Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы

Автор: a*****************@yandex.ru, 25 Ноября 2011 в 09:33, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның пайда болуын,құрылуын, құрылымын,түрлерін,жалпы айтқанда Қазақстандағы инвестициялық жағдайды талдау.
Инвестицияның экономиканы тұрақтандырудағы орны,қызметі,шетел инвестицияларын тартудағы перспективалары қарастырылған.

Содержание

Кіріспе
1 Инвестицияның мәні және қызметі
2 Экономиканы тұрақтандырудағы инвестициялық қызмет және орны
3 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың
жолдары мен және перспективасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдай.docx

— 97.20 Кб (Скачать)

      Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.

       Тәртіпке  сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

       1) инвестициялық   жобаның    экономиканың басты секторларына қатысты болуы;

       2) инвестициялық жобаны жүзеге  асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына  тікелей инвестицияларды жүзеге  асыру.

       Инвестииялық жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

       - натуралды мемлекеттік гранттар;

       - келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге  жер мен мүлік салығынан босату;

       - салық алына бастайтын табыс  алу кезінен 5 жылға табыс салығынан  босату;

       - инвестициялық жобаны жүзеге  асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,  материалдар импортты кезііще  кедендік баға салықтарынан толықтай  немесе бір бөлігінен босату.

       Мемлекеттік натуралды гранттарға:

       1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс  құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника  және басқалары.

       2) бейматериалды активтер-ғимаратты,  жермен пайдалану құқығы мен  басқадай құқықтар.

       3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

       Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

       Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында  интеграция процестері мен әлемдік  нарыққа шығумен байланысты шараларды  жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды  толықтай қамтылмағандығымен сипатталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3  Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларын тартудың жолдары мен және перспективасы

      Шетелдік инвестиция дегеніміз - қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі казіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

     Шетел инвестициялары- Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар

     Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы.

     Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

 Еліміздегі  шетел инвесторларының рөлі және  оның қызметтері.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

          Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

    Кредитор  (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

    Дамытуға  ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда  қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты  ұйымдастыру мен оқыту барысында  қолданатын жабдық кіреді.

    Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

    Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел  ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен  басқа да құнды қағаздарға қаржы  қаражат салу.

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

       Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына  жолдауында шетелдерден капитал  тартудың маңызына көңіл бөлді.  Мысалы ол:”Біздің басты көңіл  бөлуіміз шетел инвестициясын  қорғау мәселесі. Сондықтан да  мен өз Қаулыммен Мемлекеттік  инвестициялық комитет құрдым  және оған тікелей инвестицияны  Қазақстанда пайдалану құқы туралы  саясатты жүргізетін бірден бір  мемлекеттік ұйым мәртебесін  бердім”,-деді.

       Тікелей инвестиция алушы елдерге  қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару  және техникалық тәжірибелер  алуға мүмкіндік береді. Бұндай  технология беру артықшылығы  капитал ағынының келуінен де  басым түседі.

    Инвестициялардың  негізгі бөлігі және оны іске асырушы  Трансұлттық корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған .

Шетел инвестициялары кез келген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының "Шетел инвестициялары туралы" Заңымен және басқа да оған қатысты заңдармен реттеледі.

     Қазақстан Республикасының заңнамасымен экономика мен әлеуметтік сфераларының маңызды салаларындағы шетел инвестициялары үшін арнайы қосымша жеңілдіктер бекітілген. Экономика мен әлеуметтік сфералардың маңызды салалары:

  • өндірістік инфрақұрылым;
  • өңдеуші өнеркәсіп;
  • Астана қаласының объектілері;
  • тұрғын-үй, туризм мен әлеуметтік сфера объектілері;
  • ауыл шаруашылығы.

     Жеңілдіктер мен преференцияларға ие болу үшін инвесторға Сыртқы Істер Министрлігінің инвестициялар жөніндегі Комитетіне өтінішін ұсынуы тиіс. Өкілетті орган  өтінішті қарау барысында инвестициялық  жобаны жүзеге асыру үшін қажетті  басқа да қосымша ақпараттарды талап  етуіне құқылы болып келеді.

 Шетел инвесторларының Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар қызметіне қатысуы шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар нысанында жүргізіледі.

     Шетелдің  қатысуымен құрылған кәсіпорындар  Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін заңды тұлғаның шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам және тағы басқа да нысанында құрыла алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды құру тәртібімен құрылады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүргізіледі. Аталған кәсіпорынның жарғылық капитал қаражаттары Қазақстан Республикасында тіркелген өкілетті банкте сақталуы тиіс.

   Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары:

    Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

  Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының

 бірі – сыртқы несиелер.

Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

  Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

  Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

  Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

  Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

  Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды , білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.

  Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.

  Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.

  Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.

  Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайы