Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы» болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.
1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.......................................5
1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы...................................... 12
1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы............................................................................15
II Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамы................17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі........................21
2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары...............................................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Алайда  қаржы қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санаудұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жасалаын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады.Ақша  қатынастары жалпы алғандақаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың тқозғалысымен  байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы шығандарының барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау ,өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу,өзіндік құндыкалькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау ,ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау,ақша айналысын реттеу және  басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және  кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды.Себебі мемлекет бұл жерде ақша  қатынастарын азаматтық - құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі  болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.

      Қаржының  ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары  жағынан да айырмашылығы бар. Ақша –  бұл ең алдымен ассоциацияландырылған  өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды  және объективті сипатта болады.

      Ұдайы өндіріс процесінің түрлі статияларына жеке экономикалық категориялардың  қатысу дәрежесі бірдей емес. Ақшаның  нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс  процесінің екінші және үшінші статьяларында  бөлуде жәнее айырбастауда болады. Екінші статьяда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады. Және оның щеттелуі мен бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен қатар немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшауланумен бір иеленушінің шеңберінде сипатталады. Үшінші статьяда бөлінген құн ақша нысанындағы тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды.  Сөйтіп ұдайы өндірістің екінші статьясында құнның ақша нысанының біржақты қозғалысының орны болады. Үшінші статьяда құндардың екіжақты қозғалысы болады. Оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады. Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну статьяларында мұндай қозғалыстың болмуы олардың қаржыны пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген  құн ақша нысанында тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу сату актілері жасалатын айырбастауда қаржыға орын жоқ. Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу статьясында асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып есептеледі. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастары пайда болып іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу статьясы болып табылады.   

      Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен  бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды  белгілері болып табылады. Оның ақтық  белгілері емес аса маңызды бұл белгілер бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де ортақ. Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары істің шын мәнінде қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

      Қаржы бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілерде  және мемлекеттерде ақшалай табыстар мен қорланымдарда қалыптастыру мен сонысмен бірге оларды ұдайы  ұлғаймалы өндіріске қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруғы пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.

      Қаржының  мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты  тауар ақша қатынастарын болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болунан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып оларды пайдаланудың әртүрлі нысандар жасай алады. Төлемдердің әртүрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді. Шаруашылық жүргізу сферасфында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы-өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттіліктеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Қаржының басты арналымы табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша ресурсының құрамы мен құралымының өзгеруіне жеткізеді. Қаржы ресурстары болмаса қаржы механизімі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдаланып мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды.

      Мемлекет  дәстүрлі функциялардан басқа шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық фунцияларды орындайды. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді. Басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады. Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық тауарлар» деп аталатындары – мемлекет қаржыландырылатын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халыпты әлеуметтік қорғау, кепілдемелі деңгейде жатады.  
 
 

1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы. 

      Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси фунцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен сойиумдағы сан-алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

      Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттік қаржысы  мемлекеттің, оның кәсіпорындарының  қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен  оның кәсіпорындарының фунцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

      Мемлекет, бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.

      Ішкі  ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда  мемлекеттің шығыстары көлемінің  озыңқы қарқынымен өсуі мемлекеттің  қаржыларына тән сиапт болып  табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы  несміс экономисі Вагнердің заңы – «өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А.Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін 3 фактормен байланыстырды:

      1. экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудық қажеттілігін жеткізді.

      2. техника мен технологияның дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады. Мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс.

      3. көрсетілетін қызметтерден болатын  пайда экономикалық бағалауға  төзбейтін білім беру және  денсаулық сақтау сфераларында  мемлекет белсенділікті күшейтеді.  Сөйтіп А.Вагнердің заңы нарықтық  шаруашылықты белгілі бір шектеулігін және экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді. Мемлекет қаржысының фунциялары экономикалық категория болып келеді. Бұл бөлу мен бақылау функциялары. Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысы неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттілігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн.

      1) орналастыру

    2) қайта бөлгіштік

    3) тұрақтандыру  қосалқы фунциялары.

      Орналастыру қосалқы функциялары қоғамдық тауарлар игіліктер мен қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажеттілігінде көрінеді. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есеьінен қалыптасатындықтан жекеше рыноктық тауарларды өндірудің үмкіндіктері шектелінеді. Оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін. Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады: табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық трансферттік тәсіл арқылы баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардың төмен табыс болатын тұрғын үй секілді қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогресмсивті салықтар орындалуы мүмкін. Ақырында қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын тауарлардың қаражаттандыруды ұштастыру арқылы жетуі мүмкін. Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйін нәтижелерін ескере отырып жоғары жұмыспен қамтуға бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге дайын. Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай емес, олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды. Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергшілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік және жергіліктьі қаржылар болып бөлінеді.

      Мемлекет  қаржысының құрамында республикалық  және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыста маңызды роль атқарады. Қазақстан республикасының аумағында жалпы фунцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Ол мемлекеттік мақсатты қаржыландыруға қарулы күштер мен басақру органдарды ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған. Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды роль беріледі. Жергілікті бюджеттер өндіргіш күштерді орналастыруғы ықпал етеді. Еңбек ресурсының ұдайы өсіне көмектеседі.  Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді. Қорлардың дербестігі актқарушы органдардың қатысуынсыз дербес басқаруды қажет етеді. Мемлекеттік секторлардың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді.  Республикалық қазына мыналарды қамтиды:

1) республикалық  бюджеттің қаражаттары,

2) мемлекеттің  алтын – валюта қаражаттары,

3) мемлекеттік  меншіктің құқығы, жер, өсімдік  жануарлар, табиғи ресурстар. 

1.3. Қаржы жүйесінің  ұғымы. 

       «Қаржы    жүйесінің»    ұғымы  қаржы ұғымының  одан  әрі  дамуы  және  нақтылана  түсуі  болоып  табылады.

      Елдің   біртұтас  қаржы  жүйесі  тиісті  ақша  қорлары  құрылып,  пайдаланылатын   қатынастарың, сонымен  бірге  бұл қатынастарды  ұйымдастыратын  органдардың  жиынтығын  қамтиды.Қаржы  жүйесінің  ұғымы  кейде тар мағынада, тек  мемлекеттің  қаржы  мекемелерінің  жиынтығы  ретінде  қолданылады,  бұл жеткіліксіз.

        Өзінің  тарихи  дамуында  қаржы  жүйесі  ұзақ   эвалюциядан  өтті. Қаржы  қатынастарының  пайда  болуы кезінде  қаржы  жүйесі,  жалпыға  мәлім,  әдетте, бір ғана  буынмен -  мемлекеттік  бюджетпен  шектеледі. Классикалық   каптализм  жағдайында  батыстың  көптеген өркениетті  елдерінің,  соның  ішінде  бұрынғы  КСРО – ның  қаржы  жүйесін  екі  негізгі   буын -  мемлекеттік бюджет  пен жергілікті  қаржылар  құрады.  Олар  ақша  қорларын  қалыптастыруға  мүмкіндік берді,  бұл буындардың  көмегімен мемлекет  өзінің  саяси және  экономикалық  функцияларын  орындап отырды.

     Қаржы  жүйесі  терминінің   жоғарыда  келтірілген  анықтамасында  қаржының  мәнділік  сипаттамасын,  оның  қоғамдық  -  экономикалық  процестегі   орнын  негіздей  отырып,  қаржы жүйесін  сыныптаудың  қағидалы  үлгісі  қойылған. Осы критерийге  сәйкес  қаржы  жүйесі  мынадай  үш  бөлікті  қамтиды:

          1) каржы   қатынастарының  жиынтығы;

          2) ақша  қорларының  жиынтығы;

          3)  басқарудың  қаржы аппараты.

   Ақша  қорларының  қозғалысына  байланысты  мемлекет, шаруашылық  жүргізуші  субъектілер, салалар,  аймақтар  және  жеке  азаматтар  арасында  пайда  болатын  экономикалық, ақша  ктынастарының  жиынтығы  қаржы  қатынастарын  құрайды.

     Қаржы  қатынастары  негізінен  мына  екі  сфераны  қамтиды:

  1) мемлекеттік бюджетке  жинақталатын  мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорларын  қалыптастырып,  пайдаланумен  байланысты  болатын      экономикалық  ақша  қатынастары;   

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы