Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы» болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
I Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.
1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.......................................5
1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы...................................... 12
1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы............................................................................15
II Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі.
2.1. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамы................17
2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі........................21
2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары...............................................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы.doc

— 172.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 
 

                                                       

                                                    

                 Курстық жұмыс

               Экономикалық  теория негіздері пәні 
 

Тақырыбы:

«Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы». 

                                                            Орындаған:  

                                                     

                                                    Тексерген:

                                                   
 

                               Қарағанды 2009 жыл 

Жоспар: 

Кіріспе.....................................................................................................................3 

I  Қаржы және қаржы  жүйесінің экономикалық мәні. 

1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні мен қажеттілігі.......................................5 

1.2. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы...................................... 12 

1.3. Қаржы жүйесінің ұғымы............................................................................15 

II  Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесі. 

2.1. Қазақстан Республикасындағы   қаржы жүйесінің  құрамы................17 

2.2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызды ролі........................21 

2.3. Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдары...............................................................................................................25 

Қорытынды..........................................................................................................28 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30 
 
 
 
 
 

Кіріспе. 

      Берілген  курстық жұмыстың тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы» болып табылады. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Соңғы мәліметтерге сәйкес ТМД елдерінің ішінде Қазақстан экономикалық жағынан ең дамыған үш мемлекеттің құрамына кіреді. Бірақ әлі де экономиккалық-саяси жағдайда көптеген мәселелер зерттеуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты экономика саласында қаржы жүйесі ерекше орынды алады.

      Нарықтық  қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде  де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы  – нарықтық қатынастардың құрамды  бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік - экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс әрекет етуінің ерекшеліктерінің терең  ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұлым толық және өтімді ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

      Жалпы алғанда ол тауар – ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің  табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді. 

      Берілген  курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін  кең ауқымда қарастыру болып  табылады. Осыған байланысты жұмысқа  төмендегідей міндеттер жүктеледі:

  • Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәнін талдап, қаржы ұғымының мәні мен қажеттіліктеріне шолу жасау;
  • Мемлекеттің қаржы жүйесінің мәніне тоқталу;
  • Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің құрамын талдау;
  • Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәніне тоқталу;
  • Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдірудің жолдарына тоқталып өту;

      Негізінен қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі – материалистік диалектикалық – тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

      Қаржы жүйесін жақсы білу -  қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін жақсы айыру, олардың сыныптамасын, әлеуметтік- экономикалық процестердегі маңызы мен орнын  біліп алудағы теориялық  және практикалық  жағынан әзірлігін қамтамасыз етіп; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара  байланысы мен  іс - әрекетін  және оны қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының  нақтылы  жағдайларында  қолданудың  әдістерін түсінуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Негізінен  экономика дамуының  қазіргі кезеңінде  қаржы  жүйесін  жетілдірудің  міндеттері  өндірісті кеңінен  демократияландырумен,  коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық  жүргізудің экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты  болып отыр. Ақшалай  табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы  қаржы жүйесі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді  түрде әсер етеді.

      Берілген  курстық жұмысты жазу барысында  қаржы жүйесін кең ауқымда зерттеген экономика ғылымдарының мамандары С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, Қ.Ілиясов, Ө.К.Шеденов, Г.М.Осипова, С.Құлпыбаевтың еңбектеріне сүйеніп, мерзімді басылым беттеріндегі соңғы мәліметтерді қарастырдым. 
 
 
 
 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

I Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні.

1.1. Қаржы ұғымы және оның мәні  мен қажеттілігі. 

      Қаржы «қолма-қол ақша»,  «табыс» ұғымын білдіретін ортағасырдағы латын  тілінің financia сөзінен шыққан. Қоғамда нақты өмір сүретін объективті сипатымен айрықша қоғамдың арналымы бар қоғамдық өндірісті білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып, көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресірстағы қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты.

      Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары тауар-ақша қатынастарын қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Түрлі қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:

      - әртүрлі қоғамдық формацияға  қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

      - кез-келген қоғамдық-экономикалық  формацияда қаржы билеуші таптың  мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

      - өндірістің жаңа әдісі шаруашылық  қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және  феодалдық формацияларға натуралды  қатынастар сәйкес келсе, мемлекет  табысының қалыптасуына да көбінесе  натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар ақша шаруашылығы болып табылады. Тіиісінше мемлекеттің табысы да ақшаның санында қалыптасады.

      Егер  мемлекет басқару органы ретәінде қалыптасқан  өндірістік қатынастардың ұдайы  өндірісімен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

      Құн категорияларының жүйесінде қаржы  белгілі бір орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге  ұдайы өндірістегі өзгешелік  ролімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стратегиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан жіәне бағадан айтарлықтай айырмашалығы бар.

      Қаржының  пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар  өндірісі болып есептеледі.тауар  өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық заттай факторларының айырмашылығы, олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әртүрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің  салдарынан  шығындар мен   еңбек  нәтижелерін  өлшеудің   қажырлы  еңбектің   және  жұмсалынған   күш – жігерге   баламалы  тұтынудың   өлшемін ескерке алатын  айрықша механизімнің  объективті  қажеттігі туады.

     Ұдайы  өндіріс процесінің  үздіксіз  жалғасып  жататын  белгілі  өндіру,  бөлу, айырбастау және  тұтыну  стадиялары  оның қатысушылары  арасында   тауар қатынастарының болуын  айқындайды,  өйткені  өндірілген  өнімдер   сатып алу- сатуға  жататын  тауарлар  ретінде   болады: өнім  оны тұтынудан  бұрын  айырбастау   және  бөлу стадияларынан  өтеді. Сонымен  бірге  материялдық  өндіріс  қатысушыларының  ғана  емес,  қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының    қажеттіліктері  мен  мүдделері  қанағаттандырылуы  тиіс. Осыған  орай  олар мамандандырылған  еңбектің, орындалатын  қызметтердің  нәтижелері  мен,  әр түрлі  өндірілетін  игіліктер мен  олардың  санымен сапасына  сәйкес айырбасталуы  тиіс. Тек  өндірілген еңбек  өнімдері  айырбасталғанда,  оларды  белгілі  бір  ақшалай  баламамен  өткізгенде  өндірушілердің  ақшалай  түсімі  жасалады.Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға бірдей балама ретіндегі ақшаның  көмегіімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық өнімнің натуралдық – заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық – заттай  нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір сүре алмайды.

      Қоғамдық  өнімнің нақтылы іске асырылуының  екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының  қажеттіліктеріне сәйкес түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл  үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады. Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан-алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады. Және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

      Экономикалық  өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әртүрлі қатысушылар  қаражаттарының қозғалысы түрінде  болып жатады. Құбылыстар бетінде  бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен  қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу табысты бөлу және кәсіпорындарды, фирмаларда, ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспорталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа бір иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсаса қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

      «Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын  экономикалық қатынастардың кең  ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатыстарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетті.

      Экономиканың  жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі  реттеуіш тауардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

      Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың  ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша  ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

         Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау ,бөлужәне қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті  пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.Қаржының басты белгілерінің бірі- тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысы мен  қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы қаржы құрылымы