Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа
Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi негiзгi мiндет бұрын елден кетiп қалған ғалымдар мен әзiрлеушiлердi, сондай-ақ көршiлес елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйелердi (ӨИЖ) құру болады.
Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi кеңiстiктiк ұйымдастыра отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел ұстанымдануының жаңа қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету;
Ел мен өңiрлердiң
бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануының
қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға
ықпал ететiн факторларды
Дамыған елдердiң тәжiрибесi бәсекелiк артықшылықтар арзан жұмыс күшiнiң және табиғи ресурстардың болуы есебiнен ғана емес, сондай-ақ ұлттық деңгейде өнiмдiлiктi арттыру есебiнен де болатынын көрсетiп отыр. Сондықтан, осы Стратегияда, орта мерзiмдi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделетiн шаралардан басқа, жоғары бiлiктi жұмыс күшi, алдыңғы қатарлы технологиялар, инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебiнен, сондай-ақ қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру үшiн жағдайлар жасау, өндiрiс технологияларын жетiлдiру және өнiм сапасын арттыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар iске асырылған.
Қорытынды
Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйiнiң индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып, Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиiс.
Қазақстан Республикасының қазіргі сервис орталығы ретiндегі жетістіктері:
Қазақстан - өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде:
Инновациялар және бiлiмдер
экономикасы осы заманғы
Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi бар:
Сонымен қорыта айтқанда, мемлекеттің экономикасының негізі саналатын проблемалардың бірі алдағы стратегиялық болжауды дұрыс жолға қою. Сондай стратегияның бірі Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы болып саналады.
Елдiң тұтастай ұстанымдануының
перспективалы мiндеттерi тұтастай
алғанда елдiң бәсекелiк
Жалпы бұл стартегия Қазақстанның жан-жақты дамыту үшін және әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің арасынан орын алуына зор ықпалын тигізді. Бұл стратегияда Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына, экономикасының қарқынды өсуіне, ұлттық қауіпсіздік пен ұлтаралық татулықты арттыруға т.б. Қазақстан үшін маңызды саналатын осындай факторларды ескере отырып құрылған.
Қазақстан дамыған елдердегідей жоғары технология мен инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ететін осы стратегиясының орны ерекше. Ұзақ мерзімді басымдықтарды таңдап алу, негізгі басты міндеттерді белгілеу және әр жылдың іс-қимыл жоспарын — әзірлеу аса күрделі міндет болып табылады. Алдын-ала бәрін болжау мүмкін емес, бұл жолда қандай қиындықтардың тосып тұрғаны да белгісіз. Алайда осынау ұзақ мерзімді басымдықтарды әзірлеу, бірден қажырландырып және жұмылдырарына анық. Жыл соңына дейін барлық жеті басымдықтың әрқайсысы бойынша оларды іске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзірленіп, олар кейіннен даму жоспарлары мен бюджеттердің негізіне алынады.
Жалпы бұл стартегияны жүргізу, мемлекет үшін, оның атқарушы органдары үшін маңызды сипатқа ие. Даму стратегиясы тек басшылықта отырған қызметшілердің ғана емес, бүкіл халықтың дамуына ықтпал ететін стратегия болып табылады. Қазақстанды 2030 жылғы экономикасы дамыған, өркениеттің ең биік сатысындағы ел ретінде, халықтын жағдайы мен әл-ауқаты жақсы, экологиялық проблемалары шешілген, инфрақұрылымы дамыған және дүниежүзіндегі ең әйгілі ел ретінде көргіміз келеді.
Бұл менің және мен сияқты әрбір қазақстандықтың осы даму стратегиясын жүзеге асырылуына және дамытуға өз үлестерін аянбай қосады деп сенемін.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы