Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа
Әрбір мемлекеттің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы, алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің бірі ретінде көргісі келетінің атап көрсетті.
Екіншісі. Мемлекет қүрылысы мен реформаларды жүргізудің ауыр процестерін шетелдік мемлекетгер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Бүл тұрғыда көптеген елдердіқ бізге қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсіресе өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңдерінде өте маңызды, өйткені бізге сырттың қаржы ресурстары мен білім-білігі қажет.
Үшіншісі. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы біздің аумақты, әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Алайда біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «2030» ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
2.1 Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады. Экономиканың өсуі шетел инвестицияларының деңгейінің жоғары немесе төмен болуынан, шағын-орта бизнестің барлық жерде қолдау табуынан негізделіп, отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негіздеу.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей он негізгі қағидаларын сақтау керек:
1) Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып,нарықтық ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақ та, өтпелі кезеңде, нарық әлі дами қоймағандықтанмемлекеттің экономикаға араласуының рөлі қажетті деңгейде болған жөн. Сондықтан жақын келешекте мемлекет нарықтық қатынастардың құқықтық және нормативтік базасын құруға, монополияға қарсы күресуде сенімді шаралар жүргізуге, инфроқұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны тиімді саналады.
2) Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы тұрақтандыру.
3) Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер қатарына жатқызылады.
4) Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту.
5) Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен аяқталған болып есептеледі. Бірақ та, енді акциялардың айналымы процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды және тиімді пайдалану қажет.
6) Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет, сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты міндеттерінің бірі болып табылады.
7) Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру. Оның мақсаты — экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу.
8) Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет. Шетел инвестициялары негізінентабиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға, аймақаралық ірі көлік және информациялық орталықтар салуға жұмсалады. Бұл болса өз кезегінде экономикалық өсуді, әлеуметтік өрісті дамытуды, және Қазақстанның халықаралық қоғамдарға интеграциялануын қамтамасыз етеді.
9) Дүниежүзілік тәжірбиеден туындап отырған Қазақстан үшін технологиялық стратегияны қалыптастыру. Бұл қағида еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология мен ғылымды қажет ететін өндірістерге бет бұруды көздейді.
Бірақ та, жақын арада Қазақстанда мұнай-газ көлемі едәуір өсе түсуде және қазбалар шығаратын өнеркәсіптің көлемі де арта түсуде. Сондықтан тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмауымыз үшін, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, өңдеу салаларын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризімді дамытуды қолға алу қажет.
10) Өндірісті диверсификациялау. Қазіргі кезде Қазақстандық шикі заттардан басқа өнімдер әлем нарығында бәсекелестікке қабілеттілігі жоқ, осының нәтижесінде республиканың шикізат құрылымды өндіріске құлдырауда. Сондықтан мемлекет диверсификацияның пәрменді индустриялдық саясатына кірісіп, назарды «макро» деңгейге аударуға тиіс.
Бастапқы нөлдік кезеңде (1998-2000 ж.ж.) экономикалық өсу келесі бағыттарда жүргізілді:
Ал қазіргі күнде Қазақстан стратегиялық бағдарламаның бірінші кезеңінде (2001-2010 ж.ж.) тұр. Бұл кезеңде келесідей мақсаттарды жүзеге асыру көзделген:
Соңғы жылдары Қазақстанда
мароэкономикалық тұрақтануы байқалуда.
Бұл мемлекеттің бюджетнің
Егер инфляция шектен тыс асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен көзделіп отырған стратегиялық ұмтылыстарға сай келмесе, ал өсім қойылымдары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, алға қойған мақсаттардың іске асу мүмкіндігі тарылады. Қазіргі таңда Қазақстанда инфляция тұрақты деңгейге түсіп, елдің стратегиялық күшті экономикалық ілгері бағытталуына септігін тигізуде. Бұл орайда Қазақстан үшін экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа басты назар аудару қажет.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайту көзделген.
2010 жылға дейінгі бірінші
кезеңде өз мүмкіндіктері мен
бәсекелестік қабілеті
Экономикалық өсудің Қазақстан экономикасы үшін маңызды екені баршамызға белгілі. Қарқынды экономика жағдайы халықтың әлеуметтік мәселелерін қаржыландыруын шешіп, қоғамды жемқорлық пен қымыскерліктен сақтайды . Сондықтан да бұл басымдылық бүгін де, ертең де өз құнын жоймайтын маңызды концепциялардың бірі болып қала береді.
2.2 Қазақстан Республикасының экономикасын өсірудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және шектеулі ресурстар
Табиғи ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшiн ресурстық әлеуеттi сақтау. Халықтың күтiлiп отырған өсуiне және онымен байланысты ресурспен қамтамасыз етiлудiң азаюына байланысты табиғи ресурстардың әлемдiк ауқымдағы шектеулiлiгi 21-ғасырдың ортасына қарай жаһандық сипаттағы проблемаларды туындатуы мүмкiн.
Қазақстан аумақтарының
табиғи ресурстарын пайдалану
Бұл туындап отырған
шикiзат базасын кеңейту
Табиғи ресурстарды пайдаланудың аса маңызды шарты табиғи ортаға экологиялық әсердi азайту болады. Тиiстi табиғи ресурстарды (жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) пайдалану және сақтау жөнiндегi тұжырымдамалар, бағдарламалар, iс-шаралар өңiрлер мен елдi кеңiстiктi дамытудың және оның халқын таратып орналастырудың перспективалы схемаларын әзiрлеумен және iске асырумен өзара кешендi байланыста болады.
Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының орасан зор қорына ие. Шетел қорының потенциялдық құны 9 трилионға долларға бағаланады. Дәстүрлі энергетикалық ресурстардың көздерінен, басқа республикада күн және жол энергиясын пайдалану әлдеқайда тиімді.
Бірақта, алғашқы кезеңде республика өзінің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Оған себеп, қажетті инфрақұрылымның жоқтығы, ал қажетті қатынас жолдардың, құбырлардың жоқтығы, мұнайды және газды сыртқы нарыққа экспорттай алмауы. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды орындау үшін табыс табудың мүмкіншілігін күрт төмендетуге алып келді. «Қазақстан 2030» стратегиясының міндеті өнiмдiлiгi жоғары және экологиялық бағдарланған бейiмдi жерді пайдалануды қалыптастыру, жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында энергетикалық ресурстарды пайдаланудың келесідей бағыттары көзделген.
Қазақстан өзінің стратегиялық ресурстарын қатаң бақылауға алып, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін жинақтауға негіздеу. Қазақстан Каспий құбыр консорциум (КҚК) 2000 жылы іске қосылды. Бұдан өзге Жерорта теңізіне Парсы шығанағына, Арал теңізіне және Қытайға шығатын альтернативті құбырларды қаржылау және салу мәселелерін талқылау.
Энергетиканы Қазақстандық өнеркәсіпке, тұрғын үйлерге және халықаралық нарыққа шығару үшін газ құбырларын салу. Каспий жағасындағы мұнайды, Қарашығанақ газ конденсат кен орнындағы газды барлау, шығару және тасымалдау жөніндегі келісімдерге қол қоюды көздеу. Рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану мен сақтауды (қалпына келтiрудi) қамтамасыз ету.
Қазiргi кезеңде қоғамның рекреациялық қажеттiлiгiнiң үнемi өсуi (демалу және денсаулықты қалпына келтiру), сондай-ақ туризмдi экономиканың рекреациялық ресурстарды пайдаланатын дербес саласына айналдыру рекреацияға арналған анағұрлым перспективалық ресурстарды рекреациялық жетiстiктердi бағалау негiзiнде неғұрлым дәл бiрдейлендiрудi талап етедi.
Әлеуеттi рекреациялық ресурстарды
пайдалану бүгiннiң өзiнде
Ресурстар шектеулігі - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады. Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
- Эконо.микалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың
максаты мен міндетін
- Атаулы негізде яғни
жоспарлардағы көрсеткішті
Кешенді негізде,
яғни ұдайы өндіріс пен
2.3 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру бағдарламасы
Экономикалық ілгерілеу біздің азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес.
Информация о работе Қазақстан республикасының «2030» стратегиялық даму бағдарламасы