Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы

Автор: a*****************@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның пайда болуын,құрылуын, құрылымын,түрлерін,жалпы айтқанда Қазақстандағы инвестициялық жағдайды талдау.
Инвестицияның экономиканы тұрақтандырудағы орны,қызметі,шетел инвестицияларын тартудағы перспективалары қарастырылған.

Содержание

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

  Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.

   Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету.

  Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.

  Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру.

  Шетел инвесторларының маңызды құқықтық кепілдемесі - республика заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер баршылық.

   Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен сақтандыру компанияларын құруға жол ашатын және “Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания “Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.

  Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе “ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша “American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.

   Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден, ұлттандырудан сақтандыратын компания және ол үшін қажетті сақтандыру қорына ие. Мысалы, Өзбекстанда осындай әлемдік компания құрылған. Оның сақтандыру қоры 100 милиолн АҚШ долл., ал “Казахинстрах” мемлекеттік компаниясының жарғылық қоры 1 миллион АҚШ долл. құрайды. Бұл жағдай тәуекелдерді шетелде қайта сақтандыру қажеттілігін көрсете отырып, Қазақстаннан сақтандыру алымдарының сыртқа кету мүмкіншілігінің айқын көрінісі болуда.

  Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін құру қажет.

  Салықтық жеңілдіктер мен ұмтылыстар кең ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды беру бойынша операцияларды қосымша құн салығынан босату ынталандырушы рөлге ие. Инвестициялық банктер мен несиелік мекемелерден түскен шетел валютасындағы несиелер сомасы бұл жағдайда қосымша құн салығынан босатылуы тиіс.

  Табыс салығынан бас тарту мақсатында, “салықтық демалыстар” кезеңінде құрылатын заңсыз бірлескен кәсіпорындардың құрылуына жол бермеу үшін, салық Кодексіне арнайы толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның салықты төлеуден босатылу кезеңінде, жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің барлық кезеңінде алынған пайдасына салық төлеуге міндетті.

  Салықтық және қаржылық - несиелік жеңілдіктерді беру, автоматты түрде емес, дифференциалды түрде, яғни жүзеге асырылатын жобаның мемлекеттік маңыздылығына, кәсіпорынның жарғылық қорындағы қатысу үлесіне, капитал салымы саласына, оның айналымы жылдамдығына байланысты жүзеге асырылуы тиіс.

   Шетел компанияларында өндірістік қызметпен айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға рұқсат беретін ережелерді жеңілдету керек. Бұл саладағы маңызды шара инвестор мен инвестициялар жөніндегі Комитет арасында жасалатын келісім шарт болып табылады. Барлық жеңілдіктер мен преференциялар осы келісімде толық және нақты көрсетілген. Келісім жасаудың бекітілген ережесі инвесторларды көптеген бюрократиялық процедуралардан босатады. Сонымен қатар, шетел компанияларының табыстарын қайта инвестициялау бойынша ұмтылысты күшейту керек.

   Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын механизмді құру үшін шетелдік портфельдік инвестициялардың валюталық айырбас принципін қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін анықтау және шетел инветорларымен мүліктік құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту керек.

    Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық шаралар қатарына келесілер қажет:

1) инвестицияларды  өзара қорғау мен қолдау туралы  келісім шарттар жасауға қызығушылық  танытқан мемлекеттермен байланысты  жалғастыру;

2) “Кепілдік  туралы”, “Қозғалмайтын мүлік  ипотекасы туралы” заң жобаларын,  шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік нысандарды қолдану  механизмі бойынша ұсыныстарды  қарастырып құру;

3) Қазақстан  Республикасы мен оның аймақтарында  инвестициялық ахуал мониторингі  жүйесін қалыптастыру.

Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік  саясатты жүзеге асырумен байланысты қызметтерді орындау үшін инвестициялар  жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді  құру қажет:

1) жобалық  қаржыландыру және кеңес берушілік  көмек көрсету орталығы. Оның  мақсаты алдын - ала инвестициялық  зерттеулер, жобаларға сараптама  жасау, кеңес берушілік - техникалық  көмек көрсетуді жүзеге асыруда  қызметтің бағытын анықтау;

2) шетел  капиталы бар кәсіпорындарды  тіркеу және шетел фирмалары  мен компанияларын аккредитациялау  үшін тіркеу палатасын құру;

3) нақты  инвестициялық бағдарламалар мен  жобалар, заңнамалық база, салықтық  жүйе, инвестициялық саясат бойынша  мәліметтер банкін құру және  бұл мәліметтермен потенциалды  шетел инвесторларын қамтамасыз  ету мақсатында, шетел капиталы  бойынша ақпараттық орталық құру.

    Инвестиция   тартуға байланысты  атқарылып жатқан  жұмыстар  да жеміссіз емес. Мемлекет  бойынша  бүгінде  әлемнің  52 елінің  серіктестерінің  қатысуымен құрылған 22986 біріккен және 8579 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың  нақты  көрсеткіші ретінде  - мемлекет  экономикасындаға  инвестициялардың көлемі 108 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.

    Статистикалық  деректерге  сүйенсек, Астана  инвестиция  тарту көрсеткіштерінде  республика  бойынша алғашқы   бестікте  келеді. Жаңа ғасырға қарыштаған  елордамызға келіп құйылар қаржы көзінің басым бөлігі  инвестицияның үлесінде. Сондықтан да  Астана қаласы бойынша инвестициялық жобалардың мәліметтер қорын құру  жөніндегі жұмыстар  сыртқы экономикалық  байланыстар желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш қорға инвестициялық жобаларды және  сенімді шетелдік  серіктестер іздеудегі бизнес – жоспарлар мен жобалардың  инвестициялық сауалдамалары дайындалып, ол таяу және  алыс  шет мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия және сауда министрлігінің  жанындағы «Қазинвест» ҰҚ – ға  жіберілуде.

        Астана қаласында  шетелдік  компаниялар  ұсынықты жұмыс  істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының   өз қаражаты есебінен «Ахсель»  бизнес орталығы мен «Рамстор»  сауда үйі салынды. «Окан Холдинг»  компаниясымен салынған «Окан  – Интерконтиненталь - Астана»  бесжұлдызды  қонақүйі келушілерге   қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет»  ашық акционерлік  қоғамы жалпы құны 2 миллион АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның  «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға  арналған қазіргі заманғы   аурухана салынды.

        Жапон халықаралық  ынтымақтастық  банкісі заемының қаражаттарынан  «Астананың  халықаралық  әуежайын  қайта  жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық  қалдықтарды жою  жүйесін жаңғырту  жобасы  Испан  үкіметінің заемы қаражаттарының  есебінен жүзеге асырылады.

      Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

     Әлемдік банктің Қазақстанды салым үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ-тың 21 миллиард долларынан астам қаржы тартылды.

      Қазақстанның бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестицияның рейтингке ие болды.

       Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .

      Зейнет ақы жүйесін реформалау негізінде зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда болды. Қазіргі кезде олардың активтері 530 миллион АҚШ долларына тең көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының орналастырған еуро  облигацияларының 45% дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

    Жапон Банкісінің  елордалық  инвестицияға  салған  қаржы көлемі 185 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде  «Астана қаласын сумен жабдықтау және су  шығару» жобасын жүзеге  асыруға бағытталған қаржы – 165 мың. долларға  жеткен.    

    Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.

    Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азия жолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты.  Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады.     Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллиард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық  қарсылық көрсетіп бақты. «Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы   аты   « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы    атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады.  Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша,  Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны.«Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 миллиард доллар құраса, демек оның 10%  3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы