына бет бұруының өзi елде кәсiпкерлiк пен шағын және орта  бизнеспен айналысуға мiндет едi. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта  бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезiнде, ел экономикасы макроэкономикалық дағдарысқа  ұшыраған кезiнде де өмiршең күй танытты. Елдегi объективтi және субъективтi қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергi етуде.        объективтi қиындықтары:

     Экономиканың  жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетiспеушiлiгi, мiне осы мәселелер шағын және орта  бизнестiң кең көлемде қарқын алуына кедергi етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттiң инвестор ретiндегi ролi төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнестi дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтiк актiлердi жолға қоюы, шетелдiк және отандық инвесторларды шағын және орта  бизнестi дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта  бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.

     Субъективтi негiздегi қиындықтарға,  негiзiнен  былайша түсiндіруге болады. Қоғамның сана-сезiмiнде қалыптасып қалған пайда  табу, табыс алу, бай болу әрекеттерiн  әлi де болса, психологиялық жағынан  дайындық жоқ. кәсiпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрi   тиiмдi реакциясы толық әдетке енбеген. кәсiпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыр мен сырын әлi де түсiнбеген. шағын кәсiпорындардың жұмысының тиiмдiлiгi - өнiм өндiрудегi тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндiрiстер шектеулi тауар ассортиментiн шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкiн. шағын бизнестiң дамуы транспорттық шығындар мен өнiмдердiң құрып қалуы қаупiн төмендетедi. Сонымен, шағын кәсiпорындар - негiзiнде алып инфрақұрылымдық бөлiмдердiң (қоймалық, арнаулы коммуника-циялар, көлiктiк шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндiрiстiң аздаған көлемi бойынша тауарларды сату, айналымға жiберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнiм дайын болған кезiнде реализациялау тез жүредi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2  Қазақстан Республикасындағы  шағын және орта  бизнестің дамуындағы  банктік несиелеудің  алатын орны.

     Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру-құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие-есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің  тармақталған желісі қалыптасуда.

     Қазақстан Республикасында ендi ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретiн бiрден-бiр ұйым ол - екiншi деңгейдегi коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны – тарихи қалыптасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінің екiншi деңгейдегi банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды молықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. Бірақ кішігірім компаниялар банкпен мәміле жасаған кезде қолайсыз жағдайға келеді. Мұндай жағдайға келудің бірден-бір себептері – ол компанияның несие қабілеттілігінің төмендігі, өндіріс пен мүлкінің өтімсіздігі, маркетингтік және технологиялық потенциал дамуының артта қалуы.

     Республикадағы  шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі  болатын факторларға мыналарды  жатқызуға болады:

    • несиеге қол жеткізудегі шектеулер;
    • екiнші деңгейдегi банктердің жоғары кепілдікпен қамтамасыз етудегі қоятын талаптары;
    • несиенің қысқа мерзімділігі (6 айдан 18 айға дейін) және жоғары проценттік ставкалар (берілетін несиелердің 30%);
    • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сақтандыру қажеттігі;
    • жергілікті нарыққа бағдарлануы;
    • қоғамдық, жетілмегендігі;коммерциялық емес отандық және шетелдік қорлардың кіші фирмаларды микронесиелеудегі заңдық ақпараттық базаның жетілмегендігі;
    • шағын бизнес сферасындағы капитал нарығының тым тарлығы. Яғни  айналымның шектеулілігі.

       Осы ретте Қазақстан Республикасының  банктiк сферасының макроэкономикалық өзгерiстерге ұшырауы, соның iшiнде импорттық либерилизациялау, бағалар реформасы, фискалдық тәртiптi үдете түсу, жекешелендiру және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерiстер орын алды. Осылайша банктiк сектордың несиелеу iсiнде де ғаламдық өзгерiстер процесi жүрiп отыр.

     Мемлекеттiк  экономикалық даму жолында оған ұшырасатын өзгерiстерге байланысты несиенiң айналыс  аясы мен оның орны да бiраз өзгерiстерге ұшырады. Әсiресе Қазақстан Республикасының  бұрыңғы орталықтандырылған мемлекеттiк  жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға өту кезінде осы несиелiк қатынастар аясында несиелiк салымдар көлемi ұлғайды. Осылайша нарықты экономика жағдайына көшуде, көшiп бiткен кезде де несиенiң алатын орны ерекше. Тiптi, ол несие қандай мақсатқа, оған яғни несиеге кәсiпорын мұктаж ба, жоқ па оған көңiл бөлiнбедi. Ал, шаруашылықтар осы несиелiк жоспар бекiтiлгеннен кейiн ағымдағы тоқсанда несиеге қажеттiлiк бiлдiрiлсе, жергiлiктi банктер мұндай мәселелермен айналысуға құқығы жоқ және ресурстары да жоқ болатын. Бұл өз кезегiнде несиенiң аясының тарылуына және де шаруашылықтың мәселелерiн жедел де тез шешу сипатын жоғалттырды. Ал, нарықты экономика кезiнде несиенiң берiлу мәселелерi әр банктiң өз несиелiк саясатына сай әр банк өзi жекеше шешедi. Несие берудiң барлық жағдайлары банкпен клиенттiң арасында жасалатын несиелiк келiсiм шартта қарастырылады. Нарықтық жағдайда несиелiк қатынастарды кеңейтуге бiраз мүмкiншiлiктер ашылды. Олардың iшiнде атап айтқанда коммерциялық және ипотекалық - несие, вексель, акциялар мен бағалы қағаздарды несие алу үшiн кепiл етiп шығару. Несиелiк қатынастардың кең ауқымға жайылуы арқылы несие ролiнiң оң бағытқа  бұрылуында несиелеудiң жаңа тиiмдi әдiсi - белгiлi бiр нақты жобаны несиелеу / жобалық қаржыландыру/ бұл ретте банктер ұзақ мерзiмге несие қаражатын берiп қана қоймай жобаның басынан бастап, аяқталғанына дейiн бақылау жасап, несиенiң тиiмдi пайдалануын қадағалайды.

     Банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін  көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфлияция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның нығаюына ықпал етуге міндетті.Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әртүрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.

     шағын және орта бизнестi несиелеу тек қана қаржылық құралдардың шектеулiлiгiнен ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейдегi коммерциялық банктердiң бұл секторды толығымен несиелеу өкiлеттiлiгiмен және оның тәуекелдiлiгi де әсер ететiндiгiн атап өту керек.

     Бiрiншiден  ол құрамы бойынша бiрыңғай емес. Өйткенi Қазақстанда коммерциялық банктер саны 39 болса, соның iшiнде олардың жарғы капиталы кем дегенде 2 млд. тенге болуы керек. Салыстырмалы Республиканың қаржылық орталығы Алматы қаласында iрi банктердiң 70% орналасқан, ал кiшiгiрiм банктер әртүрлi облыс орталықтарында шоғырланған.

     Екiншiден, iрi банктер мен кiшiгiрiм банктердiң  мүмкiндiктерi мен ұсынатын қызмет түрлерi адекватты емес. Қысқа мерзiмдi несиелеу түрiмен негiзiнде iрi банктердiң айналысуы  шамалы, ал орта және кiшiгiрiм банктер үлесi де аз болып отыр.

     Үшiншiден, орташа банктер шағын бизнеске несие  ұсынудың   орнына, iс жүзiнде  олардың қаржыларға қол жеткiзуге мүмкiндiктерi тiптен жоқ. Ол қаржылар түрiнде  банкаралық несиелер, қарыздар, банкаралық қаржы нарығында орналасқан қаражаттарды айтуға болады. Осы ретте кiшiгiрiм банктердiң шектеулi меншiктi капиталы табысты клиенттер тартуға, депозиттiк базасын кеңейтуге, активтiк операцияларды толығымен жүргiзiп, осыдан түскен пайда арқылы капитализациялануға кедергi етуде. Банктердiң шағын және орта бизнеске берiлген қысқа мерзiмдi несиелерiнiң көлемi бұл бизнестi делдалдық және сауда-саттық қызметтерiмен айналысуына әкелiп соқтырды. Ал елдегi iрi банктердің көпшiлiгi iрi қалаларда орналасқандығынан және несиелiк ресурстар жолының бiрдей емес мөлшерде бөлiнуi ауыл шаруашылығы секторын айналып өтуге мұқтаж етедi. Мемлекетiмiз бен II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң  шағын және орта  бизнестi несиелеу-қаржыландыру схемасын, субнесиелеу ретiнде Еуропалық Даму және қайта құру Банкi /ЕДҚБ-ЕБРР/ мен Азиялық Даму банкiнiң /АДБ/ ресурстарымен несие беру коммерциялық банктерге жүктелген.

Информация о работе Қазақстандағы орта және шағын бизнестері